Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Күзгі жиын терім қорытындысы

Күзгі жиын терім қорытындысы

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Агротехнологиялар тиімділігін тағы дәлелдеді. Бүгін үкімет отырысында күзгі жиын-терімге қатысты баяндама жасаған ауыл шаруашылық министрі осы пайымын жеткізді.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде биыл бидай алқабы 900 мың гектарға қысқарғанды. Алайда бұдан өнімділік азаймады - керісінше артты. Сонымен биыл бидай 12,2 млн гектарға егіліп, 20 млн тоннадан астам өнім алынды. Бұл былтырғымен салыстырғанда жарты млн тоннаға көп. 

Бұршақ және майлы дәнді-дақылдың да биылғы шығымы бітік.  Жалпы, ел бойынша түрлі дақыл егілген 16 млн гектардан 27 млн тонна астық жиналып, қамбаға құйылған екен. Элеваторларға 7 млн 700 мың тоннасы өткізілді. Бұл былтырғыдан екі есе көп. Салалық министрдің айтуынша, экспорттық субсидиялау бағдарламасы да ауыз толтырып айтарлық нәтиже берді. Өткен маусымда астық экспорты 47%-ға артып, 13,5 млн тоннаға жуықтаған. Осы бір оң үрдістен айнымас үшін бағдарлама келесі жылдың қыркүйегіне дейін ұзартылды.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бүгінгі күннің өзінде жаңа өнімнің шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 21 пайызға көп. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, астықты терең өңдеу бойынша 5 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар нәтижесінде нарықта қосымша 2,5 млн тонна астық тартылатын болады. Астық сақтау сыйымдылығы республика бойынша 30 млн 700 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде лицензияланған кәсіпорындарда 13,3 млн тонна, шаруаларда 17,4 млн тонна.  

Былтыр қант қызылшасының мол өнімі жиналып, бірақ оны өткізу тұрғысынан мәселе туындаған еді. Осыны еске алған Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрінен қазіргі жағдайды сұрады.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

- Былтыр қант қызылшасы бойынша проблемалық мәселелер болды. Биыл қалай?

Былтыр қант қызылшасының 25 мың га егілсе, биыл ол алқаптар қысқарып, тәтті түбір орнына басқа дақылдар отырғызылды. Биылғы болжам бойынша 850 мың тонна өнім алынбақ. Бүгінде оның 43 пайызы жиналғанын жеткізді министр.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- 363 мың тонна, оның 277-сі зауыттарға өткізілді. Үш зауыт қабылдап жатыр. Биыл жоспар бойынша Меркеге 300 мың тонна, Ақсуға 300 мың тонна, 250 мыңы Көксуға жеткізіледі. Бүкіл зауыттар істеп жатыр.

Көктемгі егіс пен орақ науқанына ертерек қамданып, шаруаларға қаржыны осы бастан қарастыру, себілетін минералды тыңайтқыш көлемін арттыру сияқты премьер-министрдің бірқатар тапсырмасын алып шыққан ведомство өкілі отырыстан кейін тілшілермен жүздесті. Ішкі нарықты отандық көкөніспен қамту мәселесіне қатысты сауалға жауап берді. Еске салсақ, былтыр сыртқы сұраныс артып, картоп бағасы көтерілген еді. Көкейдегі сұрақ - ендігі жылы бұл жағдай қайталанбай ма?

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Біз биыл картоп салу жерінің санын көбейтіп, қосымша 2 млн 900 мың тонна картоп алып отырмыз. Бүгінгі күні шаруашылықтар жергілікті жерлерде өздері 110-120 теңгеден сатып жатыр. Ал енді орта баға дүкендерде 180-185-тен болып тұр. Жалпы баға осы күні тұрақты болуға тиісті.

Министрліктің агроөнеркәсіптік субсидия бойынша шаруалардың алдындағы берешегі бар. Бүгінде оның құны 341 млрд  теңгеден асқан. Брифинг кезінде Айдарбек Сапаров бұл мәселе шешімін табатынын жеткізді.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Биыл резервтен 57 млрд теңге қосымша берілген болатын. Қараша мен желтоқсан айларында үнемдесек, оны әр облысқа таратып береміз. Болмайтын болса, келесі жылдың қаңтар және ақпанда жаңа субсидиялар бекітілген. Депутаттар қолдады, соның ішінде қарыздар да қарастырылған. 2022-2023 жылдан келе жатқан қарыздарды жабуға тырысамыз.

250 млрд теңгенің жеңілдетілген несие бағдарламасының көмегімен ауыл шаруашылығы техникасы жаңарды. Әзірге оның көрсеткіші 6,5 пайыз шамасында. Дегенмен соңғы екі жылда ауыл тозу деңгейі 80-нен 70 пайызға дейін төмендеді. Салалық министр 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінде шаруаларға револьверлі кредит беру ашылады. Бұл бір ғана кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік бермек.

Авторлары: Бақыт Топтаева, Руслан Әлиев 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 19:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары