Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Көптеген қазақстандық жаттығу залына немесе бассейнге алынған абонементтің тиімсіздігіне жиі тап болады. Оған көшу, сырқаттану немесе қызығушылықтың жоғалуы сияқты әртүрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Алайда әкімшілер көбіне "ақша қайтарылмайтынын" айтады. Бұл қаншалықты заңды және ақшаңызды қалай қайтаруға болатынын Tengri Life анықтап көрді.
Көптеген қазақстандық жаттығу залына немесе бассейнге алынған абонементтің тиімсіздігіне жиі тап болады. Оған көшу, сырқаттану немесе қызығушылықтың жоғалуы сияқты әртүрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Алайда әкімшілер көбіне "ақша қайтарылмайтынын" айтады. Бұл қаншалықты заңды және ақшаңызды қалай қайтаруға болатынын Tengri Life анықтап көрді.
Азаматтық кодекс пен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы нормалар қаражатты қайтару ережелерін нақты айқындайды. Адвокат Абзал Қасымжановтың сөзінше, заң клиентті қорғайды: егер қызмет түрі бұдан былай сәйкес келмесе, тұтынушы кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы.
"Егер абонемент ішінара пайдаланылса, оның ақшасын қайтаруға болады. Тұтынушы іс жүзінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеген жағдайда, қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Қарапайым тілмен айтқанда: егер бір жылдық абонемент сатып алып, бірақ залға небәрі бір-екі ай ғана барсаңыз, пайдаланылмаған кезең үшін ақшаны қайтаруды талап ете аласыз", – деді Абзал Қасымжанов.
Жауыр болған сұраққа жауап: "Залға бір рет бардым, жылдың қалған бөлігіне ақшамды ала аламын ба?" – Иә, ала аласыз.
Қандай жағдайларда орындаушы ақшаны қайтаруға міндетті?Заңгер орындаушы ақшаны қайтаруға міндетті болатын бірнеше жағдайды атап өтті:
тұтынушы шарттан бас тартатыны туралы алдын ала хабарласа; орындаушы қызметті толық көлемде көрсетпесе; орындаушы өтелуі мүмкін болмайтын нақты шығындарға ұшырамаса."Қайтарылмайтын" тарифтер туралы миф"Бұл ретте ақшаны қайтаруға шектеу қойылуы мүмкін, мысалы, орындаушы қызметті толық көлемде көрсеткенде, шартта орындаушының негізделген нақты шығыстары (мысалы, әкімшілік шығындар) көзделгенде немесе қызмет бір реттік сипатта болып, тұтынушыға көрсетіліп қойған жағдайда", – дейді Абзал Қасымжанов.
Бизнес иелері көбіне келісімшартқа "ақша ешқандай жағдайда қайтарылмайды" деген тармақты қосады. Адвокат Абзал Қасымжанов мұндай талаптарды заңсыз деп атайды.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
Кеше 18:41 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
Кеше 20:44 1
Қайтарылатын соманы қалай есептеу керек?"Орындаушының "ақша қайтарылмайды" деген шарты көп жағдайда заңсыз. Тіпті шартта ақшаның қайтарылмайтыны көрсетілсе де, бұл тұтынушыны қызметтен бас тарту құқығынан айырмайды. Мұндай ережелер тұтынушының құқықтарын шектейтіндіктен, сот арқылы жарамсыз деп танылуы мүмкін", – деп түсіндіреді заңгер.
Абзал Қасымжановтың айтуынша, ақшаны қайтару, әдетте, мына формула бойынша жүзеге асырылады: абонемент құнынан көрсетілген қызметтер мен орындаушының негізделген, расталған шығындары шегеріледі.
Егер спортзал ақшаны қайтармаса, заңгер ресми түрде әрекет етуді ұсынады: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласу және дауды шешу үшін сотқа талап арыз беру қажет.
Жиі кездесетін қателерАдвокат қазақстандықтардың жиі жіберетін қателігі – келісімшарт талаптарын мұқият оқымауы екенін айтады:
Негізгі қорытындылар"Қызмет көрсету шартына қол қоймас бұрын оның ережелерін зерделеу қажет. Тағы бір қателік – тұтынушылар көбіне қызметті алдын ала тексеріп көрмей, бірден ұзақ мерзімге абонемент сатып алады", – деп түйіндеді Абзал Қасымжанов.
Заң тұтынушыны қорғайды және оған ақысын алдын ала төлеген күннің өзінде абонементтен кез келген уақытта бас тартуға мүмкіндік береді. Фитнес-клуб пайдаланылмаған кезең үшін ақшаны қайтаруға міндетті. Бұл ретте бизнес сіз барған күндердің құнын және құжатпен расталатын шығындарды ұстап қалуға құқылы.
Адвокат мынаны баса айтады: келісімшарттағы "ақша қайтарылмайды" деген тармақ көбіне заңға қайшы келеді. Алайда егер клуб қызметті толық көрсеткен болса немесе сізге қызмет көрсетуге нақты шығындар жұмсаған болса, сіз ақшаны қайтара алмайсыз.
Ақшаны қайтарудан бас тартқан жағдайда, тұтынушы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне алады немесе сотқа талап арыз бере алады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу