Антирекорд: Қазақстандық балуандар алғаш рет Азия чемпионатының финалына өте алмады
Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ, информирует.
Бішкекте күрес түрлерінен өткен Азия чемпионаты аяқталды. Алайда, бұл чемпионат еліміздің балуандары үшін табыссыз аяқталды. Қазақстан қанжығасында грек-рим күресі бойынша бір алтын медаль және классикалық күрес түрлерінен үш қола медаль ғана бар.
Спорт сарапшылары бұған "антирекорд" деген баға беріп отыр.
"Ұлттық құрамамыз күрестің үш бағытынан бір ғана алтын алды. Оны грек-рим күресі бойынша Алматбек Аманбек иеленді. Бұдан бөлек, классиктер еншісінде үш қола бар. Ал, әйелдер күресі мен еркін күресте ешбір балуан финалға шықпады. Қазақстандық балуандар тарихта алғаш рет Азия чемпионатының финалында күреспеді. Бұған дейін кемі бір алтын жеңіп алатын. Ал,бұл жолы әйелдер күресінде бір қоланы, еркін күресте екі қоланы қанағат тұттық. Бұл – өте төмен көрсеткіш", – деп жазды спорт сарапшысы Аслан Қаженов өз әлеуметтік парақшасында.
Еске, салайық, биылғы Азия чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков, Едіге Қасымбек қола медаль иеленді. Еркін күрестен жалпы есепте Қазақстан 11 құрама арасынан оныншы орынға ғана табан тіреді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:88
Эта новость заархивирована с источника 13 Апреля 2026 12:24 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















