Ақын Күләш Ахметова өмірден өтті
Как передает Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Ақын Күләш Ахметова дүние салды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды.
"Қазақ әдебиеті қара жамылды. Ұлт руханиятының тағы бір жарық жұлдызы сөнді. Қазақтың аяулы ақыны Күләш Ахметова бақиға аттанды. Күләш Ділдәқызы ұлттық поэзияға өзгеше леп әкелген қаламы қуатты, өлеңі шуақты, әдебиетіміздің шоқтығы биік қаламгері еді. Абыз Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, "жыры күннің нұрындай, гүлдің әріндей, сүттің өңіндей, бөбектің иісіндей" ақын болатын. Оның қаламынан туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікке толы туындылар оқырман жүрегіне жетіп, терең сезімге жетеледі. Ақын өлеңдерінен биік болмысы, өр рухы, адам жанын дәл танып, ішкі әлемін көркем де қуатты тілмен ашатын ерекше шеберлігі айқын аңғарылады. Қаламгер ғибратты ғұмырында мөлдір жырымен, көркем жүзімен қазақ поэзиясының ақ гүлі атанып, халқының ыстық ықыласына бөленді", – деп жазды Аида Балаева.
Министрдің жазуынша, Күләш Ахметова нәзік те сыршыл, өміршең өлеңдерінде барша қазақ қыздарының жан сезімін, жүрек үнін көркем кестеледі.
"Күләш апамыздың жарқын бейнесі мен өнегелі өмір жолы жұртшылықтың жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Алла тағала апамыздың жатқан жерін жарық, топырағын торқа етсін! Бақұл болыңыз, апа", – деп жазды Аида Балаева.
Просмотров:24
Эта новость заархивирована с источника 14 Ноября 2025 22:21 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас
Контакты








Самые читаемые


















