Астана, Алматы, Шымкентте алғашқы тарауық намазы нешеде оқылады
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Рамазан айының басталу құрметіне орай, бүгіннен бастап Қазақстан мешіттерінің басым бөлігінде тарауық намазы оқылады. Ол жиырма рәкат оқылып, Рамазан айының соңына дейін созылады.
Тарауық намазы құптан намазынан соң оқылатынын еске саламыз. Сәйкесінше, әр өңірде құптан намазының уақыты әркелкі. Оның уақытын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтындағы кестеден білуге болады.
Мәселен, бүгін Астанада Құптан намазының уақыты сағат 19.07-де кіреді.
Алматы бойынша уақыт: 18.45. Шымкент бойынша уақыт: 19.15."Тарауық намазы 20 рәкаттан тұрады. Әр екі рәкаттан кейін сәлем береді. Төрт рәкат етіп оқыса да болады. Жалғыз оқыса да дұрыс, бірақ жамағатпен оқығанның сауабы зор. Тарауық намазымен бірге үтір намазы да жамағатпен оқылады. Имам тарауық намазы мен үтір намазының қирағатын дауыстап оқиды. Құныт дұғасын имам да, жамағат та іштей оқиды", – делінген ҚМДБ ресми сайтында.
Тарауық намазын оқу тәртібі туралы осы жерден білуге болады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:32
Эта новость заархивирована с источника 18 Февраля 2026 10:52 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















