"Чемпион үшін рахмет". Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесіне уәделі көліктің кілтін табыстады
Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа бұған дейін уәде еткен Audi Q8 көлігін тарту етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады.
"Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым. Михаил керемет те тарихи өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстанда және оның шекарасынан тыс жерлерде миллиондаған адамға шабыт сыйлады. Алайда бұл салтанатты сәттің артында – күнделікті жылдар бойғы еңбек, қатаң тәртіп пен өз-өзін құрбан ету жатыр", – деп жазды Арсен Томский.
Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы
Бұл ретте ол Станислав Шайдоровтың ұлының болашағы үшін өз көлігін сатқанын еске салып, мұндай оқиға өзінің де басынан өткенін айтты.
"Бір кездері Станислав Александрович ұлының биік мақсатқа жету жолын қолдау үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болды. Бұл оқиға маған ерекше жақын. Мен де өзім сенген іс үшін екі рет көлігімді саттым: бір жолы қиын кезеңде командаға жалақы төлеу үшін, екінші жолы қаржы жетіспеген сәтте Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін", – деді ол.
Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы
Еске салайық, Михаил Шайдоров Олимпиада емпионы атанған кезде кәсіпкер оның әкесі әрі жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа су жаңа көлік сыйға тартуға уәде еткен болатын.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:32
Эта новость заархивирована с источника 24 Февраля 2026 12:01 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















