Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астана тұрғындары қазіргі уақытта техника жұмыс істеп жатқан "Жетісу" саябағының тағдырына алаңдап отыр. Кейбірі демалыс аймағының орнына тағы бір тұрғын үй кешені салынуы мүмкін деп болжаған. Бұл жағдайға қатысты Астана әкімдігі TengriHome редакциясына пікір білдірді.
Поделиться
Астана тұрғындары қазіргі уақытта техника жұмыс істеп жатқан "Жетісу" саябағының тағдырына алаңдап отыр. Кейбірі демалыс аймағының орнына тағы бір тұрғын үй кешені салынуы мүмкін деп болжаған. Бұл жағдайға қатысты Астана әкімдігі TengriHome редакциясына пікір білдірді.
"Жетісу" саябағында не болып жатыр?Астаналықтар әлеуметтік желілерде шағымын айтып жатыр.
"Саябаққа серуендеуге келсек, КамАЗ-дар, тракторлар жүр, ағаштарды тамырымен жұлып, асфальтты бұзып жатыр. Тағы бір құрылыс компаниясы ақша беріп, саябақтың дәл ортасына тұрғын үй кешенін немесе қонақүй салмақшы ма?" – деп наразы болды тұрғындар.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға саябақ әкімшілігі жауап берген:
"Әлеуметтік желілерде тараған фото және видеоларда қандай да бір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны көрінбейді. Саябақ – қоғамдық кеңістік болғандықтан, мұнда күндіз көгалдандыру және саябақ инфрақұрылымын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі", – деп мәлімдеді.
Алайда Қазнет қолданушылары ол жерде тұрғын үй кешені салынып жатыр деген болжам жасап, пікірталасты жалғастырып жатыр. Олар тіпті Bayaan деген атауды да атап өткен.
"Жетісу" саябағы өз орнында қалады – Астана әкімдігіАстана әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы саябақта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын растады. Бірақ олардың тұрғын үй құрылысына қатысы жоқ екенін атап өтті.
"Жоба саябақты одан әрі дамытуға бағытталған. Жұмыстар бұрын қараусыз қалған, ұзақ уақыт пайдаланылмаған бос аумақта жүргізіліп жатыр. Бұл жерге жиі қоқыс тасталып, аумағы күтімсіз күйде болған. Жоба аясында қосымша ағаштар отырғызылып, жаңа аттракциондары бар демалыс аймағы жасалады. Бұл саябақты тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды етеді", – деп жауап берді басқармадағылар.
Ведомство мәліметінше, саябақ орналасқан жер учаскесі (Есіл ауданы, Сарайшық көшесі, 13В учаскесі) мемлекет меншігінде. Оның мақсатты пайдалану түрі – саябақты пайдалану. Бұл мақсат өзгертілмеген және өзгерту жоспарланып отырған жоқ.
Астанадағы Bayaan тұрғын үй кешені туралы не белгілі?"Астананың қолданыстағы бас жоспарына сәйкес, бұл аумақ саябақтар мен скверлер аймағына (қысқа мерзімді демалыс аймағы) жатады. Басқарма бұл аумақта қандай да бір құрылыс нысанын салуға рұқсат берген жоқ. Саябақты салу, қайта жаңарту немесе оның мақсатты пайдалану түрін өзгерту туралы ешқандай құжат қаралған жоқ. Сондықтан "Жетісу" саябағы халық демалатын қоғамдық жасыл аймақ ретінде сақталады. Бұл жерде күрделі құрылыс нысандарын салу қарастырылмаған", – деп нақтылады ведомство.
Әлеуметтік желіде сөз болған Bayaan тұрғын үй кешені расымен Астанада салынуы жоспарланған. Алайда ол басқа жерде – Рысқұлов пен Сауран көшелері қиылысында бой көтермек. Жер учаскесі "Байкадам 2022" ЖШС-не тиесілі және дәл осы компания жобаның құрылысшысы болып табылады.
"Жер учаскесі 2022 жылы алғашқы құқық белгілейтін құжаттар рәсімделген кезден бастап "ішіне коммерциялық үй-жайлар мен автотұрағы бар көпқабатты тұрғын үй кешенін салу" мақсатында рәсімделген. Содан бері оның мақсатты пайдалану түрі өзгерген жоқ. 2035 жылға дейінгі Астананың бас жоспарына сәйкес, бұл аумақ көпқабатты құрылыс аймағына жатады", – деп түсіндірді басқарма.
Құрылыс компаниясы сәулет-жоспарлау тапсырмасын алып, 2025 жылы эскиздік жобасын келіскен. Алайда бұл тек жоба алдындағы құжаттар. Құрылысты бастау үшін компания жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуы тиіс. Басқарма әзірге құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы ақпарат бермеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу