Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиев Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керек екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Кісі өлтіру, басқа да қоғамға қауіпті қылмыстар кідірісті көтермейтіні анық. Қылмысты тоқтату, күдіктіні дереу оқшаулау – құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі. Тек осыдан кейін ғана сот оны күзетпен ұстау туралы шешімді қабылдайды. Бұл дүниежүзілік тәжірибе саналады. Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керек. Сондықтан талқылаудағы осы норманы заң техникасы тұрғысынан қайта қарап, нақтылауды ұсынамын.
Ең маңыздысы, Ата Заңның жобасын талқылау халықтан алшақ емес, онымен бірге талқыланып жатыр. Оның әр нормасы елдің бүгінгі тұрақтылығы мен ертеңгі игілігіне бағытталған, – деп атап өтті Жандос Өміралиев.