Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Создать в Казахстане карту вандалоопасных зон предложил депутат Аналитический интернет журнал Власть

Токаев раскритиковал писателей за разделение казахов на асфальтных и истинных

Гибель военнослужащих на Каспии. Жителей Мангистау предупреждали об усилении ветра

Уголовное дело завели по факту гибели моряков в Каспийском море

Азиада 2026, день 4: Наши взяли золото, 3 серебра и 3 бронзы

О состоянии спасённого в Каспийском море военнослужащего рассказали врачи

Президент Казахстана предложил ужесточить наказание за осознанное загрязнение природы

Загадки из ледникового периода

Сыновья должны были вернуться домой через неделю родные погибших военнослужащих

Агент OpenAI взломал правительственный сайт Австралии Аналитический интернет журнал Власть

Токаев объявил о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней

Әскери қызметшілердің қазасына байланысты Ақтауда мерекелік шаралар өткізілмейді

Число погибших в результате тайфуна Дуцзюань в Японии выросло до 10 человек

Все идет по плану: в КазНУ объяснили ночное обрушение крыши Дворца студентов

Новый аэропорт Астаны будут строить при участии компании из Сингапура

Трагедия в Мангистау: дело завели по статьям о халатности и нарушении кораблевождения

Вводили с грубейшими нарушениями . Крыша Дворца студентов КазНУ обрушилась в Алматы

Религиозных целителей в Казахстане обещают привлечь к ответственности за видео с изгнанием джиннов

11 водителей в Костанайской области лишили права на вождение

МФО закрыли. Нужно ли казахстанцам в таких случаях платить микрокредиты

Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі таспаланған үздік үш фильм

Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі таспаланған үздік үш фильм

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Халық әртісі, көрнекті театр және кино актері Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті. Өз қолтаңбасын қалдырған өнер тарланы сомдаған рөлдері арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленіп, жүрегінен орын тапты. "Рөлмен жұмыс істеуді гүл өсіретін адамның тірлігіне ұқсатамын" деген өнер иесі Бекежан бейнесімен ел есінде қалғанымен одан бөлек қаншама фильмге түсті.

Осы орайда Информбюро порталы аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов түскен үздік үш фильмге шолу жасады.

"Қыз Жібек"

Қазақ киносының алтын қорына енген "Қыз Жібек" туындысында Асанәлі Әшімов Бекежан бейнесін сомдады. 1971 жылы түсірілген режиссер Сұлтан Қожықовтың картинасында Төлеген мен Жібектің махаббаты, Бекежанның қызғанышы, ел тағдыры, ерлік пен опасыздық сияқты мәңгілік тақырыптар терең суреттеледі. 

Бекежан – ұлттық кинодағы ең күрделі антагонистік, яғни "жағымсыз" образдардың бірі. Актер Бекежанды тек "жау" емес, ішкі трагедиясы бар тұлға ретінде ашып көрсетті. Бұл рөл актерді Кеңес Одағына танытты.

"Қара түс болмаса, ақтың қасиетін біле ме адам. Өлім болмаса, өмірдің қадірін кім түсінеді. Бекежан болмаса, Төлеген Төле­ген болар ма еді? Қыз Жібек – Төлеген – Бекежан арасындағы драма болмаса, кино кино емес, тек тәтті кәм­пит болып шығар еді", – деген еді Асанәлі Әшімов бір сұхбатында.

Бұл рөл Асанәлі Әшімовтің бағын ашқанымен, тағдырына кері әсер етті. "Қыз Жібек" жарыққа шыққан жылдары кей адамдар Бекежанның тек кинодағы рөлі екенін ұмытып, Асанәлі Әшімовты фильмде "Төлегенді өлтіргені үшін" қарғаған. 

"Актер болған соң, беріліп ойнамасаң тағы болмайды. Қозы мен Төлегенді өлтірер әлгі жауыздардың жан әлеміне сіңіп кеткендей хал кешесіз. Театрда отырғанын, сахнада рөл ойнаушы артистер жүргенін сезсе-дағы, көрермен қауым оларға ызаланады, ашуланады. Тіпті, жағымсыз кейіпкерлердің оспадарсыз істеріне іштей қарғыс та айтары – табиғи құбылыс. Сахнада болсын, экранда болсын, кісі өлтірген қаныпезерлерге кім алғыс айта қойсын?! Эмоциялық, психологиялық ет қызуымен көрерменнің қарғап-сілеп жіберері де шындық. Сенбейін десеңіз, мистикалық, мифтік дүниелерде шындық барын өмір мысалдары дәлелдеп-ақ келеді. Қос құлынымның орны толмас қайғысы әртүрлі ойларға жетелегені рас", – деген еді Асанәлі Әшімов.

"Атаманның ақыры"

Бірегей режиссер Шәкен Аймановтың соңғы түсірген фильмі – "Атаманның ақыры" қазақ киносындағы елеулі туынды. Себебі бұл – ұлттық кинематография тарихындағы детектив жанрында түсірілген тұңғыш кинокартина. 

Фильмде 1920–1921 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың андасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Қасымхан Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.

Асанәлі Әшімов "Қыз Жібек" пен "Атаманның ақыры" фильмдеріне қатар түскен. Бұл туралы ол "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында айтқан еді.

"Атаманның ақыры" фильмінің сценарийі бекіп, оған актерлер іріктеу басталғанда: "Басқа кейіпкерлерде шаруам жоқ. Қасымхан Чадияровтың рөліне даярлап отырған адамым бар. Ол – Әшімов", деп Шәкен аға Айманов комиссия жиналысында отырып алыпты. (...) Екі-үш күннен соң қос қожайыным – кинорежиссерлер Сұлтан Қожықов пен Шәкен аға Айманов бірлесіп отырып менің "Қыз Жібек" пен "Атаманның ақыры" фильмдеріндегі мәселемді түбегейлі шешуге кірісті. Арнайы жұмыс кестесі жасалды. Атқарылатын істің үлкен-кішісі демей, бәрі ескеріліп, талқыланды. Осыдан кейін бір күннің ішінде, яғни түске дейін – Бекежан, түстен кейін Қасымхан болып ойнаған күндерім басталды", – деді Асанәлі Әшімов.

Айтуынша, екі рөлдің бір-біріне тигізген көмегі көп болған. Бекежанның эпизодына түсіп келген соң, Қасымхан рөлін ойнау оңайға соққан.

"Қызу қанды, от болып жанып тұрған Бекежан мінезін сәл сабаға түсіре қойсам, Қасымхан мінезін дәл ұстаймын. Себебі Қасымхан әр ісін он ойланып, жүз толғанып шешер байып пен ақылдың адамы. Өйтпесе ол барлаушы атанып, мемлекеттік маңызды тапсырманы орындай алар ма еді. Керісінше, Қасымханнан кейін Бекежанның ішкі "жан сарайына кіру" тіптен қиын-тын. Оған төзімді, өте сақ чекист сияқты ұзақ ойланып отырсаң, қате қадам жасамауға тырысамын деп қарайлай берсең, кең қолтық, аңғал батырдың бейнесінен мүлде аулақтап кетер едің. Сондықтан сол күндері талғамға талап қоя отырып, психологиялық тұрғыдағы арпалыспен өмір сүруге тура келді", – дейді актер.

"Транссібір экспресі"

1977 жылы режиссер Эльдар Оразбаевтың саяси детектив жанрында түсірген "Транссібір экспресі" көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына енді. "Транссібір экспресі" – Асанәлі Әшімов ойнаған белгілі барлаушысы Қасымхан Шадияров туралы трилогияның екінші бөлімі. Фильмде 1972 жылы тәжірибелі Кеңес тыңшысы Омар Қасымхановтың Харбинде Фан Ю-Чун деген әртістің атын жамылып, өзіне тапсырылған міндетті атқарып шыққаны баяндалады. 

"Шәкең дүниеден қайтқаннан кейін 6-7 жылдай өткенде Эльдар Оразбаев екеуміз үйде отырып, ұстазымызды мұңайып еске алдық. Ағамызға қандай ескерткіш орнатамыз деп ақылдастық. Дәл сол сәттегі ойымыз кәдімгі ескерткіш болатын. "Эльдар, сен екеуміз Шадияровты жалғастырайық, Шәкен Кенжетайұлына бұдан артық ескерткіш қоя алмаймыз" дегенім. Эльдар жанып түсті. Фильм табысының негізгі сыры – профессио­нализм. Лентаның өн бойына Шәкен жақсы көрген әуендерді пайдалану, Шәкеннің өзі айтатын "Жиырма бесті" қосу тіпті тамаша шешім болды", – деді Асанәлі Әшімов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында.

Кинокартина бірқатар кинофестивальдерде жүлдеге ие болды. Прокатта да табысты болды. Оны көрушілердің саны "Атаманның ақырынан" да асып кетті. Артынша осы тақырыпта "Маньчжурия нұсқасы" фильмі түсірілді.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:202
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 23 Декабря 2025 09:20
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Создать в Казахстане карту вандалоопасных зон предложил депутат Аналитический интернет журнал Власть

24 Сентября 2026 10:27see545

Токаев раскритиковал писателей за разделение казахов на асфальтных и истинных

24 Сентября 2026 13:35see170

Гибель военнослужащих на Каспии. Жителей Мангистау предупреждали об усилении ветра

24 Сентября 2026 17:48see165

Уголовное дело завели по факту гибели моряков в Каспийском море

24 Сентября 2026 15:42see163

Азиада 2026, день 4: Наши взяли золото, 3 серебра и 3 бронзы

24 Сентября 2026 11:35see162

О состоянии спасённого в Каспийском море военнослужащего рассказали врачи

24 Сентября 2026 19:24see162

Президент Казахстана предложил ужесточить наказание за осознанное загрязнение природы

24 Сентября 2026 12:24see162

Загадки из ледникового периода

24 Сентября 2026 17:28see161

Сыновья должны были вернуться домой через неделю родные погибших военнослужащих

25 Сентября 2026 00:09see160

Агент OpenAI взломал правительственный сайт Австралии Аналитический интернет журнал Власть

24 Сентября 2026 10:27see159

Токаев объявил о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней

24 Сентября 2026 12:28see158

Әскери қызметшілердің қазасына байланысты Ақтауда мерекелік шаралар өткізілмейді

24 Сентября 2026 19:24see158

Число погибших в результате тайфуна Дуцзюань в Японии выросло до 10 человек

24 Сентября 2026 09:56see157

Все идет по плану: в КазНУ объяснили ночное обрушение крыши Дворца студентов

24 Сентября 2026 12:52see157

Новый аэропорт Астаны будут строить при участии компании из Сингапура

24 Сентября 2026 09:54see155

Трагедия в Мангистау: дело завели по статьям о халатности и нарушении кораблевождения

25 Сентября 2026 00:44see154

Вводили с грубейшими нарушениями . Крыша Дворца студентов КазНУ обрушилась в Алматы

24 Сентября 2026 10:53see153

Религиозных целителей в Казахстане обещают привлечь к ответственности за видео с изгнанием джиннов

24 Сентября 2026 10:02see152

11 водителей в Костанайской области лишили права на вождение

24 Сентября 2026 18:56see152

МФО закрыли. Нужно ли казахстанцам в таких случаях платить микрокредиты

24 Сентября 2026 09:56see151
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня