Қажылық 2026: Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың орын бөлді
Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесуінде Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 қажылық орны бөлінгені белгілі болды. Бұл туралы ҚМДБ ресми сайты хабарлады.
"Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы үлкен қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Бас мүфти қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыру, орналастыру және көлік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық және медициналық қызмет көрсетуді тиімді үйлестірудің маңыздылығына тоқталды", – деп жазды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Сауд Арабиясы визасыз, яғни заңсыз жолмен қажылық ұйымдастыруға тырысатын фирмалардың қызметіне тосқауыл қою бойынша өзара ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды күшейтуге келісті.
Еске салайық, 2026 жылғы қажылық сапарын ұйымдастыру бойынша туроператорлардың арасында өткізген байқаудың нәтижесі бойынша, Қазақстан қажыларын Меккеге апаратын туристік компаниялар бекітілді. Олардың тізімі төмендегі кестеде берілген:
Инфографика: ҚМДБ ресми сайты
Қазақстандықтарды 2026 жылы қажылық сапарға отандық "Air Astana" мен "Scat", саудиялық "Flyadeal" және кувейттік "Jazeera" әуе компаниялары тасымалдайды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:99
Эта новость заархивирована с источника 11 Ноября 2025 09:59 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















