Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

“Жетісу“ саябағы орнына тұрғын үй кешені салына ма? Астана әкімдігі тұрғындардың алаңдаушылығына жауап берді

“Жетісу“ саябағы орнына тұрғын үй кешені салына ма? Астана әкімдігі тұрғындардың алаңдаушылығына жауап берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астана тұрғындары қазіргі уақытта техника жұмыс істеп жатқан "Жетісу" саябағының тағдырына алаңдап отыр. Кейбірі демалыс аймағының орнына тағы бір тұрғын үй кешені салынуы мүмкін деп болжаған. Бұл жағдайға қатысты Астана әкімдігі TengriHome редакциясына пікір білдірді.

Поделиться

"Жетісу" саябағында не болып жатыр?

Астаналықтар әлеуметтік желілерде шағымын айтып жатыр.

"Саябаққа серуендеуге келсек, КамАЗ-дар, тракторлар жүр, ағаштарды тамырымен жұлып, асфальтты бұзып жатыр. Тағы бір құрылыс компаниясы ақша беріп, саябақтың дәл ортасына тұрғын үй кешенін немесе қонақүй салмақшы ма?" – деп наразы болды тұрғындар.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға саябақ әкімшілігі жауап берген:

"Әлеуметтік желілерде тараған фото және видеоларда қандай да бір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны көрінбейді. Саябақ – қоғамдық кеңістік болғандықтан, мұнда күндіз көгалдандыру және саябақ инфрақұрылымын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі", – деп мәлімдеді.

Алайда Қазнет қолданушылары ол жерде тұрғын үй кешені салынып жатыр деген болжам жасап, пікірталасты жалғастырып жатыр. Олар тіпті Bayaan деген атауды да атап өткен.

"Жетісу" саябағы өз орнында қалады – Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы саябақта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын растады. Бірақ олардың тұрғын үй құрылысына қатысы жоқ екенін атап өтті.

"Жоба саябақты одан әрі дамытуға бағытталған. Жұмыстар бұрын қараусыз қалған, ұзақ уақыт пайдаланылмаған бос аумақта жүргізіліп жатыр. Бұл жерге жиі қоқыс тасталып, аумағы күтімсіз күйде болған. Жоба аясында қосымша ағаштар отырғызылып, жаңа аттракциондары бар демалыс аймағы жасалады. Бұл саябақты тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды етеді", – деп жауап берді басқармадағылар.

Ведомство мәліметінше, саябақ орналасқан жер учаскесі (Есіл ауданы, Сарайшық көшесі, 13В учаскесі) мемлекет меншігінде. Оның мақсатты пайдалану түрі – саябақты пайдалану. Бұл мақсат өзгертілмеген және өзгерту жоспарланып отырған жоқ.

"Астананың қолданыстағы бас жоспарына сәйкес, бұл аумақ саябақтар мен скверлер аймағына (қысқа мерзімді демалыс аймағы) жатады. Басқарма бұл аумақта қандай да бір құрылыс нысанын салуға рұқсат берген жоқ. Саябақты салу, қайта жаңарту немесе оның мақсатты пайдалану түрін өзгерту туралы ешқандай құжат қаралған жоқ. Сондықтан "Жетісу" саябағы халық демалатын қоғамдық жасыл аймақ ретінде сақталады. Бұл жерде күрделі құрылыс нысандарын салу қарастырылмаған", – деп нақтылады ведомство.

Астанадағы Bayaan тұрғын үй кешені туралы не белгілі?

Әлеуметтік желіде сөз болған Bayaan тұрғын үй кешені расымен Астанада салынуы жоспарланған. Алайда ол басқа жерде – Рысқұлов пен Сауран көшелері қиылысында бой көтермек. Жер учаскесі "Байкадам 2022" ЖШС-не тиесілі және дәл осы компания жобаның құрылысшысы болып табылады.

"Жер учаскесі 2022 жылы алғашқы құқық белгілейтін құжаттар рәсімделген кезден бастап "ішіне коммерциялық үй-жайлар мен автотұрағы бар көпқабатты тұрғын үй кешенін салу" мақсатында рәсімделген. Содан бері оның мақсатты пайдалану түрі өзгерген жоқ. 2035 жылға дейінгі Астананың бас жоспарына сәйкес, бұл аумақ көпқабатты құрылыс аймағына жатады", – деп түсіндірді басқарма.

Құрылыс компаниясы сәулет-жоспарлау тапсырмасын алып, 2025 жылы эскиздік жобасын келіскен. Алайда бұл тек жоба алдындағы құжаттар. Құрылысты бастау үшін компания жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуы тиіс. Басқарма әзірге құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы ақпарат бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Астана шағым әлеуметті желі тұрғын үй

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары