Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Достижения наших спортсменов высоко возносят флаг Казахстана на международной арене К. Ж. Токаев

На процессе по делу Санжара Бокаева в шестой раз отказали в отводе судьи Аналитический интернет журнал Власть

Разница до 8 тысяч за тонну: где купить уголь в Астане и сколько он стоит

Шайдоров высказался после провала на Гран при

Токаев высказался о роли искусственного интеллекта в изучении казахского языка

Франция нашла виновника взлома холодильников по всей Европе

Медалистка Олимпиады Александра Ле вошла в топ 7 на чемпионате мира

Правообладатели наследия Элвиса Пресли подали в суд на разработчиков музыкального ИИ

Пассажиры смогут проходить быстрее через турникет в метро Алматы

Интернет могут отключить на три месяца: что известно о слухах вокруг 17 ноября

В Германии спорят о том, что делать с разрушенной горной резиденцией Гитлера Орлиное гнездо

Alex Lim поделился радостной новостью (ВИДЕО)

Законы из 1990 х против реалий 2026 года: Казахстан готовит новый Гражданский кодекс

Почему казахстанские бизнесмены не готовы передавать активы детям?

Вся власть ответам!

Виктор Орбан высказался о возможном задержании брата

Более 350 солдат приняли военную присягу в Кокшетау

Бешбармак хочу : история 72 летней таксистки из Алматы растрогала Казнет

Канье Уэст побил рекорд посещаемости рэп концертов в США

Аида Балаева встретилась с Медведевым и Шойгу

"Жерді қорғайтындар, халыққа жаны ашитындар аз". Асанәлі Әшімовтің Информбюроға берген сұхбаты

"Жерді қорғайтындар, халыққа жаны ашитындар аз". Асанәлі Әшімовтің Информбюроға берген сұхбаты

Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Халық әртісі, көрнекті кино және театр актері Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасында дүниеден өтті. Өз қолтаңбасын қалдырған өнер иесі сомдаған рөлдері арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленіп, жүрегінен орын тапты. "Қазақтың Бекежаны" атанған Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі мен өшес мұрасы туралы естеліктер мен жылы лебіздер толастар емес.

2021 жылы қыркүйекте Төрегелді Шарманов атындағы халықаралық қордың Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысына Асанәлі Әшімов те қатысты. Бұл іс-шарада Мұрат Әуезов, Олжас Сүлейменов, Қуаныш Сұлтанов сынды қоғам қайраткерлері де бас қосты. Былтыр Төрегелді Шарманов пен Мұрат Әуезов қайтыс болды. Биыл Асанәлі Әшімов те өмірден озды. Информбюро тілшісі дәл осы іс-шарада өнер иесінен сұхбат алған еді. Асанәлі Әшімов мәдениет, театр өнері, режиссерлердің қарым-қабілеті, Қазақстанның болашағы туралы ой толғады. Аңыз тұлғаның сұхбатын қайта жариялауды жөн көрдік.

Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Төрегелді Шарманов, Мұрат Әуезов және Қуаныш Сұлтаноы

– Қазіргі театр өнеріне, режиссерлердің жұмысына көңіліңіз тола ма?

– Ол ежелден бір заң сияқты. Толмайды деп те, толады деп те айта алмаймын. Екі жағы да бар. Ал енді театр мен кинода бүкіл әлемдік шедеврлер өткен ғасырда туды. Соның бәріне куә болдық. Қазір деңгейі кішкене төмендеген сияқты, оның себебін мен өзім түсіне алмаймын. Ол бір өзі өмірдің заңы – қайтадан көтерілу үшін бір кезде төмен түседі. Аса төмен түсіп кетпей, келешекте үлкен дәрежеге жетсе деген тілегім бар. Армандауға болады ғой. Сенімім де бар. Солай болса құба-құп.

Ел мәдениетін, әдебиетін алға қарай дамытса, мемлекет қай жағынан болмасын жан-жақты дамиды. Сондықтан театрға, киноға, драматургия саласына көп көңіл аудару керек. Күннен күнге тұқыртуға болмайды. Жемқорлық жайлаған заманда басшылар өнер саласын төмендетіп алды, оны жасыра алмаймын. Ақша қуған, зат қуған миллиардерлердің жаман жағынан кесірі тиіп жатыр. Оны елдің бәрі іштей біледі. Өскен елдер, өсетін елдер мәдениет пен ғылымға көңіл бөледі, қаражат салады. Сонда ел болады. Ақырындап өсіп келе жатқан көрші елдерге қарап ішің ашиды. Ақшасын шетелде сақтап, өзге елде үлкен-үлкен сарайлар салса, онда жағдайымыз төмендейді. Ол заңды нәрсе. Билікке елді ел, халықты халық қылатын, азаматтарының жағдайын ойлайтын басшылар келсе екен деймін. Бізде құр бекерге мақтану көп. Бәлен елден алдамыз дейміз – бәрі өтірік. Жалпы өтірік көбейді, соған ішім ашиды. Қай жерге, қандай бастыққа барсаң да, өтірік айтып шығарып салады. Алдына бара беріп өзің ұяласың, жұмысың бітпейді. Әдебиет, мәдениет, ғылымға көңіл аудармаса, ел өшеді. Табиғаттың заңы – осы.

– Бірақ, Қазақстан үшін экономика бірінші орында емес пе?..

– Өтірік. Өнерді ұмытты. Экономиканы, сауда-саттықты бірінші орынға қояды. Затқұмар, ақшақұмар, долларқұмар. Халыққа пайдасы тимеген миллиардерлер бар. Кедей-кепшікке, қиын жағдайда қалған халыққа аз да болсын қол ұшын созбайды. Ақша болған сайын бола берсе дейді. Ақшаның астында қалып соңында өледі. Туысқангершілік, рушылдық дейтін оңбаған тәртіп бар. Университет бітіре сала министр болады. Көргенімізді айтпасқа болмайды. Мен ештеңеден қорықпаймын. Жасарымды жасадым, аларымды алдым. Шындықты айтуым керек. Шындық сол.

– Көзге түсіп жүрген жас режиссерлер, драматургтер бар ма?

– Режиссура – үлкен мамандық. Бізде бәрінің деңгейі орташа. Атақты режиссерлер жоқ, олар арамыздан кетті. Режиссер мықты болса, халық атын айтар еді. Ондай жоқ. Сериал көбейді, ол – өнер емес. Кино – өнер туындысы. Сахна да сол сияқты. Үлкен спектакль қойылса, халық жапа-тармағай келеді, театрда ине шаншар орын қалмайды. Жартылай оқыған, білімдері төмен шала-шарпы режиссерлер бар. Мықты режиссер болса, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Оралхан Бөкей, Асқар Сүлейменов сияқты жазушылардың қара әңгімелерін қояр еді. Американың мықты режиссері қазақша роман, повестерді көріп таң қалған. "Материал азайды, тауыстық, ал сіздерде әлі басталмаған" дейді ол. Бізде жазылған дайын пьесаларды қояды, нәтижесі төмен. Бұрынғы ұлы режиссерлер қара әңгімелерді экранға шығарып, сахналап, үлкен спектакль, фильмдер жасаған. Қазір ондай режиссерлер жоқ. 

– Шығармалар ұсынып көрдіңіз бе?

– Күнде айтамын. Талай сұхбатта да айттым. Түрлі жиналыста да айтып жүрмін. Мысалы, ұлы спектакль "Ана – Жер-Ана" пьеса емес, хикаяттан туған дүние. Лениндік сыйлыққа ұсынылды. "Қан мен тер" деген пьеса жоқ, режиссер романды сахна материалына айналдырды. Мұхтар Әуезовтің қаншама қара әңгімесі бар. Ізденіс керек. Шығарманы сахнаға аудару керек. Ол үшін талант керек. Талант жоқ. Намыс жоқ. Кеше Токио Олимпиадасында бәрі қола медаль алды. Көрші елдердің спортшылары сол жерде аянбай тер төкті, тіпті жылап жіберді. Өйткені, оларда намыс бар. Мемлекет пен халықты намыс қорғайды.

– Неге намыс жоқ?

 – Намыс жоқ, өйткені талант жоқ. Намыс дегеннің өзі – талант. Қарсыласына жығылып, көрерменнің көңілі қалды. Неге жеңілді дегенде коронавирусты сылтауратады. Вирус барлық елде жүріп жатыр. Жаттығу аз болды деп өз-өздерін қорғайды. Дұрыс емес. Елді елге танытатын – өнер мен спорт. Ақшаны көбірек қалтаға салуды ойламай ортаға, өнер мен спортқа салу керек. Нәтижені көрген соң намыстанып қорытынды шығару қажет. Намыссыз, талантсыз, жатып ішер жалқау болсақ, ертең жерден де, елден де айырылып қалуымыз мүмкін. Қазір жерді қорғайтындар, халыққа жаны ашитындар аз. Ыңғайы келсе, жерді сатып жібереді. Жерді сату деген – Отанын, елін сату. Ол – қылмыс, ондайды ату керек.

Асанәлі Әшімов, Олжас Сүлейменов, Төрегелді Шарманов.

– Жер сатылмайды деп бірнеше рет айтылды ғой

– Айтып жатады. Ол тіптен ұран болмауы керек. Оны айту ұят нәрсе. Баяғы ата-бабамыз қорғаған жерге халық қана ие. Басшылық ие емес. Жердің иесі – халық. Халық жақсармай, халықтың әл-ауқаты дұрысталмай, ел жақсармайды. Құр нан мен сумен отырған, электр желісі жетпеген жерлер бар. Сөйте тұра, алып елдердің қатарына қосыламыз дейді. Ұран көп, іс аз. Намысым келіп кейде ұйықтай алмаймын.

Сахнаға да, актерлерге де намыс, мінез керек. Сонда нәтиже шығады. Ал мінезсіз жалқаудан түк шықпайды. Ізденбейді, үйінде жатады. Сахнаға жүгіріп шығып, айлығын алып, үйіне кетеді. Айналайын, сахнада не үшін жүрсің? Тер төгілу керек, көз қызарып кетуі керек. Жылайтын жерде жыла, күлетін жерде күл. Ондай ұлы актерлерді көрген соң айтып отырмын. Актерлер ойнағанда халықты еңіретіп жылататын. Көрермен қойылымды шалқайып жатып қарамауы керек, ынта-шынтасымен беріліп тамашалауы керек. Соған келтіретін – актер. Театр – ұлы өнер. Оны біздің көп адам, тіпті сахнадағы актерлердің өзі түсінбейді. Жүгіріп шығады, жүгіріп кетеді. Неге шықты, не қойды – жауап жоқ.

– Актерлер көрерменнің деңгейіне әсер ете ме?

– Баяғыда ұлы актерлер барда Мұхтар Әуезовтер көрермен еді. Бүкіл зиялылар театрға келетін. Қазір оқушыларды, студенттерді шұбыртып, топтап-топтап жинап әкеліп залға тығады. Итеріп зорға кіргізгендер көрермен бола ма? Өз аяғымен келген көрермен – нағыз көрермен. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:196
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 27 Декабря 2025 09:02
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Достижения наших спортсменов высоко возносят флаг Казахстана на международной арене К. Ж. Токаев

10 Ноября 2026 01:09see274

На процессе по делу Санжара Бокаева в шестой раз отказали в отводе судьи Аналитический интернет журнал Власть

10 Ноября 2026 01:08see166

Разница до 8 тысяч за тонну: где купить уголь в Астане и сколько он стоит

10 Ноября 2026 00:59see149

Шайдоров высказался после провала на Гран при

10 Ноября 2026 01:13see149

Токаев высказался о роли искусственного интеллекта в изучении казахского языка

10 Ноября 2026 00:59see146

Франция нашла виновника взлома холодильников по всей Европе

10 Ноября 2026 01:16see145

Медалистка Олимпиады Александра Ле вошла в топ 7 на чемпионате мира

10 Ноября 2026 01:25see145

Правообладатели наследия Элвиса Пресли подали в суд на разработчиков музыкального ИИ

10 Ноября 2026 01:28see144

Пассажиры смогут проходить быстрее через турникет в метро Алматы

10 Ноября 2026 01:40see144

Интернет могут отключить на три месяца: что известно о слухах вокруг 17 ноября

10 Ноября 2026 01:09see144

В Германии спорят о том, что делать с разрушенной горной резиденцией Гитлера Орлиное гнездо

10 Ноября 2026 01:39see144

Alex Lim поделился радостной новостью (ВИДЕО)

10 Ноября 2026 01:11see143

Законы из 1990 х против реалий 2026 года: Казахстан готовит новый Гражданский кодекс

10 Ноября 2026 01:11see141

Почему казахстанские бизнесмены не готовы передавать активы детям?

10 Ноября 2026 01:18see140

Вся власть ответам!

10 Ноября 2026 01:04see140

Виктор Орбан высказался о возможном задержании брата

10 Ноября 2026 01:27see140

Более 350 солдат приняли военную присягу в Кокшетау

10 Ноября 2026 01:11see140

Бешбармак хочу : история 72 летней таксистки из Алматы растрогала Казнет

10 Ноября 2026 01:01see138

Канье Уэст побил рекорд посещаемости рэп концертов в США

10 Ноября 2026 07:37see137

Аида Балаева встретилась с Медведевым и Шойгу

10 Ноября 2026 01:41see137
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня