Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ресей отаршылары қазақ жерін бөліске түсіріп, жергілікті халықты ығыстырып жатқанына шыдай алмаған Ағыбай батыр жер дауымен батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа барып, наразылық білдіреді. Мұның Ресейге де қатер төндіретінін батыл айтады. Сөйткен соң екі жақ мәмілеге келген. Ағыбайға тәнті болған генерал-губернатор өзінің қылқалам шеберіне батырдың суретін салдырады. Осы бейнені қыр қазақтарының көсемі ретінде тіркетіп, Эрмитажға жөнелтеді.
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, дала академигі Жазылбек Қуанышбаев 1981 жылы Ленинградқа барған сапарында Эрмитажды аралап жүріп, жүрегі сезгендей сол сурет тұсына аялдап, бұл кімнің бейнесі деген сұрақ қояды. Эрмитаж қызметкерлері бұл Ағыбай батыр дейді. Жазата дереу бар абырой-атағын салып, қаһарман тұлға бейнесінің көшірмесін жасатып елге әкеледі. Сөйтіп, ұрпақтар сабақтастығының тамаша үлгісін көрсетеді. Бұл Ресейден елге оралған алғашқы тарихи құнды жәдігер еді.
Жазата сол кездегі ел басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа ақжолтай Ағыбай батыр бейнесін елге әкелгенін жеткізеді. Д.А.Қонаев қаһарман бабамыздың шынайы келбеті сақталғанына жүрекжарды қуанышын білдіріп, сүйіншісіне Жазатаға Газ-24 «Волга» көлігін сыйлайды. Осы бір жан тебірентерлік оқиғадан батыр, еңбек адамы, ел басшысы арасындағы бабалар мұраты ардақталған жарасымды сабақтастықты көруге болады. Сөйтіп, Жазылбек Қуанышбаев саналы ғұмырында қазақ батырының суретін тұңғыш рет елге жеткізген. Бұл – қазіргі және келешек буынға үлгі болар тарихи оқиға.
Осы тұста Д.Қонаев атамыздың мына сөзі еске түседі: «Мен төрт еңбек ардагеріне айрықша тоқтала кеткенді жөн көремін. Олар – Нұрмолда Алдабергенов, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев, Сағу Шілдебаев. Шынына айтқанда, бұл төрт кісіні халқымыздың төрт бейнесіндей көремін. Ол кісілердің елінің шетіне аяқ іліктірсем соқпай өтпеймін, сәлем бермей кетпеймін. Қай-қайсысымен әңгімелесу жан семіртіп, рухыңды биіктете түседі. Бір-біріне ұқсамайтын тұлғалар, бірақ бірін-бірі толықтырып тұратын қазақ деген халықтың асқақтары қандай болады десеңіздер осы төртеуін айтар едім. Қарапайым, бірақ кісілігі жоғары, мінезге бай, даналықты сырттан іздемей, өз асылымызды бағалай білетін жандар».
Еңбек деген ұлы мектептің төрт арысы осылар. Сол кезеңдегі ел ағасының төрт арысының бірі – Жазылбек Қуанышбаев еді!
Жазата тыңнан түрен түріп, ата-баба кәсібін ғылыммен ұштастырып, нәтижесін барша адамзат игілігіне пайдалануға елеулі еңбек еткен. Қарапайым еңбек адамынан қоғам қайраткері дәрежесіне жеткен, ел-жұртын ыстық ықыласына бөлеген, қазақтың Алтын кітабына есімі түскен тарихи тұлға. Бұл кісінің кеңес одағы кезеңінде атақ-даңқы жер жарды десек артық емес. Қаракөл тұқымдас қойын қазақ жеріне әкеліп жерсіндіріп, әр жүз саулықтан 130, 140-тан төл өргізіп, сол тұстағы абсолюттік көрсеткішке қол жеткізген өз ісінің шебері.
Жазата өндірген қаракөл елтірісі кеңес одағынан тыс шетелдерде өз бағасын алған. АҚШ, Үндістан, Румыния, Польша елдерінде өткен халықаралық көрмелерде жоғары сортты өнім деп танылған. Осындай ерен еңбектің нәтижесінде, 1948 жылы 23 шілдеде бірінші алтын жұлдызын кеудесіне тақса, 1958 жылы тура өзінің туған күні 29 наурызда екінші алтын жұлдыз иеленді.
Қарапайым еңбек адамы Жазата қоғамдық жұмыстан да шет қалмағанын, көрші елде қалған әлгіндей құнды мұраны елге әкелуге күш салғанын жоғарыда жеткіздік. Екі мәрте Еңбек ері, малшылардың маршалы, дала академигі Жазылбек Қуанышбаевтың биылғы 130 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай бір ерлігін еске салып қойғанды жөн деп білеміз.
Ахмет Орынбасар,
өлкетанушы
Соңғы жаңалықтар
Экономика • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?
Сараптама • Бүгін, 08:48
Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады
Қоғам • Бүгін, 08:45
Технология мен ғылымды тоғыстырған
Ғылым • Бүгін, 08:43
Алматы Кремний алқабына айнала ма?
Ғылым • Бүгін, 08:40
Білім • Бүгін, 08:38
Жәдігер • Бүгін, 08:35
Көрме • Бүгін, 08:33
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Әдебиет • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті
Әдебиет • Бүгін, 08:25
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Тұлға • Бүгін, 08:23
Су тасқыны • Бүгін, 08:20
Әдебиет • Бүгін, 08:18