Жаркент қаласының оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді | Qazaq24.com
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жетісу облысы Жаркент қаласының оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
«Күзгі асар» деп аталатын шарада балалар өз аулаларындағы жемістер мен өздері пісіріп әкелген тағамдарды саудалап, түскен қаражатты мұқтаж жандардың игілігіне жұмсады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасымен салынған мекемеде жасөспірімдерді ізгілікке баулитын, қарым-қабілетін ашатын 20-дан аса бастама қолға алынып, түрлі үйірме жұмыс істейді.
Сөреде самсап тұрған тағамдардың бәрі қаршадай балалардың қолғабыс етуімен жасалған.
Еңбегімен өзгеге көмек беруге ниеттенген оқушылардың бірі Жәния Нұрланқызы. Ол сыныптастарымен тәтті тоқаштың бірнеше түрін пісіріп әкелді.
Жәния Нұрланқызы, оқушы: - Еттен жасалған тәтті бәліштерді пісіріп алып келдім. Бұл бәліштің бір кусогі 250 теңге тұрады.
Анам екеуіміз сыртын жасап, 3А деп безендердік. Жүрекке ұқсас тортты алмадан жасадық.
Читать полностью
Читать новость