Абай, Жұмекен, Тұманбай. Қазақстандағы кітапханалар кімдердің шығармаларымен толықты
Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
2025 жылы 119-дан астам кітап 240 500 дана таралыммен басылып, еліміздің өңірлік кітапханаларына жеткізілді, деп хабарлады Қазақстан Жазушылар одағы.
Жаңа басылымдар қатарында "Шоқан. Ерек туған феномен" фотоальбомі, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған еңбектер, Бақытсыз Жамал романы, сондай-ақ Ілияс Есенберлин, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиев шығармалар жинақтары бар.
"Халықаралық ынтымақтастық аясында Италия тарапының қолдауымен Шоқан Уәлиханов туралы кітаптың итальян және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларының таныстырылымы Рим қаласында өтті. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Frankfurt Book Fair аясында ұлттық павильон ұйымдастырып, мерейтойлық басылымдарды көпшілік назарына ұсынды. Олардың қатарында жеті тілге аударылған "Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа Ұлағат" еңбегі де бар. Ал "Бақытсыз Жамал" романы ұлттық прозаның алғашқы туындыларының бірі ретінде халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды", – делінген Жазушылар одағының хабарламасында.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жас авторлар буынын қалыптастыруға бағытталған үш ірі жоба жүзеге асқаны белгілі. Жоба нәтижесінде 35 көркем және ғылыми-танымдық жинақ жарық көріп, еліміздің кітапханаларына жөнелтілді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:77
Эта новость заархивирована с источника 17 Февраля 2026 12:21 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















