Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

ҚХЛ: Барыс Ресейде Ладаға есе жіберді

Астанада студенттер мен оқушылар иіссу өндіретін болды

Қасым Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін мақтады

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсетті (видео)

Бастауыш ұйым партия тірегі

Қасым Жомарт Тоқаев жаңа Парламентке атау ұсынды

Вице президент институты: әлемдік тәжірибе

Қайрат клубы Бельгияның Брюгге командасынан ұтылып қалды

Қазақстанда авиахабтарды дамыту шеңберінде әр ұшаққа авиаотынының құны төмендетілуде

Мозамбикте тасқыннан 500 мыңнан астам адам зардап шекті

Ұлттық құрылтай: реформалар мен нақты шешімдер

Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

АҚШ одақтастары Сирияда содырлар отырған түрмені бақылаудан айырды

Тоқаев Қызылорда облысы әкімін мақтады: 20 қаңтар 2026, 12:16 жаңалықтар

Қайрат шабуылшысы Дастан Сәтпаев Брюггемен ойынға қатыспайды

JOLTAP пен жоба бастағандар көп: Елордалық тұрғын қалай өз табысын арттырды?

Милан 2026 қысқы Олимпиадасы: Ел спортшыларының толық құрамы белгілі болды

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасынан да допинг табылды

Жаңаөзендік тұрғын мен оның сыбайласына интимдік бопсалау үшін 17 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Жыл қорытындысы стратегияның дұрыстығын растады

Жыл қорытындысы стратегияның дұрыстығын растады

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ERG компаниясы биыл еліміздегі алпауыт тау-кен және металлургия кәсіпорындарын дамытуға рекордтық көлемде – 560 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы қызметкерлермен кездесулер өткізіп, жылды қорытындылаған ERG Директорларs кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов мәлімдеді. Осы орайда, соңғы үш жыл бойы компания қазақстандық кәсіпорындарға қомақты инвестиция құйып келеді.

Бұл өз нәтижесін берді. Соңғы екі жылда ERG-дің «Темір» дивизионынан басқа барлық кәсіпорындары тарихи ең жоғары өндірістік көрсеткіштермен жұмыс істеп келеді. ERG басшысы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өндірістің экологиялық тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі жобалардың бірі – бірегей кәдеге жарату станциясының құрылыс қарқынын бағалады. Бұл жоба компанияның экологиялық стратегиясының заңды жалғасы. Қазір  ферроқорытпа газын кәдеге жаратудың ең тиімді шешімдерінің бірі саналады. Аталған газ 80 МВт электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылып, кәсіпорынды экологиялық таза меншікті энергия көзімен қамтамасыз етеді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңартылған диспетчерлік орталығында Шухрат Ибрагимов 4-балқыту цехының цифрлық егізінің мүмкіндіктерімен танысты. Жаңа жүйеде технологиялық процестерді нақты уақыт режимінде көруге болады. Бұл технологтарға бір монитор арқылы бүкіл процесті бақылауға және қысқа уақыт ішінде виртуалды аралау жүргізуге мүмкіндік береді. Соңғы бес жылда ERG-дің цифрландыру мен жасанды интеллекті енгізуге құйылған инвестициясы – 117 млн АҚШ доллары межесінде.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Дөң тау-кен байыту комбинаты және Ақтөбе жылу электр станциясының еңбек ұжымдарымен кездесуде ERG Директорлар кеңесінің төрағасы 2025 жылғы жұмыстары үшін алғыс айтып, компанияның алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Хром дивизионы өткен жылы бірқатар сын-қатерлерге тап болды. Біз «Болашақ» кенішіндегі ең күрделі мәселелерді шештік, ғылымдарды іске тарттық және бүгінде кеніш қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. ERG Green бірегей флотация учаскесін іске қостық және қазір қалдықтардан хром өндіріп жатырмыз. Биыл және алдағы жылдары ERG даму қарқынын бәсеңдетпей, негізгі инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру бағытын сақтайды, – деді Шухрат Ибрагимов.

Жүздесуде қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Топ үшін қауіпсіздік – ең негізгі басымдық. Тек қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда ғана өндірістік жетістіктер туралы айтуға болады, - деп атап өтті Шухрат Ибрагимов.

Кездесу барысында әлемдік тау-кен металлургия компаниялары, соның ішінде ERG кәсіпорындары тап болған сан алуан дағдарыстан бастап, өнімнің өзіндік құнын төмендету шаралары мен әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға дейінгі кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Кездесудің жағымды қорытындысы ретінде Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №2 балқыту цехының күйдіру және әктас учаскесінің бастығы Тұрманбай Байтақов ERG-дің «Өндірістегі еселі еңбегі үшін» корпоративтік наградасымен марапатталды. Ол зауыттағы еңбек жолында нағыз кәсіби шыңдалу мектебінен өтті. 

Қазақстанның темір кені алыбы – Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде ERG Директорлар кеңесінің төрағасы кенді дайындау және байыту цехының байыту учаскесіне барды. Жалғасып жатқан дағдарыс дайын өнімді тұтынушыларға өткізу көлеміне кері әсер етті. ССКӨБ соңғы төрт жыл бойы өз қуатының тек 65%-ында ғана жұмыс істеп келеді. Соған қарамастан, кәсіпорында жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Фабриканың қайта өңдеу кезеңі қарқынды түрде жаңартылуда. Барлық өзгерістер темір кені концентраты мен шекемтастардың сапалық көрсеткіштерін арттыруға бағытталған.

Ауқымды өзгерістер екі стратегиялық жобаны іске асыруға дайындықтың маңызды кезеңі саналады: жаңа күйдіру машинасының құрылысы және ыстық брикеттелген темір (HBI) өндіретін зауыт салу. HBI зауытының жобалық құжаттамасы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өтті. Енді жұмыс құжаттамасын әзірлеуге және құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісуге болады. Болашақ HBI зауыты Орталық Азиядағы жаңа буындағы «жасыл» металлургияның ең ірі нысандарының біріне айналады. Метал деңгейі кемінде 93% және темір құрамы 90%-дан жоғары өнім шығару Қазақстанға жаһандық болат нарығына бәсекеге қабілетті жаңа өніммен шығуға мүмкіндік береді. Өндірістік қуаты – жылына 2 млн тонна, инвестиция көлемі – 650 млрд теңгеден астам. 2029 жылы кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. 1 000-нан астам жұмыс орны ашылады.

ERG-дің осы өңірдегі кәсіпорындары – ССКӨБ, Қашар кені, ERG Service және «ТрансРемВагон» (ТрансКом) қызметкерлерімен өткен кездесуде Шухрат Ибрагимов әрбір қызметкердің кәсібилігін және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтынын атап өтіп, еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

– Экономикалық дағдарыстың созылып кеткеніне қарамастан, ERG компаниясы маңызды даму стратегиясын іске асыруды жалғастырып келеді. Біз міндетті түрде алға жылжуымыз керек, – деп атап өтті Шухрат Ибрагимов. – Біз стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруды жалғастырамыз. Солардың бірі – ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) зауытының құрылысы. Бүгінгі таңда тұрақты өндіріс, өнім сапасын арттыру және оның өзіндік құнын төмендету бұрынғыдан да маңызды. Іске мүдделі болу қажет. Осы арқылы біз жаңа нарықтарға шығып, жаңа тұтынушыларға тартымды бола аламыз.

Даму жобаларымен қатар, компания бұрынғыдай әлеуметтік бағдарламалар мен міндеттемелерге де ерекше көңіл бөліп келеді. Олар толық көлемде сақталуда. Бұған Шухрат Ибрагимов барған Павлодар облысындағы бірқатар нысандар айқын дәлел бола алады.

Павлодар қаласында ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және «Жұмысшы мамандықтар жылының» қорытындысы аясында қаланың Усольский шағын ауданындағы заманауи тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін алған Топ кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті. «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлескен тұрғын үй бағдарламасы аясында 135 еуразиялық бір күнде үйлі болды. Соңғы үш жылда ERG қызметкерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.

Шухрат Ибрагимов жаңа қоныстанушылардың бірі – көпбалалы Әсет Бекеновтің шаңырағына арнайы барды. Әрине «қоныс құтты болсын!» айтқанда, құр қол бармады.Отбасына теледидар, балаларға ойшықтар ала келген. Павлодар алюминий зауытының орталықтандырылған жөндеу цехында 5-разрядты газ кесуші болып жұмыс істейтін, төрт баланың әкесі Әсет Бекенов осыдан екі жыл бұрын пәтер кезегіне тұрған. Қысқа мерзімде жеңілдетілген шартпен пәтер алғандардың бірі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ол Шухрат Ибрагимовтен кіші ұлы Нұрасыл Қанжарбектің тұсауын кесуді өтінді.

– Мен бұл кәсіпорында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бұған дейін пәтер жалдап тұрдым. Өз баспанамыздың кілтін алған кезде қуанышымызда шек болмады. Балалар бөлмелерін өздері таңдап, қатты қуанды. Ал кіші ұлымыз Нұрасылға тұсаукесер рәсімін Шухрат Ибрагимовтің өзі өткізегн бізге ерекше қуаныш. Жалпы, зауытқа жұмысқа тұрғаныма бір сәт те өкінген емеспін. Ертеңгі күнімізге сенімдімін, балаларымның болашағына алаңдамаймын, – деді Әсет Бекенов.

Ақсу ферроқорытпа зауытында ERG Директорлар кеңесінің төрағасы қызметкерлерге арналған MERGEN арнайы дүкенінің ассортиментімен танысты. Мұнда қазақстандық өндірістің бірқатар өнімдері кәдімгі дүкендерге қарағанда төмен бағамен ұсынылады. Қазіргі таңда MERGEN желісінде ERG-нің туған қалаларында 17 дүкен жұмыс істейді. Қаңтар айында осы қағидамен жұмыс істейтін MERGEN дәріханалары да ашылды.

Ақсу ферроқорытпа зауытында компания басшысы ERG Кәсіби біліктілікті тану орталығында барды. Бұл – Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніндегі алғашқы осындай орталық. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Ұлттық біліктілік жүйесінің талаптарына сай құрылған.

Орталықтың негізгі міндеті – металлургия және тау-кен саласындағы негізгі жұмысшы мамандықтары бойынша қызметкерлер мен үміткерлердің кәсіби біліктілігін ресми растау. Алғашқы кезеңде ERG  12 негізгі мамандық бойынша бағалау жүргізеді: стропальщик, ферроқорытпа балқытушысы, металлургиялық өндірістегі кран машинисі, электргазбен дәнекерлеуші, қолмен доғалық дәнекерлеуші, электрдәнекерлеуші, жарушы, ұңғылаушы, экскаватор және жүк тиеу-көлік машинасының машинисі, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі. Біліктілікті тану рәсімі заңнама талаптарына сәйкес ерікті немесе міндетті түрде жүргізіледі. Орталық тек ERG қызметкерлері ғана емес, басқа кәсіпорындардың мамандары, студенттер, түлектер мен мердігерлерге әрдайым ашық. Алдағы уақытта ERG мамандықтар тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Мұндай орталықтар Рудный мен Хромтауда да ашылды.

Осы Ақсуда Қазақстан энергетикасы үшін аса маңызды екі бастама қатар іске асырылып жатыр – №7 энергоблокты қайта жаңғырту және Ақсу электр станциясында гибридті сүзгілерді енгізу.

№7 энергоблокты қайта жаңғыртуға ERG шамамен 280 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған. Жоба аяқталғаннан кейін Ақсу ЭС жылына қосымша 1 634 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіреді және нарықты реттеуге белсенді қатысады. Бұл Топтың қажеттілігін қамтамасыз етуге әрі нарық үшін маневрлік қуат қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Экологиялық стратегия аясындағы екінші жоба – Орталық Азияда алғаш рет осындай тазалау деңгейіне ие инновациялық сүзгілерді энергетикалық кәсіпорындарда енгізу. №4 және №7 энергоблоктарда қатты шығарындыларды әлемдік ең озық стандарттар деңгейіне дейін төмендететін үш гибридті сүзгі орнатылады. Бұл жобаға ERG 13 млрд теңгеден астам инвестиция салуда.

Мемлекет басшысы Жолдауында көмір энергетикасын таза технологияларды қолдана отырып дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Ақсу электр станциясындағы жоба осы міндетке толық сай. Бұл – компания акционерлері бекіткен ERG Экологиялық стратегиясын іске асырудағы жүйелі жұмыстың жалғасы. Соның нәтижесінде қатты бөлшектердің шығарындылары 15%-ға төмендеді. ERG 2030 жылға дейінгі Экостратегия жобаларына 282 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Стратегия тау-кен өндірісі, металлургия және энергетика сияқты негізгі бағыттардың барлығын қамтиды.

2025 жылы Павлодар алюминий зауытында ERG ел үшін жаңа – галлий өндірісін іске асыра бастады. Қазақстан бұл өнімді өндіру көлемі бойынша әлемдегі екінші ел атанады. Мемлекет басшысының Жапонияға мемлекеттік сапары аясында ERG галлий жеткізу бойынша Mitsubishi Corporation RtM Japan Ltd компанияларымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты.

«Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының өндірістік ерітінділерінен галлий өндірудің оңтайлы технологиясы – ERG Research and Development компаниясының өз әзірлемесі. Бұл технология глиноземнің сапасын арттыруға, оның шығынын азайтуға және галлий мөлшері өте төмен ерітінділерден стратегиялық маңызы бар жоғары тазалықтағы металды алуға мүмкіндік береді. Галлий өндіру учаскесінің құрылысына құйылатын инвестиция көлемі – 12,5 млрд теңгеден асады. Жаңа өндірістің қуаты – жылына 15 тонна галлий. Алғашқы өнімді 2026 жылдың үшінші тоқсанында алу жоспарланған.

Жоғарыда аталған жобалардың бәрі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, компанияның Қазақстандағы ERG кәсіпорындарын дамытуға инвестиция көлемін арттыруды жалғастырып отырғанын және оның стратегиясы мен ұзақ мерзімді әлеуетіне деген сенімның айқын дәлелі.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:22
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 19:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

ҚХЛ: Барыс Ресейде Ладаға есе жіберді

20 Қаңтар 2026 23:25see117

Астанада студенттер мен оқушылар иіссу өндіретін болды

20 Қаңтар 2026 22:48see115

Қасым Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін мақтады

20 Қаңтар 2026 13:04see115

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

19 Қаңтар 2026 22:27see115

Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсетті (видео)

20 Қаңтар 2026 00:26see114

Бастауыш ұйым партия тірегі

20 Қаңтар 2026 04:51see112

Қасым Жомарт Тоқаев жаңа Парламентке атау ұсынды

20 Қаңтар 2026 13:26see107

Вице президент институты: әлемдік тәжірибе

21 Қаңтар 2026 08:18see107

Қайрат клубы Бельгияның Брюгге командасынан ұтылып қалды

21 Қаңтар 2026 00:08see107

Қазақстанда авиахабтарды дамыту шеңберінде әр ұшаққа авиаотынының құны төмендетілуде

21 Қаңтар 2026 15:21see106

Мозамбикте тасқыннан 500 мыңнан астам адам зардап шекті

21 Қаңтар 2026 03:37see106

Ұлттық құрылтай: реформалар мен нақты шешімдер

20 Қаңтар 2026 19:50see106

Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

21 Қаңтар 2026 09:00see106

АҚШ одақтастары Сирияда содырлар отырған түрмені бақылаудан айырды

20 Қаңтар 2026 23:25see106

Тоқаев Қызылорда облысы әкімін мақтады: 20 қаңтар 2026, 12:16 жаңалықтар

20 Қаңтар 2026 12:19see105

Қайрат шабуылшысы Дастан Сәтпаев Брюггемен ойынға қатыспайды

19 Қаңтар 2026 23:17see105

JOLTAP пен жоба бастағандар көп: Елордалық тұрғын қалай өз табысын арттырды?

20 Қаңтар 2026 12:32see105

Милан 2026 қысқы Олимпиадасы: Ел спортшыларының толық құрамы белгілі болды

19 Қаңтар 2026 22:31see105

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасынан да допинг табылды

20 Қаңтар 2026 20:44see105

Жаңаөзендік тұрғын мен оның сыбайласына интимдік бопсалау үшін 17 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

20 Қаңтар 2026 13:16see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары