Жылыту маусымында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жылу маусымы басталғалы 1,3 миллионнан астам тұрғын үйге профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүрді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешов айтты. Биыл өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеді. Қаза тапқандар 9%-ға, жарақат алғандар 7%-ға азайды. Төтенше жағдайлар министрлігі профилактикалық шараларды маусым бойы жалғастырады. 

Асқар Төлешов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:

- Профилактикалық рейдтердің нәтижесінде 110 мыңнан астам тұрғын үй өртке қарсы қауіпсіз жағдайға келтірілді. Әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлеміз. Олардың үйлерін өртке қауіпсіз күйге келтіру бойынша жан-жақты көмек көрсетілуде. Әкімдіктер мен еріктілердің қатысуымен 2,5 мыңнан астам үйде пеш жөнделіп, қалыпқа келтірілді. Қазіргі таңда 40 мыңнан астам датчик орнатылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью