Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Сотрудничество тюркских стран в транспортно транзитной сфере важный фактор развития кооперационных связей

Придется на кострах готовить : жители Темиртау возмутились запретом газовых баллонов (видео)

Правительство РК готово к дальнейшему расширению партнерства с Фондом ООН в области народонаселения

Алматы ждут временные пробки: участок дороги закроют на ремонт

Плановую сейсмотренировку проведут в Алматы

Модульное обучение: в ЗКО активисты партии AMANAT развивают свои компетенции

В Казахстане выросла активность на рынке жилья

Президент подписал Указ о мерах по внедрению ИИ в систему среднего образования

Движение поездов LRT будет практически бесшумным

Названы решающие дни в развитии вспышки хантавируса

США договариваются с Данией об открытии новых военных баз в Гренландии

Древний след степной цивилизации: в Мангистау исследуют город с двухтысячелетней историей

Шагила Кусанова: как сирота стала легендарной радисткой семи фронтов

СМИ: Российскую певицу Линду вызвали на допрос

Казахстанцы активнее покупали жильё в апреле

И станет песок... черноземом

В столице 100 медсестер вступили в ряды AMANAT

Рынок ожил? Продажи жилья в Казахстане резко пошли вверх

Вспышка хантавируса: глава ВОЗ призвал страны мира готовиться к росту числа заболевших

Вспышка норовируса : лайнер с 1,7 тыс. человек изолировали после смерти пассажира во Франции

Актер Нұрғали Нұғман өзін продюсері зорлағанын мәлімдеді. Бұл хайп па, трагедия ма

Актер Нұрғали Нұғман өзін продюсері зорлағанын мәлімдеді. Бұл хайп па, трагедия ма

Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

Қазақстандық актер Нұрғали Нұғман әлеуметтік желіде видеожазба жариялады. Онда ол бала кезінде балалар арнасы аясындағы коммерциялық кино жобасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан жыныстық сипаттағы зорлық көргенін айтты. Актердің сөзінше, туысы "Балапан" телеарнасына қатысы бар жобаларда продюсер болып жұмыс істеген. Сол арқылы ол кино мен сериалдарға түсе бастаған. Бір түсірілім күнінен кейін ер адам оны кабинетте алып қалып, зорлық жасағанын мәлімдеді.

"Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң "Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың" деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды", – деді ол желіде жариялаған бейнежазбасында.

Актердің айтуынша, бұл жағдай оған ауыр психологиялық соққы болған. Ол видеода тіпті суицид туралы ойлар болғанын да айтты.

Видео жарияланғаннан кейін әлеуметтік желіде қызу талқылау басталды. Желі қолданушылары күдіктінің аты-жөнін жариялауды және оның балалармен әлі де жұмыс істеп-жұмыс істемейтінін анықтауды талап етті.

Кейін Нұрғали Нұғман тағы бір видео жариялап, алғашқы мәлімдемесінде "Balapan" телеарнасын коммерциялық жобамен шатастырып алғанын айтты. Сонымен қатар бір сұхбатқа келіскенін, сол жерде бәрін ашық айтатынын мәлімдеп, желіге жариялаған мәлімдемесін өшіріп тастады. 

"Балапан" телеарнасы ресми мәлімдеме жасады

Оқиғадан кейін "Balapan" телеарнасы ресми мәлімдеме жасады. Арна хабарлауынша, 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған телеарнаның штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған.

"Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады. "Балапан" телеарнасы азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырады", – деп жазылған арнаның ресми мәлімдемесінде.

Осыдан кейін желіде оқиғаның нақты қай жерде болғанына қатысты талқылау күшейді. Арнаны әр жылдары басқарған тұлғалар да пікір білдірді.

Ләйлә Сұлтанқызы Threads желісінде аутсорсерлік жүйемен жұмыс істейтін жобаларда көптеген сыртқы компания қызмет ететінін жазды.

"Балапан" арнасын лас әңгімеге араластырудың қажеті жоқ. Дәлел, дәйексіз біреу солай айтты екен деп бүкіл арнаның жұмысын, қызметкерлерін жаман атты қылған дұрыс емес! "Балапан" арнасына көптеген компания аутсорсер болып, түрлі хабарлар, сериалдар, мультфильмдер түсіреді. Әр аутсорсер компанияда ондаған, жүздеген адам еңбек етеді. Арна қызметкерлері барлығын танымауы қалыпты жағдай. Арна – тапсырыс беруші, ауторсер компания тапсырылған жұмысты келісім-шарт аясында орындаушы ғана. Мен істеген жылдары (2012-2016) ер продюсерлер аз болды және олар штаттан тыс жұмыс істеді. Егер жәбірленуші кінәліні біліп, шынымен жазалануын қаласа, бірінші, арыз жазылып, іс қаралар еді. Жалпы айналысатын жауаптылар бар ғой", – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Арнаның тағы бір бұрынғы басшысы Мақпал Жұмабай да оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Мен зорлық-зомбылықтың бәрін, соның ішінде балаларға қарсы жасалған барлық қылмысты айыптаймын. Кешелі бері "Балапан" телеарнасында болды делінген, кейіннен басқа коммерциялық жобада орын алды деген оқиға қоғамды дүр сілкіндіргені рас. Бұл оқиғаны ақтауға келмейтін, орны толмас қасірет деп санаймын. Өзін қылмыс құрбанымын деп жариялаған Нұрғали інімізге жан жарасынан айығуды тілеймін. Бұл оқиға қоғамдық орындардағы, түсірілім алаңдарындағы, кез-келген жердегі бала қауіпсіздігі мәселесін қайта қарауымыз қажет екенін, бала қауіпсіздігі алдындағы әр тараптың жауапкершілігін жан-жақты сараптау, сонымен қатар, телеарналарға, басқа да ұйымдарға - платформаларға балалардың қатысуымен контент өндіретін кез-келген мекеменің құқықтық жауапкершілігін күшейту қажеттігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік медиада бұл ақпаратты хайп деп жатқандар баршылық. Әрине бұл әңгіме расталмаса, бір баланың болса да зорлығы туралы ақпарат жалған боп шықса, қуанар едім. Дәл қазіргі сәтте Нұрғалидың жан саулығы, менталды амандығы басты мәселе деп білемін. Айтылған деректер тексеріліп, тексеруші ұйымдардың тарапынан нақтыланары анық", – деп жазды  Мақпал Жұмабай.

Полиция іске кірісті

Алматы қалалық Полиция департаменті Нұрғали Нұғманның бейнеүндеуіне қатысты ресми тексеру басталғанын хабарлады.

Ресми мәліметке сүйенсек, әлеуметтік желідегі видео-мәлімдеме тіркеліп, процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары бейнежазбада айтылған деректерді, оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен куәгерлерді анықтап жатыр.

"Полиция өкілдері балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы кез келген мәлімдеме ерекше бақылауда болатынын атап өтті. Егер айтылған фактілер расталса, кінәлілерге Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қолданылады", – деп жазылған ресми хабарламада.

Нұрғалимен жұмыс істейтін контент жасаушы не дейді?

Оқиға әлеуметтік желіде кең тарағаннан кейін Instagram-дағы контент жасаушы Асанәлі Құманғазы бірнеше хикая жариялады. Ол Нұрғали Нұғманды өзінің тәлімгері деп таныстырды. "Тарих жазып жатырмыз" деп жазылған хикаяда ол:

"Неге бәрің сондай ашушаңсыңдар? Қаншама адам "ұят қайда, ар қайда, намыс қайда?" деп жатыр... Ол өзі маған келді. Өзі "танымал болғым келеді", "ақша тапқым келеді", "отбасымды қамтамасыз еткім келеді", "қарыздарымды жапқым келеді" деді. Оның шынайы оқиғасы бар. Ол өзін көрсеткісі келді, сол оқиғаны халыққа жеткізгісі келді. Соның арқасында қаралым жинап, хайп жасағысы келеді. Бұл да құрал ғой. Ол жасады – ақша тапты. Ең бастысы нәтиже емес пе, жігіттер? Ал мен өз жұмысымды істеп отырмын. Осында отырып алып, адамдардың эмоциясын басқарып отырмын. Кім не десе де бәрібір, шынымды айтсам. Бірақ шын мәнінде дәл солай болып тұр. Ал ар жақтағы үлкен ағалар тіпті сананы басқарып отыр", – деді ол.

Кейін ол тағы бір сторис жариялап: "Хейт жазып жатқан адамдар, сендер әлі ойынды түсінбедіңдер" деп жазды. Онда оқиғаның көп қаралым жинап, Қазақстандағы барлық медиакеңістіктің күн тәртібіне шыққанын жеткізді және оны "жұлдызды сәт" деп сипаттады.

Келесі сторисінде Нұрғалидің басынан өткен трагедияны қалай сценарийге айналдырғанын түсіндірді.

"Нұрғали маған "Тәлімгер болуға келдім, өзімді көрсеткім келеді, контент жасағым келеді" деді. "Жарайды, онда жұмыс істейік" дедім. Ақшасын береді, жұмыс істеп жатырмыз. Сосын "жарғым келеді" деді. "Осындай оқиғам бар, мұны тек саған айтайын. Бірақ білмеймін, қорқып тұрмын, айта аламын ба, айта алмаймын ба" деді. “Қандай оқиға?” деймін. Сосын тарс-тарс айтып береді. Мен оның оқиғасын аламын да, соған мықты сценарий жасатып беремін. "Қазір мынаны саласың, бүкіл Қазақстанды шулатасың" деймін. Ол салады. Бір күннің ішінде "бам!". Бұл рекорд болды. Бұған дейін де мықты кейстер болды, бірақ бұл – рекорд", – деді.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәлімдемелерге байланысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бір бөлігі жыныстық зорлық тақырыбын "хайп", "кейс", "қаралым" секілді терминдермен сипаттауды сынға алды. Ал енді бір бөлігі әр адамның өз оқиғасын қоғамға қалай жеткізетінін өзі шешетінін айтып жатыр.

"Адамдар қандай контентпен таң қалдырарын білмей жатыр"

Маркетолог, продюсер Ұлбала Төлегеннің айтуынша, қазіргі әлеуметтік желілердегі контент бәсекесі күшейген сайын аудиторияның назарын ұстап тұру барған сайын қиындап барады. Оның сөзінше, күнделікті әрі бейтарап тақырыптар бұрынғыдай көп реакция жинамайды, сондықтан контент жасаушылар эмоцияға әсер ететін, қоғамда қызу талқыланатын оқиғаларға жиі жүгінеді.

"Қазір әлеуметтік желінің дамып кеткені сонша, адамдар қандай контентпен таң қалдырарын білмей жатыр. Сол үшін де жай, күнделікті тақырыптар өтпейді. Осындай сенсация, көп адамның басынан өткен және көп адам жария етуге қорқатын оқиғалар "өтеді", – дейді маман.

Маркетолог әлеуметтік желіде "шок-контенттің" жиі таралуын платформалардың жұмыс принципімен де байланыстырады. Айтуынша, аудитория неғұрлым көп пікір жазып, бөліскен сайын контенттің қамту көрсеткіші артады. Сондықтан кейбір авторлар қоғамда резонанс тудыратын тақырыптарды әдейі таңдауы мүмкін. Сонымен бірге ол мұндай жағдайда медиаэтика мен аудитория алдындағы жауапкершілік мәселесі де қатар жүруі керек екенін атап өтті.

"Мұндай оқиғаларды талқылағанда адамға емес, мәселеге назар аудару маңызды"

Психолог Әсем Айтмұхамбетованың пайымдауынша  бала кезде көрген зорлық-зомбылық жай ғана "жаман естелік" емес. Бұл – адамның әлемге деген базалық сенімінің бұзылуы.

"Мұндай травманың салдары көбіне кешенді посттравматикалық стресс бұзылысы (К-ПТСР), депрессиялық жағдайлар, диссоциация (адамның өз денесінен алыстап кеткендей күй кешуі), агрессияның кенеттен пайда болуы немесе терең кінә сезімі түрінде байқалады. Мұндай жағдай адамның қарым-қатынас құруына да әсер етеді. Ересек өмірде адамға жеке шекара қалыптастыру өте қиын болады. Кейбірі тым жабық болып кетсе, енді бірі керісінше тәуелді әрі деструктив қарым-қатынастарға түседі. Көп жағдайда бұл – өткендегі сценарийді бейсаналы түрде қайталау. Бұл травманың салдары психотерапиялық көмек болмаса, ондаған жыл сақталуы мүмкін. Себебі ми тура мағынасында "тірі қалу режимінде" қалып қояды", – дейді маман.

Психологтың пікірінше, сексуалдық зорлық туралы көпшілік алдында айту адамның психикасына ауыр салмақ түсіреді.

"Травма туралы жария түрде айту – өте үлкен психологиялық тәуекел. Ұят пен кінә сезімі ең үлкен кедергі болады. Жәбірленуші агрессордың әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнына алып жүреді. Бұл жерде ретравматизация қаупі де бар. Адам өз оқиғасын көпшілік алдында айтқанда аудитория тарапынан екінші рет "зорлыққа" ұшырауы мүмкін. Оған сенбеу, келеке ету немесе "пиар үшін жасап жатыр" деген айыптаулар әсер етеді", – дейді психолог.

Неліктен адамдар мұндай оқиғаларды жария түрде айтады? Психолог мұны адамның өз өмірі мен тарихын бақылауға қайта ұмтылуымен байланыстырады.

"Көп жағдайда бұл – өз өмірі мен тарихын бақылауды қайта қолға алу әрекеті. Травмасы туралы дауыстап айту – үнсіз қалған құрбаннан өз тарихын өзі басқаратын адамға айналу жолы", – дейді ол.

Алайда маманның пікірінше, қазіргі әлеуметтік желі кеңістігінде жеке трагедияны монетизация мақсатында қолданудың бірнеше салдары болуы мүмкін.

"Оқиға шынайы болған жағдайда да, оны жеткізу формасына бала кезде болмаған қолдауды қазір алуға деген қажеттілік әсер етуі мүмкін. Әлеуметтік желілер лайк пен пікір арқылы жылдам сауығып кеткендей иллюзия береді. Бұл жерде этикалық мәселе де бар. Травманы контент ретінде пайдалану – екіұшты құбылыс. Бір жағынан, бұл зорлық тақырыбы туралы ашық айтуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, ауыр тәжірибенің тауарға айналу қаупі бар. Бұл қоғам алдында трагедияны кезекті ақпараттық себеп деңгейіне түсіріп жіберуі мүмкін", – дейді маман.

Әсем Айтмұхамбетова мұндай оқиғаларды талқылағанда адамға емес, мәселеге назар аудару маңызды екенін айтты.

"Қоғам "идеал құрбан" күтеді. Жәбірленушінің белгілі бір образда әрекет етуін күтеді. Жылауы, тыныш жүруі, жабық жүруі керек деп ойлайды. Бірақ адам эпатаж, ирония немесе өз ауыр тәжірибесін монетизациялау арқылы да қорғануы мүмкін. Бұл травманың болмағанын білдірмейді. Ең басты сұрақ "Ол неге мұны жариялады?" емес, "Неге балалар әлі күнге дейін қорғансыз?" болуы керек. Себебі құрбанға сенбеу – мыңдаған адамның әлі де үндемей жүруіне себеп болатын факторлардың бірі", – дейді маман.

Психолог қазіргі таңда әлеуметтік желідегі жария кеңістік кей адамдар үшін терапия құралына айналғанын айтады. Алайда бұл үлкен психологиялық тұрақтылықты талап етеді. 

"Қоғам ретінде бізге оқиғаның берілу формасы даулы көрінсе де, жәбірленушіге деген эмпатияны жоғалтпау маңызды", – деп қорытындылады ол.

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:87
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 14 Мая 2026 15:19
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Сотрудничество тюркских стран в транспортно транзитной сфере важный фактор развития кооперационных связей

12 Мая 2026 18:26see576

Придется на кострах готовить : жители Темиртау возмутились запретом газовых баллонов (видео)

12 Мая 2026 23:16see299

Правительство РК готово к дальнейшему расширению партнерства с Фондом ООН в области народонаселения

12 Мая 2026 19:05see289

Алматы ждут временные пробки: участок дороги закроют на ремонт

12 Мая 2026 18:02see154

Плановую сейсмотренировку проведут в Алматы

12 Мая 2026 19:15see152

Модульное обучение: в ЗКО активисты партии AMANAT развивают свои компетенции

12 Мая 2026 18:01see146

В Казахстане выросла активность на рынке жилья

12 Мая 2026 19:45see145

Президент подписал Указ о мерах по внедрению ИИ в систему среднего образования

12 Мая 2026 18:04see145

Движение поездов LRT будет практически бесшумным

12 Мая 2026 18:01see143

Названы решающие дни в развитии вспышки хантавируса

12 Мая 2026 18:26see140

США договариваются с Данией об открытии новых военных баз в Гренландии

13 Мая 2026 00:08see140

Древний след степной цивилизации: в Мангистау исследуют город с двухтысячелетней историей

12 Мая 2026 17:08see138

Шагила Кусанова: как сирота стала легендарной радисткой семи фронтов

12 Мая 2026 18:02see137

СМИ: Российскую певицу Линду вызвали на допрос

12 Мая 2026 23:16see136

Казахстанцы активнее покупали жильё в апреле

12 Мая 2026 19:44see136

И станет песок... черноземом

13 Мая 2026 02:42see136

В столице 100 медсестер вступили в ряды AMANAT

12 Мая 2026 22:41see136

Рынок ожил? Продажи жилья в Казахстане резко пошли вверх

12 Мая 2026 20:59see134

Вспышка хантавируса: глава ВОЗ призвал страны мира готовиться к росту числа заболевших

12 Мая 2026 19:02see132

Вспышка норовируса : лайнер с 1,7 тыс. человек изолировали после смерти пассажира во Франции

13 Мая 2026 21:39see131
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня