Жыл қорытындысы стратегияның дұрыстығын растады | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
ERG компаниясы биыл еліміздегі алпауыт тау-кен және металлургия кәсіпорындарын дамытуға рекордтық көлемде – 560 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Бұл туралы қызметкерлермен кездесулер өткізіп, жылды қорытындылаған ERG Директорларs кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов мәлімдеді.
Осы орайда, соңғы үш жыл бойы компания қазақстандық кәсіпорындарға қомақты инвестиция құйып келеді. Бұл өз нәтижесін берді.
Соңғы екі жылда ERG-дің «Темір» дивизионынан басқа барлық кәсіпорындары тарихи ең жоғары өндірістік көрсеткіштермен жұмыс істеп келеді.
ERG басшысы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өндірістің экологиялық тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі жобалардың бірі – бірегей кәдеге жарату станциясының құрылыс қарқынын бағалады.
Бұл жоба компанияның экологиялық стратегиясының заңды жалғасы.
Қазір ферроқорытпа газын кәдеге жаратудың ең тиімді шешімдерінің бірі саналады.
Читать полностью
Читать новость