Жыл басынан бері СҚО ға көші қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы барды

11.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон бағдарламасы бойынша 400 отбасы көшіп барды, деп хабарлайды 24.kz.
Оларға мемлекет тарапынан көтермеақы төленіп, баспана алуға "Экономикалық ұтқырлық сертификаты" беріледі. Қаржы көлемі биыл 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Павел Корнилов былтыр жанұясымен Талдықорғаннан Петропавлға көшіп келді. Көші–қон бағдарламасы бойынша әр адамға төленетін субсидиядан бөлек, баспанаға 7 млн теңге алған.

"Көшіп келген кезде пәтер жалдап тұрдық. Оның төлемі мемлекет есебінен жасалды. Содан кейін "Экономикалық ұтқырлық сертификатын" алдық. Оның үстіне жинаған қаражатымызды қосып, ипотекаға 3 бөлмелі пәтер сатып алдық", - дейді ол.

Өңірге көшіп келген әр адамға 300 мың теңге бір реттік төлемақы беріледі. Сонымен қатар биыл тұрғын үй сатып алуға берілетін қаржы да ұлғайды.

"Былтырғы жылы сертификат құны 4 млн 500 мың болатын. Сонымен қатар ол 4,5 млн теңгені әр көшіп келген адам өз қалтасынан шығару керек еді. Сонда жалпы саны 9 млн. теңгеге үй алуға болатын еді. Биылғы жылдың ерекшелігі 7 млн теңге үкіметтен төленеді. Егер үйдің құнына жетіп тұрса, көшіп келген адам өз қалтасынан төлемесе болады", - дейді СҚО бойынша еңбек мобильділігі орталығының директоры Нұрлан Биболаев.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 3020 қоныс аударушы мен қандас көшіп келеді деп жоспарланып отыр. Қазір жылдық жоспардың 60 пайызы орындалған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью