Қажылық 2026: Қазақстандықтардың алғашқы тобы Сауд Арабиясына аттанды
Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қазақстандық қажылардың алғашқы тобы Сауд Арабиясының Мәдина қаласына аман-есен жеткенін хабарлады. Бұл топта 166 адам бар.
Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Олардың денсаулығына ҚМДБ қажылық миссиясы жауапты. Миссия дәрігерлері тәулік бойы кезекшілікте болады. Арнайы бекітілген медицина мамандары қажылардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды.
"Алдағы күндері еліміздің өзге өңірлерінен де тікелей рейстермен қасиетті мекенге келеді. Миссия тарапынан қажылықты ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қажылық миссиясы қасиетті сапар барысында бес бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Яғни, ұйымдастыру-үйлестіру, уағыз-насихат, сұрақ-жауап және пәтуа беру, алғашқы медициналық көмек, ақпарат тарату бойынша жұмыс істейді", – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Еске салайық, биыл қажылық маусымы 15 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Қажыларды тасымалдау жұмыстарын қазақстандық Air Astana және SCAT, сондай-ақ Саудиялық Flyadeal әуе компаниялары жүзеге асырады. Ұшу рейстері Қазақстанның Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:87
Эта новость заархивирована с источника 18 Мая 2026 09:57 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















