Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

В Астане горело двухэтажное здание

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

Подделка на зубок

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

Крылатые хищники в небе Бозанбая

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

Около 90 собак остались без хозяина: акимат подключился к спасению животных под Алматы

⁠Новые месторождения есть, а новых заводов нет. Почему Казахстан отстает в переработке меди

Мужчина крал тонометры в Уральске

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

Таяу Шығыстағы соғыс: Елге қайта алмай қалған қазақстандық туристердің жағдайы қалай

Таяу Шығыстағы соғыс: Елге қайта алмай қалған қазақстандық туристердің жағдайы қалай

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

АҚШ пен Израиль әскери күштерінің Иранға жасаған әуе шабуылдарынан соң Таяу Шығыстағы әуе кеңістігі жабылып, үшінші күн қатарынан жүздеген рейс тоқтатылып, мыңдаған рейс кейінге шегерілді. FlightAware мәліметінше, бүгін таңертең 1239 рейс тоқтатылса, 28 ақпанда шамамен 2800 рейс, ал жексенбіде 3150-ден астам рейс тоқтатылды. 

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуінен Біріккен араб әмірліктері, Катар секілді елдерде саяхаттап жүрген Қазақстан азаматтары елге қайта алмай отыр. Информбюро порталы олардың жағдайы қалай екенін, қандай көмек көрсетіліп жатқанын баяндайды.

Таяу Шығыста не болып жатыр?

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп 8 минуттық мәлімдемесінде Тегеранды ядролық бағдарламаны дамытып жатқаны үшін айыптап, Иранға қарсы "ірі әскери операция" басталғанын жариялады. Трамптың сөзінше, операцияның мақсаты – "Иран режимінен төнген қатерге төтеп беру". Операция салдарынан Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. 

Аймақтағы шиеленіс Парсы шығанағы елдеріне де әсер етті. Шабуылға жауап ретінде Иран Израильмен қатар АҚШ әскери базалары орналасқан Қатар, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктеріне баллистикалық зымырандар жіберді. Жарылыс жаңғырығы Кувейтте де естілді. 

Әлемдегі ең қарбалас халықаралық әуе торабы Дубай үшінші күн қатарынан жабылды. Абу-Даби мен Доха да жабылып, қатаң шектеулер енгізді. Flightradar24 мәліметінше, дүйсенбіде Иран, Ирак, Кувейт, Израиль, Бахрейн, БАӘ және Катар үстіндегі әуе кеңістігі іс жүзінде бос қалды. 2020 жылы коронавирус пандемиясынан бері дәл мұндай жағдай болмаған еді.

Дубайда орналасқан Emirates Airlines, Абу-Дабиде орналасқан Etihad Airways және Дохада орналасқан Qatar Airways әуе компаниялары жүздеген рейсін тоқтатты.

Сарапшылар Парсы шығанағындағы үш ірі транзит хабының бір уақытта жабылуымен қоса осы аймақтағы әуе кеңістігінің бір тәуліктен астам уақытқа жабылуы секілді дәл мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған деп отыр. 

Atmosphere Research Group президенті, әуе саласының талдаушысы Генри Хартевелдт саяхатшылар таяу күндері шабуылдар тоқтамайынша рейстердің кейінге шегерілуіне, тіпті тоқтатылуына дайын болуы керек екенін ескертті. 

Қазіргі таңда бұл аймақтан кеткісі келетіндер үшін Сауд Арабиясы ғана жалғыз нұсқа болып отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады. Мемлекет басшысы достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайды.

"Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды", – делінген хатта.

Қазақстан азаматтарының жағдайы қалай

Таяу Шығыс елдерінде жүрген Қазақстан азаматтарына көмек беру мақсатында сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы құрылды. Қазақстанның Тегерандағы Елшілігі Ирандағы қазақстандықтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желісін іске қосты. Сыртқы істер министрлігі азаматтарға адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, қажетсіз сапарларды шектеуге және дипломатиялық өкілдіктермен тұрақты байланыста болуға кеңес берді.

Қазақстанның шетелдегі мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, азаматтарға қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Таяу Шығыс елдерінде, сондай-ақ транзиттік аймақтарда жүрген азаматтардың тізімдері өзектендіріліп жатыр. Мессенджерлерде жедел чаттар құрылып, өзекті сұрақтарға жауаптар және елдегі жағдай туралы ақпарат және тиісті ұсыныстар беріліп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсынымдарын сақтауға, қатерлі аймақтардан аулақ болуға, сондай-ақ енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз", – делінген СІМ хабарламасында.

СІМ-де және шетелдегі мекемелерінде шұғыл байланыс желілері ашылды. Қақтығыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарының саны туралы ақпарат нақтыланып жатыр. СІМ мәліметінше, транзиттік аймақтарда жүрген азаматтардың нақты санын атау қиын.

ҚР дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері туристік компаниялармен бірлесе, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарды орналастыру мәселелерінде қолдау көрсетіп жатыр. Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан шығару бойынша шаралар мен бағыттар пысықталуда.

"Туристік Қамқор" тур сатып алып, БАӘ мен Катарда жүрген туристердің санын мәлімдеді.

"2 наурыздағы жағдай бойынша Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты бірқатар әуе компанияларының рейстері тоқтатылды. Қазақстандық туристер Парсы шығанағы аймағында әуе кеңістігі ашылғанға дейін осы елдерде болуға мәжбүр. Туркоды бар қазақстандық туристер қонақүйлерге орналастырылып, оларға тамақтану ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта БАӘ-де – 2 540 турист, Катарда 1 061 турист бар", – деп мәлімдеді "Туристік Қамқор".

Туроператорлар арқылы, яғни туркодпен шыққан қазақстандықтар қонақүйлерге орналастырылған. Оларға тұру және тамақ шығындары төленеді.

Ирандағы қазақстандықтар құрлық арқылы елге оралуы мүмкін

Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажет екенін ескертеді. Осыған байланысты мыналарды қатаң сақтауды сұрайды: 

адам көп жиналатын орындарға бармай, бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту; жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау; қажеті жоқ сапарларға шықпау; жеке құжаттарды әрдайым бірге алып жүру; төтенше жағдайларға дайын болу; Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты:

ҚР Тегеран қаласындағы Елшілігі. Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933. Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672; ҚР Горган қаласындағы Бас консулдығы. +98 912 298 0350 (ұялы телефон), +98 173 252 0443 (жұмыс телефоны), +7 701 771 34 01 (WhatsApp). ҚР Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы. +98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).

Сол жақта жүрген азаматтар консулдық көмекке жүгіну үшін осы нөмірлерге хабарласып, орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

"Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран мен Әзербайжан, Иран мен Армения, Иран мен Түркия және Иран мен Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Әуе рейстері қашан қайта іске қосылады?

Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Штаб құрамына Азаматтық авиация комитетінің, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Қазаэронавигация" РМК, Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT және Vietjet Қазақстан авиакомпанияларының өкілдері кіреді. Отырыс барысында Таяу Шығыс елдеріндегі ағымдағы жағдай, тоқтатылған рейстердің жолаушыларын қолдау шаралары, әуе компанияларының баламалы және қауіпсіз авиамаршруттарды пайдалана отырып, жолаушыларды Қазақстанға қайтару жөніндегі жоспарлары талқыланды.

"Қазіргі уақытта Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан әуе кеңістігі жабық немесе тұрақсыз жағдай сақталып отыр. Осы елдерден Қазақстанға 28 ақпанда 14 рейс және 1 наурызға 12 рейс тоқтатылды", – деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Шектеулі рейстер орындалып жатқан елдер бойынша мониторинг нәтижелері, аталған мемлекеттердегі жолаушылар саны, оның ішінде ҚР азаматтарының жағдайы да штаб отырысында қаралды. Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын алып келу үшін баламалы әрі қауіпсіз әуе бағыттары қаралып, әуе кеңістігі ашылған жағдайда әуе компаниялар әуе кемелерін ұсынуға және кері рейстерді орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Kaspi клиенттеріне ақша төлейді

Кей азаматтар шетелге турды банк қосымшалары арқылы алады. Осы орайда Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы тур немесе барып қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсететін мәлімдеді. 

Сол өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold-қа күн сайын әр ересек адамға – 35 мың теңге, әр балаға 15 мың теңге материалдық көмек аударылады. 

Air Astana Таяу Шығыс елдеріне барлық рейстің мәжбүрлі түрде уақытша тоқтатылуына байланысты Доха, Дели және Дубайда қалып қойған 735 жолаушыны қонақүйге бір тәулікке тегін орналастырды. 

Жолаушыларға жедел көмек көрсету мақсатында "Авиациялық әкімшілік" АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды: +7 7172 77 98 21, +7 7172 79 82 13, +7 7172 79 82 14.

Рейс мәртебесін білу үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет:

Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77; FlyArystan: +7 727 331 10 10, WhatsApp: +7 702 702 02 27; SCAT Airlines: +7 7252 99 88 80; Qazaq Air: +7 727 356 14 14; Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай: +7 7172 702 999; Алматы халықаралық әуежайы: +7 727 228 00 19.
Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:131
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 02 Марта 2026 16:45
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

12 Октября 2026 16:55see297

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

12 Октября 2026 17:28see170

В Астане горело двухэтажное здание

12 Октября 2026 15:28see169

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

12 Октября 2026 16:06see166

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

12 Октября 2026 17:22see165

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

12 Октября 2026 13:33see161

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

12 Октября 2026 11:49see159

Подделка на зубок

12 Октября 2026 19:49see158

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

12 Октября 2026 13:31see157

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

12 Октября 2026 13:32see154

Крылатые хищники в небе Бозанбая

12 Октября 2026 12:43see153

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

12 Октября 2026 18:29see147

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

12 Октября 2026 17:28see139

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

12 Октября 2026 20:28see138

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

12 Октября 2026 23:14see138

Около 90 собак остались без хозяина: акимат подключился к спасению животных под Алматы

12 Октября 2026 13:54see134

⁠Новые месторождения есть, а новых заводов нет. Почему Казахстан отстает в переработке меди

12 Октября 2026 11:46see134

Мужчина крал тонометры в Уральске

12 Октября 2026 19:12see133

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

12 Октября 2026 20:03see131

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

12 Октября 2026 19:53see130
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня