Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В столовой физико математической школы Алматы выявлены нарушения санитарных требований Аналитический интернет журнал Власть

Если вдруг выборы или ЧС . Сколько правительство отложило на непредвиденные расходы

Как завод из Костаная поставляет продукцию в Китай, США и даже Бразилию

Это не значит, что претензии Дональда Трампа необоснованны . Суд сохранил СМИ доступ в Белый дом

Кайрат повторно выиграл у черногорцев в Юношеской Лиге УЕФА

Кайрат матчем в Риге стартует в футбольной Лиге конференций

Тела женщины и двоих детей нашли на месте пожара в ВКО

От АЭС до камелчино

Повышение НДС до 16% не принесло ожидаемого роста доходов бюджета депутат

Интеллект важнее происхождения

Китайский спасательный круг

Почему богатая медью страна не может просто построить больше заводов? Айдархан Кусаинов об экономике переработки

Сколько казахстанцев могут лишить пособий

Шесть фигурантов дела о гибели матросов на Каспии находятся под стражей. Список окончательный?

Как страхование жизни меняется вместе с человеком

Полмиллиона казахстанцев считаются богатыми и обеспеченными людьми

После сбоя Яндекса в Казахстане потребовали проверить защиту данных

Пульмонолог назвал первые признаки проблем с легкими

Бывшего главаря банды приговорили к 40 годам тюрьмы за организацию убийства Тупака Шакура

МЭА: дефицит дизеля в мире может затянуться до 2027 года

Қажылық 2026: Таяу Шығыстағы жағдай қасиетті парызды өтеуге кедергі емес пе

Қажылық 2026: Таяу Шығыстағы жағдай қасиетті парызды өтеуге кедергі емес пе

Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.

2026 жылғы қажылық маусымында ұйымдастыру жұмыстары мен қызмет көрсету сапасында айтарлықтай өзгерістер бар. Отандық қажыларға бөлінген квотаның игерілуі, әуе қатынасындағы қауіпсіздік шаралары және жаңадан іске қосылған цифрлық платформалардың тиімділігі туралы ҚМДБ өкілі, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Дүйсенбай Informburo порталының сұратым хатына берген жауабында баяндады. 

Қауіпсіздік қажылардың өздеріне де байланысты

"Қазіргі жағдайда алаңдаушылықтың болуы орынды. Біз тек ұйымдастыру емес, түсіндіру жұмыстарын да қатар жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен, қажылық – шамасы жететін, жағдайы келетін адамға ғана парыз. Егер денсаулығыңыз немесе ішкі қорқынышыңыз сапарға кедергі келтірсе, шариғат бойынша мәжбүрлік жоқ. Шешімді байыппен қабылдаған жөн. Ал баруға бекінген жандарға тек ресми туроператорларға сенуді, топ жетекшісімен үнемі байланыста болуды және әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарға ермеуді ескертеміз. Біздің мақсатымыз – әрбір отандасымыздың қасиетті сапардан аман-есен, рухани түлеп оралуына жағдай жасау", – деді Кенжеәлі қажы Дүйсенбай. 

ҚМДБ өкілінің айтуынша, биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру кезінде әлемдік нарықтағы бағаның өсуі, әуе қатынасы мен қонақүй қызметтерінің қымбаттауы, сондай-ақ валюта бағамының тұрақсыздығы жалпы шығынға өз әсерін тигізген. Дегенмен, діни басқарма қажыларға артық қаржылық салмақ салмауды басты орынға қойып отыр.

"Біз жауапты туроператорлармен келіссөз жүргізіп, қызмет сапасын төмендетпей, бағаны тиімді деңгейде сақтауға күш салдық. Әсіресе Мекке мен Мәдинадағы қонақүй, ішкі көлік қатынасы мен әуе билеттері бойынша оңтайлы шешімдер қабылданды. Отандық және саудиялық әуе компанияларымен келісе отырып жол ақысын біршама арзандаттық. Бұл қазақстандық қажылар үшін пакет құнының қолжетімді болуына септігін тигізді. Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі 2026 жылға Қазақстан үшін 4 мың квота бөлді. Қазіргі таңда арнайы рұқсат алған 14 туроператор қажыларды тіркеу жұмыстарын аяқтады, яғни бөлінген орындар толық игерілді", – деді наиб мүфти. 

Оқи отырыңыз: Сауд Арабиясына ұмра қажылығы сапарлары уақытша тоқтатылды

Қажылардың денсаулығына кім жауапты

ҚМДБ өкілдерінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен талабы бойынша, биыл қажылыққа баратын барлық азамат менингококк инфекциясына қарсы міндетті түрде вакцина салдыруы тиіс.

Сондай-ақ, қажылардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық қажылық миссиясының құрамына 4 білікті маман енген. Бұған қоса, туроператорлармен бірге тағы 15 дәрігер барады. Олардың арасында терапевт, кардиолог мен хирургтар бар. Алғашқы көмекке қажетті дәрі-дәрмек қоры толық дайындалған. Дегенмен, діни басқарма өкілдері созылмалы ауруы бар азаматтарға өзіне қажетті дәрілерін жеткілікті мөлшерде, сыртындағы атауы көрінетіндей түпнұсқа қаптамасымен бірге алып жүру қажеттігін айтып отыр. 

"Қазір қажылық саласы қарқынды цифрландырылып жатыр. Мысалы, Nusuk Hajj платформасы сапарды ұйымдастыруды жеңілдетіп, барлық үдерістің ашық болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ біз отандастарымыз үшін Qajy Guide атты арнайы мобильді қосымшаны іске қостық (Android және iOS жүйелерінде қолжетімді). Онда виртуалды тур, қажетті дұғалар мен карталар, қажылық ережелері жинақталған. Бұған қоса, барлық облыс орталықтарындағы мешіттерде арнайы дәрістер өткізіліп, қажылықтың рухани және техникалық талаптары егжей-тегжейлі түсіндіріліп жатыр. Биылғы басты ерекшелік – цифрландырудың күшеюі мен қауіпсіздік талаптарының қатаңдауы. Бұл сапардың ретті әрі қауіпсіз өтуіне оң әсер етеді. Алғаш баратын қажыларға айтарымыз: бұл сапар – ең алдымен үлкен құлшылық. Сондықтан барынша сабырлы болып, тәртіпке бағыну маңызды. Сапар алдында діни басқарма әзірлеген анықтамалық кітаптарды мұқият оқып, тек ресми ақпарат көздері мен топ жетекшілерінің нұсқауларына сүйенуді сұраймыз", – деді наиб мүфти Кенжеәлі қажы Дүйсенбай. 

Оқи отырыңыз: Қажылық та, қаражат та жоқ: Астанада туристік компания атын жамылған алаяқ 2,2 млн теңге жинап алған

Таяу шығыстағы жағдайдың ықпалы қандай

ҚМДБ өкілі Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселесі қалай қарастырылғаны туралы да жауап берді. 

"Қажылардың амандығы – біз үшін ең басты мәселе. Бұл бағытта Сауд Арабиясының құзырлы органдарымен, дипломатиялық өкілдіктермен және әуе компанияларымен тығыз байланыстамыз. Қауіпсіздік шаралары мен ақпарат алмасу тетіктері толық пысықталған. Биыл қажыларымызды Air Astana, SCAT және саудиялық Flyadeal компаниялары тасымалдайды. Ұшақтар Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан Джидда мен Мәдинаға тікелей ұшады. Халықаралық талаптарға сай, әуе бағыттары қауіпсіздікке байланысты үнемі тексеріліп отырады. Қазіргі таңда таңдалған бағыттар – ең қауіпсіз дәліздер. Сондай-ақ, Қазақстанның қажылық миссиясы кез келген төтенше жағдайда дипломатиялық корпуспен және Сауд Арабиясының жауапты мекемелерімен бірлесіп әрекет етудің нақты жоспарын бекіткен", – деді Кенжеәлі қажы Дүйсенбай.

Оқи отырыңыз: Қажылық жолдамасын сыйға беру қаншалықты дұрыс және бұл ретте нені ескеру керек

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:201
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 10 Апреля 2026 15:38
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В столовой физико математической школы Алматы выявлены нарушения санитарных требований Аналитический интернет журнал Власть

14 Октября 2026 20:44see121

Если вдруг выборы или ЧС . Сколько правительство отложило на непредвиденные расходы

14 Октября 2026 21:41see118

Как завод из Костаная поставляет продукцию в Китай, США и даже Бразилию

14 Октября 2026 21:25see118

Это не значит, что претензии Дональда Трампа необоснованны . Суд сохранил СМИ доступ в Белый дом

14 Октября 2026 21:42see117

Кайрат повторно выиграл у черногорцев в Юношеской Лиге УЕФА

14 Октября 2026 21:23see115

Кайрат матчем в Риге стартует в футбольной Лиге конференций

14 Октября 2026 21:23see114

Тела женщины и двоих детей нашли на месте пожара в ВКО

14 Октября 2026 21:42see114

От АЭС до камелчино

14 Октября 2026 21:14see114

Повышение НДС до 16% не принесло ожидаемого роста доходов бюджета депутат

14 Октября 2026 21:40see114

Интеллект важнее происхождения

14 Октября 2026 21:14see113

Китайский спасательный круг

14 Октября 2026 21:14see113

Почему богатая медью страна не может просто построить больше заводов? Айдархан Кусаинов об экономике переработки

14 Октября 2026 21:42see113

Сколько казахстанцев могут лишить пособий

14 Октября 2026 21:32see112

Шесть фигурантов дела о гибели матросов на Каспии находятся под стражей. Список окончательный?

14 Октября 2026 21:42see111

Как страхование жизни меняется вместе с человеком

14 Октября 2026 21:23see110

Полмиллиона казахстанцев считаются богатыми и обеспеченными людьми

14 Октября 2026 20:45see110

После сбоя Яндекса в Казахстане потребовали проверить защиту данных

14 Октября 2026 20:46see109

Пульмонолог назвал первые признаки проблем с легкими

14 Октября 2026 22:22see108

Бывшего главаря банды приговорили к 40 годам тюрьмы за организацию убийства Тупака Шакура

14 Октября 2026 21:42see105

МЭА: дефицит дизеля в мире может затянуться до 2027 года

14 Октября 2026 21:24see104
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня