Жақсылық жасау жауапкершілік

30.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қоғамда еріктілердің атқарып жүрген еңбегі орасан. Солардың бірі – Жанел Айыпова есімді жас ерікті үнемі ізгілікті істің басы-қасында жүреді. «Ерікті қызметім – еріккеннен емес, жастық жігеріммен жан-жағыма үлесімді қосқым келгенінен», дейді жас жанашыр. Жақсылық жасауды жауапкершілік деп қарайтын қаршадай ғана қыздың қажыр-қайратына жан-жағындағылар да таңырқай қарайды.

Қоғамның кемелденуі, ізгі­лік­тің салтанат құруы ең алдымен азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты ғой. Осы жауапкершілікті жаста­йынан сезініп, еріктілік қызметті қағидатына айналдырған жастардың қатары күн өткен са­йын көбейіп келеді. Біз таныс­тыр­ғалы отырған белсенді Жанел Аманжолқызы – Қарағанды об­лыс­тық «VolteQ» волонтерлік кор­пу­сын­дағы жетекші жастардың бірі.

Жанел 18 жаста. Қазіргі таңда ол «Шет тілдер колледжі» педа­го­гикалық факультетінің 4-курс студенті. Жас болса да, во­лон­­терлік қызметпен үш жылдан бері тұрақты айналысып жүр.

Еріктілікке нақты қадамы 2023 жылы Қарағанды облыстық «VolteQ» волонтерлік корпусына қосылған сәттен басталады. Дәл осы ортада ол волонтерліктің жү­йелі, жоспарлы әрі нәтижеге бағыт­талған қызмет екенін түсі­неді. Зооволонтерлікпен қатар әлеуметтік, экологиялық, мәдени және ивенттік бағыттардағы жоба­­ларға араласа жүріп, ерікті болу­дың қоғамды өзгертудегі нақты құрал екенін ұғынды.

2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «VolteQ» корпусы бүгінде облыстағы волонтерлік қозғалыстың маңызды тірегіне айналған. Корпус облыстық Жас­тар ресурстық орталығының қол­дауымен жұмыс істеп, ерік­ті­лер­ге ұйымдастырушылық, моти­ва­ция­лық және ынталандыру бағы­тын­да жан-жақты көмек көрсетеді. Мұнда әр волонтердің еңбегі еске­рі­ліп, бас­тамалары қолдау табады.

Жанел қатысып жүрген негіз­гі жобалардың қатарында қарт­тарға қамқорлық көрсетуге бағыт­тал­ған «Jas Qaria», жануарлар панажайларына көмек беретін «Tirshilik Ieleri», сондай-ақ емде­лу­ге мұқтаж жандарға қаржы жи­науды көздейтін «JarmenQ» қайы­рымдылық жобасы бар. Бұл бастамалардың барлығы қоғам­дағы нақты әлеуметтік мәсе­ле­лерге бағыт­­талғанымен құнды.

Ерекше атап өтерлігі – корпус волонтерлерінің авторлық жобалары да гранттық қолдауға ие болып отыр. Табиғатты қорғауға бағытталған «Sayahattime» жобасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосса, «Bilim Bus» жобасы шалғай елді мекен­­­дер­дегі балалардың білім алу мүм­кін­дігін кеңейтуде. Бұл жоба­лар аясында қаржылық сауат­ты­лық, жасанды интеллектіні пайдалану және базалық білім беру бағыттары қамтылған.

Былтырғы жыл Жанел үшін кәсі­би әрі тұлғалық тұрғыдан маңыз­ды кезең болды. Ол волон­тер­­лік қызмет бойынша тренер атанып, Азаматтық бастамалар­ды қолдау орталығының бір мил­лион теңге көлеміндегі грантын жеңіп алды. Сонымен қоса, жан­уар­лар­ға жанашырлық көз­қа­рас қа­лыптастыратын әңгіме­ле­рін кітап етіп шығарды.

Еңбегі ескерусіз емес. Жанел «Жыл волонтері – 2025» халық­ара­лық сыйлығының «Жан­уар­­ларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша лауреа­ты атанды.

Қазір «JarmenQ» жобасы аясын­­да Қарағанды қаласында қайы­­­рым­­­дылық керуен-жәр­мең­кесі ұйым­­­дастырылып жатыр. Жаны ізгі Жанел сол шар­уа­ның басы-қасында жүр. Игі іс-шара С.Сәпиев атындағы бокс орта­лы­ғын­да өтіп, жиналған қаражат Арлан Түркенов есімді пациенттің еміне жұмсалады.

«Жанел әріптесіміз «VolteQ» волонтерлік корпусына келген күннен бастап-ақ белсенділігімен және жауапкершілігімен көзге түсті. Түрлі іс-шарада өзін кәсіби қырынан танытып, құнды тәжірибе жинақтады. Республикалық байқау шеңберінде ұйымдастырылған Зеренді волонтерлерді оқыту лагерінен өтіп, Ұлттық волонтерлік желі өткізген тренерлік оқуды сәтті аяқтады. Бүгінде спикерлік қабілеттерін одан әрі дамытып, жаңа белестерді бағындырып жүр. Жан-жануарларға арналған кітабы жарық көріп, кез келген жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыра алатын, еріктілерді бір мақсатқа біріктіре білетін көшбасшы ретінде облысымыздың волонтерлік қоз­ғалысына сүбелі үлес қосып келеді. Осы еңбегі еленіп, «VolteQ» волон­­тер­лік корпусының жетекшісі қыз­метіне тағайындалды», дейді Қарағанды облысының волонтер­лер фронт-офисінің басшысы Ардана Мырзанова.

Жанелдің пайым-парасаты «жауапкершілік пен жанашырлық адамды да, қоғамды да өзгертеді», дейді. Олай болса, жақсы іске жұ­мы­ла кететін жұдырықтай қыз­­дың әр бастамасына сәттілік тілейміз.

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью