Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

На закрытой трассе Ушарал Достык столкнулись пять автомобилей

Лига быстро развивается : новый легионер Тобола высоко оценил уровень чемпионата Казахстана

Казахстанский конькобежец Евгений Кошкин занял девятое место на Олимпиаде 2026

Еще один рекорд установили на Олимпиаде 2026, казахстанки не попали в топ 10

Тело пропавшей женщины нашли в Актау

Пассажир автобуса ранил ножом людей в Германии

Илья Мизерных сотворил сенсацию на Олимпиаде

Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках Казахстана 15 февраля

Он стучал в двери и плакал . Очевидцы рассказывают об атмосфере страха в Миннесоте, где агенты ICE выслеживают мигрантов

Что скрывается за ломкостью ногтей и как помочь

Руководителя спецслужб сменили в Туркменистане вслед за Кыргызстаном

Комика Нурлана Сабурова внесли в базу Миротворец

Писал, звонил, выслеживал: жителя Кызылорды арестовали за сталкинг

В Астане сохранятся морозы до −20: прогноз на неделю

Магнитная буря началась на Земле: сколько она продлится?

Чемпиону Сурдлимпиады подарили квартиру в Мангистау

Владимир Путин с визитом посетит в мае Казахстан

Пожар произошел в остановочном павильоне у LRT в Астане

История верного пса изменила правила захоронения в Бразилии

Троих человек спасли из снежного заноса в Актюбинской области

"Алтын Мишабай". Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісінде кімдердің үлесі бар

"Алтын Мишабай". Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісінде кімдердің үлесі бар

Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

14 ақпанда Михаил Шайдоров Миланда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Қазақстан қысқы Олимпиададан соңғы рет 1994 жылы алтын алған болатын. Арада 32 жыл өткен соң Шайдоров бұл сеңді бұзып, оған қоса мәнерлеп сырғанаудан алтын жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы болды. Бұған дейін Денис Тен 2010 жылғы Сочи Олимпиадасында қола медаль алған еді. 

Михаил Шайдоровтың жеңісі туралы бүкіл әлем жазды. Мәнерлеп сырғанау спортында ерлер арасында көшбасшы саналатын АҚШ спортшысы Илья Малининге ел-жұрт алтын медаль беріп тастаған еді. Алайда еркін бағдарламасын таза сырғанаған Михаил Шайдоровтың бабы мен бағы қатар шауып, алға шықты.

Осы орайда Информбюро порталы 21 жасында алғашқы Олимпиадасында чемпион атанып, Милан төрінде көк туымызды көтеріп қана қоймай әнұранымызды шырқатқан Михаил Шайдоровтың спорттағы жолына шолу жасады.

Алғашқы қадам

Михаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматыда дүниеге келді. Әкесі оны бес жасында "Рамстор" сауда орталығындағы мұз айдынға сырғанауға алып келген. Алғашында оған сабақ ұнамаған соң бір жылдай спорттық гимнастикамен айналысып көрген. Бірақ бір жыл өтпей мұз айдынға оралған. Михаилдің әкесі Станислав Шайдоров та мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған. Кейін Алматыда балаларға мәнерлеп сырғанаудан сабақ берген. Көп жыл баласын өзі жаттықтырған. 

Михаил Шайдоров әкесімен

Шайдоров бала кезінде Денис Теннің мастер-класына қатысқан. Бұл видео Михаилдің жеңісінен кейін әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Десе де ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған жапон спортшысы Юдзуру Ханюдің өнерінен шабыт алған. Аты аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушының бағдарламаларын қайта-қайта көріп, сол сияқты өз ісінің үздігі болғысы келген. 

Әкесі Михаилдің кәсіби спортшы болады деп ойламаған. Секіру элементтерін ақырындап үйрене бастаған. Тек 11 жасында мәнерлеп сырғанаумен кәсіби түрде айналысамын деп шешкен.

2017 жылы Шайдоров ресейлік бапкер Алексей Урмановпен танысып, Сочиде жаттыға бастады. Алексей Урманов мәнерлеп сырғанаудан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы атанған.

"Сол жылы Урманов Йошкар-Олада (Ресей қаласы) жиын өткізді. Жаттығып жүрген қыздардың бірінің ата-анасы сапарыма демеуші болды. Миша ол жақта алғаш рет екілік аксель секірді. Кәсіби спортшылар осы элементті орындаған соң ғана өзін мәнерлеп сырғанаушы деп есептейді. Жарты жылдан соң Урмановқа тағы да келдік. Мишаның сырғанауы жақсарғанын айтты. Бір жылда үштік секіру элементтерінің бәрін үйрендік. Бірақ үнемі мұз айдынды ауыстыруға тура келді. 2018 жылы күзде Алматыда өз қалтамыздан ақша төлеп мұзды жалға алу не Ресейге көшіп, бапкердің қол астында жаттығу таңдауы тұрды. Алексей Урмановқа хабаралсқанда "жақсы, келе беріңдер" деді. Дәл сол күні көлігімді сатып, ертеңіне билет алып, Сочиге ұшып кеттік. Миша мен бапкерінің бір-біріне үйренісуне бір жылдай уақыт кетті. Ұлым алғаш төрттік тулуп секірген соң қуанышымызда шек болмады", – деп еске алды Станислав Шайдоров.

2019 жылы Михаил Шайдоров Қазақстан чемпионы атанды. 2020 жылы алғашқы жарысы – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 34 қатысушының арасынан 22-орын алды. 2020 жылы екінші рет Қазақстан чемионатында жеңіске жетіп, келер жылы өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын болды. Алайда коронавирус пандемиясы кезінде бір жылдай ешқандай жарыс өтпеген соң әлем чемпионатына қатысу үшін Халықаралық конькимен жүгірушілер одағына (ISU) бағдарлама видеосын жіберу керек болды. Михаил жолдама алғанымен, жарақаты жақсы өнер көрсетуге мүмкіндік бермеді. Әлем чемпионатынан кейін жарақатын емдеуге уақыт қажет еді. Болгарияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатыспай, дәрігердің ақыл-кеңесінен соң үйде қалуды жөн көреді. Алайда оны ұлттық құрамадан шығарып тастайды. 

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына лицензия алу үшін жарыстарға қатысу керек еді. Алайда Михали жарақатынан соң қалпына келе қоймаған еді. Әрі виза мәселесі туындап жарысқа бара алмаған. 

"Михаил өз қаржысына емделді, оңалды, қалыпқа келді. Олимпиада маусымына дайындалуға ешқандай көмек алған жоқпыз. Мәнерлеп сырғанауға жақсы қаржы бөлінетінін білемін. Михаил секілді деңгейі жоғары спортшыны баптау үшін көп қаржы керек. Оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, жарыстар, клньки, костюмдер – осының бәріне аз ақша кетпейді. Ұлттық құраманың нөмірі бірінші спортшысын жарақат алған соң құрамадан шығарып тастауы дұрыс емес", – деді мәнерлеп сырғанаушының әкесі.

Михаил Шайдоровқа басқа елдің атынан өнер көрсету туралы ұсыныстар келіп түскен. Қаржылай қолдау болмаса да спортшы Қазақстан намысын қорғауды жөн санаған.

"Миша Қазақстанда туғаны үшін мақтанады. Алматыны қатты жақсы көреді. Патриотизм деген дүние бар. Десе де спортшыға көңіл бөлінсе екен деймін. 2026 жылғы қысқы ойындарға Қазақстан атынан Мишадан басқа кім лицензия ала алады?" – деген болатын Станислав Шайдоров.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Михаил Шайдоров 2021 жылы жасөспірімдер арасындағы Гран-при Польша жарысына қатысып, күміс медаль жеңіп алды. 2022 жылы Таллин қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды.

Ол Францияда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатына виза ала алмай қатыса алмады. Бірақ дәл сол жылы Таллин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында АҚШ спортшысы Илья Малининге ғана жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Қысқа бағдарламадан кейін 8-орында тұрған ол еркін бағдарлама нәтижесінде екінші орынға жайғасты. Қазақстанда жасөспірімдер арасында бұндай жетістікке бұрын-соңды ешкім жетпеген еді. 

2023 жылы ол Канада Гран-приінде бесінші орын алды. Дәл сол жылы Қытай кубогында қола жүлдеге ие болды. Загребте өткен Golden Spin жарысында күміс медаль жеңіп алып, ISU Challenger сериясының алғашқы медалін иеленді.

2024 жылы Шанхайда өткен төрт құрлық чемпионатында алтыншы орын алды. Ақпанда Challenge Cup жарысында алтын жүлдеге ие болды. Маусымды әлем чемпионатындағы 4-орнымен қорытындылады.

Михаил 2024-2025 жылғы маусымды Denis Ten Memorial Challenge жарысында жеңіске жетуден бастады. Франция Гран-при жарысында төртінші орын алды. Бұл жарыста ол тарихта алғаш үштік аксель мен төрттік тулупты орындады. Қытай кубоныда күміс медаль иеленді. Гран-при финалына тұңғыш рет Қазақстан атынан жолдама алып, жарысты 5-орынмен аяқтады. Ол үштік аксель мен төрттік сальховты ойлер арқылы каскадта орындаған алғашқы спортшы атанды. 

2025 жылы Харбин қаласында өткен Қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Арада бір апта өткен соң Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Наурыз айында Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында Михаил Шайдоров күміс жүлде еншіледі. Бұл жолы да Илья Малинин чемпион атанды. 

Олимпиада алтыны

Михаил Шайдоров 2025-2026 жылғы маусымын Denis Ten Memorial Challenge жарысында қатарынан екінші рет алтын медаль жеңіп алумен бастады. 2025 жылы өткен Қытай кубогында қола медаль иеленсе, Skate America жарысында күміс медаль алды. Желтоқсан айында Гран-при финалында алтыншы орынға ие болды.

2026 жылы қаңтар айында Төрт құрлық чемпионатында бесінші орын алды. Маусым бойы Шайдоровтың комбинациялары сәтті шықпады. Десе де Милан-Кортина Олимпиадасына жолдама алып, 10 ақпанда қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Нәтижесінде ол 92,94 ұпай жинап, бесінші орынға жайғасты. Михаил нәтижесіне көңілі толатынын, қолынан келгенін жасағанын айтты. 

Фото: Сали Сабиров, olympic.kz

13 ақпан күні өткен еркін бағдарлама мәнерлеп сырғанаушылардың тағдырын шешті. Соңғы болып кіл мықтылар өнер көрсетті. Спортшылар тұғырдан көріну үшін қиын элементтерді орындаудан басқа амалы жоқ еді. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында тұрған Илья Малинин жеті рет төрттік секіруді жоспарлады. Михаил да тәуекелге барып, бағдарламасына қиын комбинациялар қосты. Ол үштік аксель – ойлер – төрттік сальхов, төрттік лутц, төрттік тулуп, төрттік тулуп – үштік тулуп каскад, үштік аксель, үштік лутц – екілік аксель секвенциясын секірді. Төрешілер Шайдоровтың өнеріне 198,64 балл беріп, жалпы есепте 291,58 ұпай жинады. Бұл оның жекі рекорды еді. 

Содан кейін мұз айдынға шыққан жүлдеден үмітті қарсыластары негізгі бағдарламаларын таза орындай алмады. Алтын жүлдеге басты үміткер саналған Илья Малинин болса бірнеше рет құлап, жүлдесіз қалды. Еркін бағдарлама нәтижесінде бірінші орыннан 8-орынға сырғыды. Жапония спортшысы Юма Кагияма 280,06 ұпай жинап, күміс жүлде алса, отандасы Шун Сато 274,90 ұпаймен қола жүлде иеленді. 

Осылайша Михаил Шайдоров Милан төрінде әнұранымызды әлеуетіп, Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшы атанды. Оған қоса, 32 жылдан кейін қысқы Олимпиада ойындарының алтынына ие болған Владимир Смирновтың жетістігін қайталады. 

Фото: Сали Сабиров, olympic.kz

Михаил Олимпиада чемпионы атанған соң сұхбат беріп, арманына жету оңайға соқпағанын айтты.

"Шынымды айтсам, әлі де сене алар емеспін. Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Бұл маусым мен үшін қиын болды. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді. Бұл Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы бар ойым өз ісімді адал атқару болды. Енді еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Трибунадағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді. Бәрі кино сияқты. Әзірше не болып жатқанын толық сезініп үлгермедім. Бұл медаль мен үшін де, еліміз үшін де аса маңызды. Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спорты дамуы үшін бар күшімді саламын. Жағдай жасалып, жастарға мүмкіндік берілсе екен деймін. Менің медалім жолымызды ашқан Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Қазақ мәнерлеп сырғанауының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын", – деді Миахил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанған соң.

Михаилдің жеңісінен соң әлеуметтік желіде спортшының шыққан тегі қызу талқыға түсті. Алайда ол өзін "ресейлік спортшы" деп атайтындарға былай деген еді.

"Алматыда туып өстіп және осында тұрамын. Уақытымның көп бөлігін Қазақстанда, сүйікті қаламда өткіземін. Маған көп уақыт арнайтын Алексей Урмановтың шәкірті болғаныма қуаныштымын. Мәнерлеп сырғанаушылардың көпшілігі конькимен сырғанауды "Рамстор" сауда орталығында бастаған. Денис Тен де, мен де. Десе де Ресейде көп уақыт өткіздім, жаттықтым, оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Бірақ қазір Алматыда көп жаттығамын. Мені "ресейлік спортшы" деп атап жатады. Алайда мұны мені құрметтемеу деп есептеймін", – деді Михаил Шайдоров.

Михаил Шайдоров бапкері Алексей Урмановпен / Фото: Reuters

Олимпиада чемпионын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. 

Михаил Шайдоров алтын медаль үшін мемлекет тарапынан 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы алады. Бұл – шамамен 124 миллион теңге. Одан бөлек споршыға жан-жақтан қымбат сыйлықтар беріліп жатыр. Танымал әнші Димаш Құдайберген спортшыға су жаңа көлік сыйлайтынын мәлімдеді. Михаил Шайдоров еркін бағдарламада Димаштың әнін таңдап, сонымен өнер көрсеткен болатын. Ал белгілі кәсіпкер Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 маркалы көлік сыйлады. Ал қазақстандық Ulutau Group құрылыс компаниясы жас спортшыға Астана қаласында үш бөлмелі пәтер сыйға беретінін хабарлады. 

"Малинин Олимпиадаға дайын болмады"

Мәнерлеп сырғанау спорты туралы ұзақ жылдан бері жазып жүрген Лилиана Әлжанова Михаил Шайдоров қатысқан Олимпиада жарысын тікелей эфирде комментатор ретінде жүргізді. 

Лилиана Әлжанова, спорт комментаторы:

– Мишаның чемпион атанған сәтін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы ойындарда ел қоржынына бір жүлде түссе ғой деп жүргенбіз. Қысқа бағдарламадан кейін қола алуымыз мүмкін екенін есептеп біліп алдық. Үшінші тұрған француз спортшысы Адам Сяо Хим Фадан он ұпайдай қалып тұрды. Бұл – жақсы орындалған бір төрт айналым секірудің бағасы. Француз бір секіруден шатасса, Михаил қола жүлде ала алады деп ойладық. Мишаның осы маусымдағы нәтижелеріне қарап, тіпті, төрешілердің сол қысқа бағдарламадан кейін 5-орын бергенін де жақсы деп ойладым. Себебі жарыстарда бес рет төрт айналымды секірем деп, бірақ дұрыс шықпай ұпайдан қағылып жүрген кездері болды.

Бір ғана төрт айналымды секіру үшін қаншама күш керек. Ал Миша Олимпиадада оны бес рет секірді. Кіп-кішкентай жігіттің бойында қандай күш жатыр.

Миша ешқандай қате жібермей сырғанағанда "қола жүлде болуы керек" деп ойладым. Италиялық Даниэль Грассль бірінші элементте құлағанда жүлдеге бір қадам жақын екенімізді білдік. Ал француз Адам Сяо Хим Фа құлағанда медаль болады деп қуандық. Бірақ күміс не алтын болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ Юма Кагияма құлағанда Мишаның қысқы бағдарламадағы ұпайын қайта қарап, күміс болады деп күттім.

Фото: Сали Сабиров, olympic.kz

Қысқы бағдарламадан кейін "жүлдеден үміт бар ма?" деп сұрады. Михаилдің осы маусымдағы нәтижелеріне қарап "он процент бар, соны жұлып алса алады" деген едім. Соны алды. Оған, әрине, Кагияма мен Сяо, Малинин көмектесті. "Олар құламаса алмайтын еді" деген әңгіме шығады. Бірақ дер кезінде дәл сол жерде нәтиже көрсету нақ шебердің қолынан ғана келеді.

Илья Малинин өзінің осы Олимпиадаға дайын емес екенін көрсетті. Командалық сында қысқы бағдарламаға шыққанда бірінші секіруінен-ақ әріптесім Әсемге "Шайдоровтың медаль алатынына сенемін, себебі Малинин сыңғырлап тұрған жоқ" деген едім. Бейжің Олимпиадасында Нейтан Чен чемпион болғанда командалық сында қысқа бағдарламасында башпайынан басына дейін дайын екені, чемпион болатыны көрініп тұрды. Ал Малинин маусымның бірінші жарысында екі Гран-приде, Чэлленджерде, Гран-при финалында өте керемет өнер көрсетті. Ол 300-ден астам ұпай алып, әлем рекордын жаңартты. Маусымның екінші жартысында бірдеңе болғаны байқалады. Не жарақат алған шығар, не психологиялық тұрғыдан біреу бірдеңе деген шығар. Бұл Олимпиадада Малининді танымай қалдым. Аяп та кеттім, бірақ оның өте мықты қарсылас екенін мойындау керек. Әлем чемпионатында Миша екеуі тағы да кездессе, Мишадан жеңісті жұлып алуы әбден мүмкін. Өйткені Малинин төрттік айналымды бір емес, жеті рет секіре алады.

Илья Малининнің бағасын естіген соң Михаил Шайдоров чемпион атанғаны білген сәт / Фото: Getty Images

Әу баста Малинин – алтын, Кагияма – күміс, ал Шайдоров қола алады деп ойладым. Малининнің командалық сындағы өнерін көрген соң Кагияма алтын медаль алатын шығар деп топшыладым. Кагияманың бағдарламасы – хореографиясы да, музыкасы да, сырғанауы да келіскен нағыз Олимпиадаға арналған бағдарлама. Шыны керек, Миша дәл Юмадан жұмсақ сырғанай алмайды. Бірақ қысқа бағдарламадан кейін үздік саналған спортшылар командалық сынға бар эмоциясын салды. Жалпы Олимпиадаға қатысқанда эмоция мен энергияны дер кезінде көрсете білу керек.

Мишаның тілеуін қатты тіледім. Ол өзі сондай қарапайым. Кішкентай кезінен білемін. 2017 жылы Қазақстан чемпионатына барғанда алғаш көріп, әкесімен таныстым. Сол кезде жасөспірімдер арасында жалғыз өзі үш айналым лутц секірді. "Бұны қалай үйреткен, қатарынан оқ бойы озық тұр ғой" деп таң қалдым. Әкесі Станислав Шайдоровпен сөйлескенде сол кездегі қиындықтары, қаржы жетпейтіні туралы айтты.

Содан кейін 2024 жылдың күзінде сұхбат алдым. Аксель – ойлер – салхов бірегей үш айналым каскадты қашаннан бері жасап жүргені туралы сұхбаттастық. Өте қарапайым, ұяң, байсалды жігіт екені көрініп тұр. Содан кейін Мишаны қатты сыйлап кеттім. Ол кезде жарыстарда жүргенде жалғызсырайтынын, федерациядан ешкім болмайтынын айтты. Франция, Жапония, АҚШ секілді алпауыт елдермен бәсекеге түскенде олардың журналистері жүретінін, ал Михаил өзін ешкім іздеп бармағанын айтты. Олимпиада чемпионы болған соң енді іздеп барады. Алпауыт елдердің спортшыларында массажист, дәрігер, диетолог, акробатикадан, секіруден және сырғанаудан бөлек бапкер болады. Соның бәрінен федерациялар демеуші тауып береді. Ал Миша былтыр әлем чемпионатында күміс алғанға дейін әкесі, бапкері үшеуі күресіп келді.

Фото: Сали Сабиров, olympic.kz

Алексей Урмановтан, Мишаның өзінен сұхбат алдым. Мәнерлеп сырғанау туралы қазақша жазып жүрген санаулы адамның бірімін. Мишаның өзі қазақ тілінде сұхбат бергісі келетінін, бірақ ешкім алмайтынын айтты. Ал бапкері Алексей Урмановтан ешкім интервью алмаған. Біздің халықтың әрбір спорт түрін тек Олимпиадада қарайтыны қынжылтады. 

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан Жапония, Америка, Франция секілді мықты елдермен иық тірестіріп тұруы біз үшін жетістік. Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Мишаға көп көмектесті. Головкинмен кездескенде Мишаны жақсы хорегорафтарға апаруын сұраған едім. Голвкиннің өзі Михаилді мақтап: "Уайымдамаңыз, көмектесеміз. Ол – жақсы жігіт" – деген еді. Мишаны Олимпиадада қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, айтқанынан қайтпау алып шықты. Осылайша ол мәнерлеп сырғанау тарихында атын алтын әріппен жазды.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:36
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 16 Февраля 2026 16:14
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

На закрытой трассе Ушарал Достык столкнулись пять автомобилей

14 Февраля 2026 20:22see195

Лига быстро развивается : новый легионер Тобола высоко оценил уровень чемпионата Казахстана

14 Февраля 2026 21:08see180

Казахстанский конькобежец Евгений Кошкин занял девятое место на Олимпиаде 2026

14 Февраля 2026 21:51see177

Еще один рекорд установили на Олимпиаде 2026, казахстанки не попали в топ 10

15 Февраля 2026 21:57see172

Тело пропавшей женщины нашли в Актау

14 Февраля 2026 20:49see171

Пассажир автобуса ранил ножом людей в Германии

15 Февраля 2026 22:19see171

Илья Мизерных сотворил сенсацию на Олимпиаде

15 Февраля 2026 01:30see170

Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках Казахстана 15 февраля

15 Февраля 2026 11:32see170

Он стучал в двери и плакал . Очевидцы рассказывают об атмосфере страха в Миннесоте, где агенты ICE выслеживают мигрантов

14 Февраля 2026 20:09see169

Что скрывается за ломкостью ногтей и как помочь

15 Февраля 2026 05:29see168

Руководителя спецслужб сменили в Туркменистане вслед за Кыргызстаном

15 Февраля 2026 13:28see166

Комика Нурлана Сабурова внесли в базу Миротворец

15 Февраля 2026 12:30see166

Писал, звонил, выслеживал: жителя Кызылорды арестовали за сталкинг

15 Февраля 2026 00:34see165

В Астане сохранятся морозы до −20: прогноз на неделю

15 Февраля 2026 13:27see165

Магнитная буря началась на Земле: сколько она продлится?

15 Февраля 2026 13:28see160

Чемпиону Сурдлимпиады подарили квартиру в Мангистау

15 Февраля 2026 23:10see158

Владимир Путин с визитом посетит в мае Казахстан

15 Февраля 2026 14:25see157

Пожар произошел в остановочном павильоне у LRT в Астане

15 Февраля 2026 12:39see155

История верного пса изменила правила захоронения в Бразилии

15 Февраля 2026 06:48see155

Троих человек спасли из снежного заноса в Актюбинской области

14 Февраля 2026 23:20see152
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня