Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Жаттығу залына жылдық абонемент сатып алып, бір ай ғана бардым Қазақстанда ақшаны қалай қайтаруға болады

Жаттығу залына жылдық абонемент сатып алып, бір ай ғана бардым Қазақстанда ақшаны қалай қайтаруға болады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Көптеген қазақстандық жаттығу залына немесе бассейнге алынған абонементтің тиімсіздігіне жиі тап болады. Оған көшу, сырқаттану немесе қызығушылықтың жоғалуы сияқты әртүрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Алайда әкімшілер көбіне "ақша қайтарылмайтынын" айтады. Бұл қаншалықты заңды және ақшаңызды қалай қайтаруға болатынын Tengri Life анықтап көрді.

Азаматтық кодекс пен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы нормалар қаражатты қайтару ережелерін нақты айқындайды. Адвокат Абзал Қасымжановтың сөзінше, заң клиентті қорғайды: егер қызмет түрі бұдан былай сәйкес келмесе, тұтынушы кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы.

"Егер абонемент ішінара пайдаланылса, оның ақшасын қайтаруға болады. Тұтынушы іс жүзінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеген жағдайда, қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Қарапайым тілмен айтқанда: егер бір жылдық абонемент сатып алып, бірақ залға небәрі бір-екі ай ғана барсаңыз, пайдаланылмаған кезең үшін ақшаны қайтаруды талап ете аласыз", – деді Абзал Қасымжанов.

Жауыр болған сұраққа жауап: "Залға бір рет бардым, жылдың қалған бөлігіне ақшамды ала аламын ба?" – Иә, ала аласыз.

Қандай жағдайларда орындаушы ақшаны қайтаруға міндетті?

Заңгер орындаушы ақшаны қайтаруға міндетті болатын бірнеше жағдайды атап өтті:

тұтынушы шарттан бас тартатыны туралы алдын ала хабарласа; орындаушы қызметті толық көлемде көрсетпесе; орындаушы өтелуі мүмкін болмайтын нақты шығындарға ұшырамаса.

"Бұл ретте ақшаны қайтаруға шектеу қойылуы мүмкін, мысалы, орындаушы қызметті толық көлемде көрсеткенде, шартта орындаушының негізделген нақты шығыстары (мысалы, әкімшілік шығындар) көзделгенде немесе қызмет бір реттік сипатта болып, тұтынушыға көрсетіліп қойған жағдайда", – дейді Абзал Қасымжанов.

"Қайтарылмайтын" тарифтер туралы миф

Бизнес иелері көбіне келісімшартқа "ақша ешқандай жағдайда қайтарылмайды" деген тармақты қосады. Адвокат Абзал Қасымжанов мұндай талаптарды заңсыз деп атайды.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

Кеше 18:41 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

Кеше 20:44 1

"Орындаушының "ақша қайтарылмайды" деген шарты көп жағдайда заңсыз. Тіпті шартта ақшаның қайтарылмайтыны көрсетілсе де, бұл тұтынушыны қызметтен бас тарту құқығынан айырмайды. Мұндай ережелер тұтынушының құқықтарын шектейтіндіктен, сот арқылы жарамсыз деп танылуы мүмкін", – деп түсіндіреді заңгер.

Қайтарылатын соманы қалай есептеу керек?

Абзал Қасымжановтың айтуынша, ақшаны қайтару, әдетте, мына формула бойынша жүзеге асырылады: абонемент құнынан көрсетілген қызметтер мен орындаушының негізделген, расталған шығындары шегеріледі.

Егер спортзал ақшаны қайтармаса, заңгер ресми түрде әрекет етуді ұсынады: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласу және дауды шешу үшін сотқа талап арыз беру қажет.

Жиі кездесетін қателер

Адвокат қазақстандықтардың жиі жіберетін қателігі – келісімшарт талаптарын мұқият оқымауы екенін айтады:

"Қызмет көрсету шартына қол қоймас бұрын оның ережелерін зерделеу қажет. Тағы бір қателік – тұтынушылар көбіне қызметті алдын ала тексеріп көрмей, бірден ұзақ мерзімге абонемент сатып алады", – деп түйіндеді Абзал Қасымжанов.

Негізгі қорытындылар

Заң тұтынушыны қорғайды және оған ақысын алдын ала төлеген күннің өзінде абонементтен кез келген уақытта бас тартуға мүмкіндік береді. Фитнес-клуб пайдаланылмаған кезең үшін ақшаны қайтаруға міндетті. Бұл ретте бизнес сіз барған күндердің құнын және құжатпен расталатын шығындарды ұстап қалуға құқылы.

Адвокат мынаны баса айтады: келісімшарттағы "ақша қайтарылмайды" деген тармақ көбіне заңға қайшы келеді. Алайда егер клуб қызметті толық көрсеткен болса немесе сізге қызмет көрсетуге нақты шығындар жұмсаған болса, сіз ақшаны қайтара алмайсыз.

Ақшаны қайтарудан бас тартқан жағдайда, тұтынушы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне алады немесе сотқа талап арыз бере алады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 17:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары