Жандос Өміралиев: Қылмысты тоқтату, күдіктіні дереу оқшаулау құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиев Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керек екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Кісі өлтіру, басқа да қоғамға қауіпті қылмыстар кідірісті көтермейтіні анық. Қылмысты тоқтату, күдіктіні дереу оқшаулау – құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі. Тек осыдан кейін ғана сот оны күзетпен ұстау туралы шешімді қабылдайды. Бұл дүниежүзілік тәжірибе саналады. Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керек. Сондықтан талқылаудағы осы норманы заң техникасы тұрғысынан қайта қарап, нақтылауды ұсынамын.
Ең маңыздысы, Ата Заңның жобасын талқылау халықтан алшақ емес, онымен бірге талқыланып жатыр. Оның әр нормасы елдің бүгінгі тұрақтылығы мен ертеңгі игілігіне бағытталған, – деп атап өтті Жандос Өміралиев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:18
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 17:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















