Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жаңартылған саяси бағыт

Жаңартылған саяси бағыт

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қарағандыда «Amanat» партиясының облыстық филиа­лында «Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақы­рыбында ғылыми және сараптамалық қауым­дастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бас­қосуда елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаң­ғыр­туға бағыт­талған конституциялық рефор­ма­ның мән-маңызы, сондай-ақ мемлекет дамуының жаңа кезеңінде өңір­лердің атқарар қызметі кеңінен тал­қы­ланды.

Жиынға мемлекеттік орган­дар­ өкілдері, ғылыми және сарап­шы­лық қауымдастық мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым­дардың өкілдері, жоғары оқу орын­дарының ғалымдары мен жас­тар ұйымдарының белсенділері қа­тысты. Қатысушылар жаңа Конституцияның елдің қоғамдық-сая­си дамуына ықпалы туралы пікір алмасып, оның өңірлік саясатты же­тіл­дірудегі рөлін талқылады.

Жиында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа Конституция еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа кезеңнің бастауына айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып қана қоймай, өңір­лердің ел дамуына қосатын үлесін арттыру.

– Жаңа Конституцияның бас­ты қағидаты – адамға бағдарлану. Яғни мемлекет саясатының өзегінде адам және оның қажеттіліктері тұр­ады. Бұл, ең алдымен, атқару­шы билікке, соның ішінде өңір­лік әкімдіктерге қойылатын нақ­ты талап. Индустриялық-тех­но­ло­гиялық өңір саналатын Қара­ған­ды облысы үшін негізгі заң жобасында көрініс тапқан жаңа идеологиялық ұстанымдардың маңызы ерекше. Еңбекқорлық, прогресс, білім құндылықтары мен жо­ғары экологиялық мәдениет – қо­ғам дамуының жаңа бағдарын айқындайды. Жаңа Конституция жұ­мыспен қамту, цифрландыру, қор­шаған ортаны қорғау және адам капи­талын дамытуға бағытталған ұзақ­мерзімді бағдарламаларды тұ­рақты қолдаудың берік құқықтық негі­зін қалыптастырады, – деді өңір басшысы.

Конституциялық реформаның негізгі міндеттерінің  бірі – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту. Осы тұрғыда Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов сот жүйесін жаңғырту мен оның тәуелсіздігін қам­тамасыз ету мәселелеріне тоқ­тал­ды.

Ол жаңа Конс­титуцияның қол­даныс­тағы Конституциядан айырмашылығы, не себепті дәл қазір жаңа Консти­ту­ция қабылдау қажет екенін, бұл өзгерістер сот пен құқық қорғау жүйесіне қалай әсер ететінін түсіндірді.

Оның айтуынша, 1995 жылы  қабылданған Конс­титуция тәуелсіздігін енді ал­ған жас мемлекеттің қалып­та­­суына қызмет етті. Ал жаңа Кон­с­титуция еліміздің мың­жылдық тарихы бар мемлекет екенін, Ұлы дала өркениетінің мұра­гері екенін айқындап, тәуел­сіздік пен жер тұтастығын өзгер­мей­тін басты құндылық ретінде бекітеді.

– Егер Конституция заман талабынан қалып қойса, бұл мемлекет үшін ең қауіпті жағдайға айналады. Конституция – дәуірдің тілі, қоғамның айнасы. Айна ескірсе, бүгінгі шындықты көру қиын. Ал шындықты көрмеген мемлекет ертең дұрыс шешім қабылдай алмайды, – деді сенатор.

Оның айтуынша, жаңа құжат қазіргі геосаяси жағдайды, қоғам­дағы өзгерістерді және ұлттық қа­уіп­сіздік мәселелерін ескере оты­­рып әзірленген. Сонымен бірге азаматтардың құқықтарын қор­­ғауға бағытталған бірқатар маңызды нормалар енгізілген. Атап айтқанда, адамды тек өз мойын­дауы негізінде соттауға тыйым салу, ұсталған сәттен бастап адвокат көмегін алу құқығын қам­тамасыз ету, судьялардың тәуел­сіздігін нығайту және құқық­тық ке­пілдіктерді арттыру қарас­ты­рыл­ған.

Жиында сөз алған Қарағанды индустриялық университетінің басқарма төрағасы – ректор Бақыт Жәутіков ғылыми қауым­дастықтың жаңа саяси жүйені қа­лыптастырудағы рөліне тоқ­талды. Оның пікірінше, ака­демиялық орта азамат­тық мә­дениет­ті дамытуда, сарап­та­ма­лық талдау жүргізуде және жаңа қоғамдық-саяси институттар үшін кәсіби кадрлар даярлауда маңызды қызмет атқарады.

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің заң қыз­меті департаментінің директоры Серік Беркамалов еңбек құқық­тарын қорғаудың құқықтық тетік­терін жетілдіру мәселелеріне тоқ­талып, еңбек заңнамасын жаң­ғыр­ту әлеуметтік әділеттілікті қамта­ма­сыз етудің маңызды шарты екенін айтты.

Экологиялық тұрақтылық мә­се­лелері де жиын барысында кеңі­нен сөз болды. «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Елдос Абақанов табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен энергия үнемдеу саясатының қазіргі мемлекеттік басқарудағы маңызды бағыттардың біріне айналғанын атап өтті.

Ал «Amanat» партиясы Қараған­ды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков жаңартылған саяси архитектура жағдайында партиялық жүйені дамыту мәселесіне тоқталса, Ген­дерлік теңдік мәселелері жөнін­дегі облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Айжан Қиясова жаңа Конституцияның отбасы институтын нығайтудағы рөлін айтып өтті.  Ол отбасылық құн­ды­лық­тарды қолдау мен әйел­дер мен ерлердің тең мүмкін­дік­терін қамтамасыз ету қоғамның тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі екенін айтты.

Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерболат Закиров жас­тар­дың қоғамдық-саяси өмір­дегі белсенділігіне тоқталып, Әділетті Қазақстанды құру жолында жас буынның бастамалары мен идеялары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Жастар – кез келген мемлекет­тің болашағы. Сондықтан олардың қоғам­дық өмірге белсенді араласуы, ел дамуына өз үлесін қосуы аса маңызды. Жаңа реформалар жас­тар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны анық, – деді ол.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар конституциялық реформаның маңызын жан-жақты тал­қылап, қоғамдық диалогті да­мыту мен сарапшылық пікір алма­су­ды күшейтудің қажеттігін атап өтті. Сарапшылардың пікірін­ше, өңірлердің бастамалары мен ұсыныстары елдің жаңа инсти­ту­цио­налдық архитектурасын қалып­тас­тыруда ерекше рөл атқарады.

Жиын соңында қатысушылар конституциялық реформаны сарапшылық тұрғыдан қолдау, қоғамдық диалогті нығайту және жаңа қоғамдық-саяси жүйені қалыптастыру үдерісіне өңірлердің белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті. Сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ортақ пайымынша, жаңа Конституция Қазақстанның демократиялық даму жолын нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға және өңірлердің әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Ақылға бірлік

Пікір • Бүгін, 09:00

Шетел сарапшылары: Қазақстандағы реформа несімен құнды?

Ата заң • Бүгін, 08:55

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Әлем • Бүгін, 08:50

Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы

Әдебиет • Бүгін, 08:45

Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу

Жәдігер • Бүгін, 08:40

Би мен музыканың үйлесімі

Өнер • Бүгін, 08:35

Өңдеу өнеркәсібіндегі соны серпін

Экономика • Бүгін, 08:30

Ертіс-Баяндағы «Ғашықтар хикаясы»

Театр • Бүгін, 08:25

Қауіп айтып келмейді

Мәселе • Бүгін, 08:20

Ауыл шаруашылығы кооперациясы: Оларды ынталандыру тәсілі қандай?

Шаруашылық • Бүгін, 08:17

Сәбиге – ауылнай сыйлығы

Қоғам • Бүгін, 08:15

Табиғи нанның дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:12

50 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Сыры терең сатира

Сатира • Бүгін, 08:07

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:05

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:244
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары