Жылыой ауданында бір кеште екі жерден дала өрті шықты

14.05.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

13 мамырда Жылыой ауданының далалығында екі жерде кепкен шөп өртенді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, зардап шеккен адам жоқ.

Бірінші өрт сағат 20:40 шамасында Атырау — Құлсары тас жолының бойында, Шоқпартоғай ауылынан 15 шақырым жерде басталған. Онда 1 гектар аумақтағы құрғақ өсімдіктер жанып кетті. Тілсіз жау сағат 21:40-та толықтай ауыздықталды.

Көп ұзамай, сағат 22:12 шамасында Жылыой ауданының Аққұдық жерінде тағы бір өрт шықты. Жалын 4 гектар далалық аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге өртке қарсы қызмет мамандары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бүгін, 11:13

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью