Қазақстандық мұғалімдер авторлық оқу бағдарламасын жазудан босатылады
Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда мұғалімдерден енді авторлық бағдарлама жазу талап етілмейтінін хабарлады.
"Біз мұғалімдермен бірге бұл мәселені ұзақ уақыт талқыладық. Авторлық оқу бағдарламалары да тоқтатылады. Енді авторлық оқу бағдарламасын жазудың және ұсынудың қажеті жоқ", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Айта кетейік, авторлық оқу бағдарламасы – жалпы білім беру стандартына сай оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын, мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалатын, нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған, педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылық іс.
Былтыр желтоқсанда оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова былтыр авторлық бағдарлама жазу жүйесі нақты күткен нәтижені бермегенін айтқан болатын.
"Біз бұл талаптың білім беру үдерісінің сапасына нақты қаншалықты әсер ететінін, сондай-ақ дайындалған бағдарламалардың тәжірибеде қаншасы қолданылып жатқанын анық көріп отырған жоқпыз", – деген еді министр.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:106
Эта новость заархивирована с источника 09 Апреля 2026 12:28 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















