Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Грипп захватывает Казахстан

Суд Астаны про пьяную судью за рулем: Данное нарушение не останется без последствий

Часы, украшения, меч самурая: предметы роскоши на полмиллиарда тенге пытались продать на торгах в Астане

Мужчину убили во время нелепого конфликта из за очереди на автомойке в Туркестанской области

"Уникальное событие". На Солнце произошли две мощные вспышки X класса

На службе интеллект!

США могут закрыть часть воздушного пространства из за нехватки авиадиспетчеров Аналитический интернет журнал Власть

ДТП c 12 погибшими в Актюбинской области: первых пострадавших выписали из больницы

Казахстанец представит страну в новом международном шоу Димаша Кудайбергена

Битву экстрасенсов снимут в Казахстане

Колеса бензовоза загорелись на АЗС в Атырауской области

Гарвард зерттеушілері: Z буынының өкілдері "ең бақытсыз" ұрпақ

Зеленский сделал заявление о плане по урегулированию конфликта в Украине

Внедорожник сбил лошадей во время игры в кокпар в Кызылординской области

Звёздные казахстанцы. Реальные истории детей, рождённых при помощи ЭКО

Метель в Костанайской области: полиция перешла на усиленный режим

Жителей Астаны предупредили об изменении автобусных маршрутов

В отдаленном селе появилась новая школа

Судью остановили за нетрезвое вождение в Астане: материалы направили в Генпрокуратуру

Помогли всем, кто нуждался в поддержке

Ажырасу тренд пе, шешім бе? Дариға Бадықова мен Тұрсынбек Қабатов кейсі нені көрсетті

Ажырасу тренд пе, шешім бе? Дариға Бадықова мен Тұрсынбек Қабатов кейсі нені көрсетті

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Кейінгі уақытта шоу-бизнес өкілдері сұхбат беріп, ажырасқанын мәлімдей бастады. Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев ажырасқаннан кейін сұхбат беріп, не үшін бөлек кеткендерін айтса, жақында әнші, продюсер Мөлдір Мұқанова сұхбатында әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екеуі шынымен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Екі сұхбат та әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Танымал адамдардың жеке өмірі Қазақстандағы ажырасу мәдениеті мен отбасы институтының қазіргі жағдайы қандай деген талқыға түрткі болды.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылы елде 48 мыңнан астам неке бұзылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40 мыңның асқан. Яғни соңғы бес жылда ажырасу деңгейі шамамен 10 пайызға төмендеген. Алайда, мұны жақсы көрсеткіш деуге келмейді. Себебі, ата-анасы екі жаққа кеткен балалар толық емес отбасыда тәрбиеленеді. Жалғызбасты аналардың үлесі артып келеді. Ал алимент төлеуден қашып жүрген әкелер қаншама. 

Осы орайда Информбюро тілшісі ресми статистикаға көз жүгіртіп, ажырасуға әсер ететін факторларды сараптап көрді.

Статистика не дейді

Некелесу саны артқан сайын, ажырасу саны да көбейетіні түсінікті. 2000-2019 жылдар аралығында ажырасулар саны екі есеге артып, 2000 жылы 27 391 жағдайдан 2019 жылы 59 796-ға дейін жетті. Одан кейінгі жылдары қайтадан төмендей бастады:

2020 жылы – 48 002; 2021 жылы – 48 239; 2022 жылы – 44 517; 2023 жылы – 40 227; 2024 жылы – 40 569.

2024 жылы 123,6 мың неке тіркелсе, 40,5 мың жұп ажырасқан. Қалалық жерлерде 30,1 мың (74,4%), ауылдық жерлерде 10,4 мың (25,6%) ажырасу фактісі тіркелген. ШҚО, Қарағанды және Павлодар облыстарында ажырасу деңгейі жоғары. Ажырасудың ең төменгі деңгейі – Түркістан облысында. Оңтүстік және батыс өңірлерде дәстүрді сақтау және отбасы құндылықтарын қорғау әрқашан басымдықта болғандықтан, ажырасу коэффициенті де төмен.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, көбінесе отасқандарына төрт жыл болмаған отбасылар ажырасады. Ал былтыр бір жыл болмай ажырасқандардың үлесі 8% құраған. Некелесу жылдары бойынша:

бір жылға жетпей – 3,3 мың; бір жылдан төрт жылға дейін – 14,2 мың; 5-9 жыл – 9,9 мың; 10-14 жыл – 6,9 мың; 15-19 жыл – 2,1 мың;  20 жылдан асқан – 4,1 мың жұп. Жоғары білімі бар әйелдер көбірек ажырасады

2024 жылы жарияланған "Қазақстан отбасылары" ұлттық баяндамасы деректеріне сәйкес, ажырасқандардың орташа статистикалық мінез-құлық үлгісі мынадай: ерлі-зайыптылар, 25-29 жастағы еркек пен 20-24 жастағы әйел неке құрып, 30-34 жасқа келгенде ажырасқан.

25-29 жас аралығындағы әйелдер арасындағы ажырасулардың үлесі ерлерге қарағанда жоғары (12,1% және 18,1%). Бұл өте қисынды, себебі осы кезеңде көбінесе ерте отбасы құрғандар ажырасу туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар ерлер арасындағы ажырасулардың үлесі үнемі әйелдерге қарағанда жоғары болады. Орта білімі бар әйелдерге қарағанда жоғары білімі бар әйелдер көбірек ажырасады. Ерлер арасында мұндай ерекшелік байқалмайды. 

"Астана мен Алматы қалаларында ажырасу деңгейі жоғары білімді тұрғындар арасында орта білімділерге қарағанда жоғары. Мұның бір себебі әлеуметтік нормалардың өзгеруі болуы мүмкін. Заманауи мегаполистер жағдайында ерлі-зайыптылар жараспаса ажырасуды дұрыс деп шешеді. Жоғары білімді адамдар шешімін саралап, өз-өзін дамытуға, өз қабілетін іске асыруға ұмтылады және жолдасымен қарым-қатынасы бақыт әкелмейтінін мойындаудан қорықпайды", – делінген баяндамада.

Ажырасуға не себеп

Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Десе де мамандар ажырасу себептері деп қаржылық қиындықты, бала тәрбиесіндегі келіспеушіліктерді, зиянды әдеттер және ата-ана мен туыстарының араласуын, тәуелділік, опасыздық, зорлық-зомбылық, баланың болмауын, құндылықтардың сәйкес келмеуін атап көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, бір отбасының ішінде құндылықтардың қайшылығы түсініспеушіліктен дау-жанжалға ұласып, арты ажырасуға әкелуі мүмкін. Құндылықтары ұқсас болғанына қарамастан неке туралы түсінік, балаларды тәрбиелеу, жұмыс, дін немесе қаржы мәселелері түрткі болуы мүмкін. 

"Зерттеуге қатысқан бірқатар сарапшылар отбасы қарым-қатынасына БАҚ пен әлеуметтік желілердің ықпалы зор екенін алға тартады. Соның ішінде көбінесе отбасы келіспеушіліктеріне әкелетін Instagram платформасының әсері. Әлеуметтік желідегі "табысты өмірдің" мінсіз трансляциясы ерлі-зайыптылар арасында наразылық пен шиеленіс тудыруы мүмкін. Әлеуметтік желіден мінсіз өмірді көрген әйелдер күйеулерінен "табысты өмірді" талап ете бастайды. Бұл өз кезегінде отбасында шиеленіс пен келіспеушілік тудырады, тіпті ажырасуға әкеп соқтырады", – деп жазылған баяндамада. 

Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Шынар Төлешованың сөзінше, ажырасу – қоғамның барлық салаларына әсер ететін әлеуметтік-демографиялық процесс.

"Қалалық жерлерде ажырасу деңгейі ауылдық жерлермен салыстырғанда жоғары. Негізгі факторлар деп мәдени айырмашылықтар мен халықтың этникалық құрылымын айтамыз. Статистика көрсеткендей, көп жұп некелескеннен кейінгі тоғыз жылда ажырасып жатады және бұл үрдіс үдей түседі. Ажырасумен аяқталатын некелер саны артып келеді. 2020 жылы тіркелген 100 некенің 1,8-і ажырасумен аяқталса, 2024 жылы мұндай некелердің үлесі 2,7%-ға дейін өсті. Сарапшылар мен психологтар ажырасуға көп нәрсе себеп дейді. АХАЖ мәліметінше, көп жұп некені бұзу себебі ретінде "мінезіміз келмеді" дегенді көрсетеді. Бұл сөздің астарында тұрмыстық және материалдық келіспеушіліктер, бала тәрбиесі туралы көзқарастардың сәйкес келмеуі, ымыраға келе алмау, баланың болмауы жатуы мүмкін. Маскүнемдік, нашақорлық, құмар ойын ойнау секілді тәуелділік, опасыздық жасау, зорлық-зомбылық та ажырасудың негізгі себептері болып отыр", – дейді Шынар Төлешова.

"Ажырасу – проблема емес, симптом"

Психолог Гүлжан Қалиқызының айтуынша, ажырасуды отбасы институты мен қоғамның әлсіреуі мәселесі деп емес, жаһандану заманында шетелден келіп жатқан әртүрлі ағымдардың арқасында басқа ойлардың пайда болуына байланысты психологиялық жетілу мен өзгеру процесінің белгілері деп қарастырған дұрыс.

"Бұрын адамдар "шыдау керек" деген ұстаныммен өмір сүріп келсе, қазір керісінше, эгоцентризм пайда болып жатыр. Адам өз сезімін, өз арман-тілегін, өз-өзін тануға көп қадам жасап жатыр. Біреуде агрессивті түрде, ал біреуде қалыпты өтіп жатыр. Біреулер өзгерістерге ілесіп, отбасын сақтап қалып жатса, кейбіреулер өзгерістерге қатты ұшырамай, оны қолданбайды. Әйелдің өзін таңдауын эгоизм деп емес, өз-өзін субъект ретінде тануға ұмтылыс деп қарастырған жөн. Адамның өз өміріне иелік ету актісі деп қарастырған дұрыс. Ер адамдар да өзгеріспен, өз эмоциясымен, уайымымен бетпе-бет келіп жатыр. Қоғам ретінде жауапкершіліктің жаңа моделін қарастырып жатырмыз. Бірақ ол – үлкен де ұзақ процесс. Қоғам үшін бұл – баяғы "ұят" мәдениетінен "сана" мәдениетіне өту кезеңі. Ауыр, қиын, түсініксіз, қорқынышты, бірақ дамуға алып бара жатқан процесс. Қалыпты ойлардан өзгеше, басқаша жаңа құбылыстар адамның ішкі жан дүниесінде үрей, қорқыныш туғызады. Оны біз басып тастағымыз келеді, естігіміз келмейді. Бірақ бұл – процесс. Сондықтан ажырасуды проблема ретінде емес, симптом ретінде қарастырамыз. Ал ажырасуда тек әйелді кінәлау – патриархалды қоғамның, ұят мәдениетінің көрінісі", – деді психоаналитик.

Гүлжан Қалиқызы ажырасуды психоанализ тұрғысынан әлеуметтік құбылыс қана емес, ол адамның ішкі психикасындағы терең өзгерістердің белгілері деп атады. Адамның  нәресте кезінен сіңіріп келген бұрынғы және қазіргі құндылықтар жүйесі адамның ішкі қажетіне сай келмей қалған кезде "ұят болады", "бұлай істеуге болмайды" дейтін адамның суперэгосы мен өмірге, еркіндікке, қуанышқа деген бейсаналық ұмтылыстың арасында қақтығыс болады. Адам "заң бұзайын ба, әлде мен өзімді таңдап, өз қалауыммен жүрейін бе?" дегенде ажырасу ішкі азаттықтың әрекетіне айналады.

"Бұл – өте ауыр процесс, оңай процесс деп айту қиын. Бірақ кейбір адамдарға шынайы өмір бастау үшін қажет қадамдардың бірі болуы мүмкін, өйткені адамдар ішкі бейсанадағы образдарды іздеу арқылы бір-біріне қосылады. Бірақ адамдар да, қоғам да, білім де бір орында тұрмайды. Әрдайым өзгеріске ұшырап отырған кезде оған қаншалықты бейімделе аламыз? Отбасымызға, ішкі жан дүниемізге жаңалықтарды қаншалықты алып келе аламыз? Жұп ретінде бір-бірімізді түсіне аламыз ба? Біреуі бір орында қалып, екіншісі өзерген кезде арада түсініспеушілік пайда болады. "Ұят" санайтындар да, керісінше, өзгеруге ұмтылатын отбасылар да бар. Ары қарай бірге бола алмайтынын түсінгендер ажырасуды мәселенің шешім деп қарайды. Сонда әйел қоғамның "ұят болады", "шыдау керек" деген тілектерін көтеріп жүретін құты болудан бас тартып, басқаша болуды таңдайды", – деді Гүлжан Қалиқызы.

"Қоғам ерлерге жаңа модель ұсынып отырған жоқ"

Патриархалды мәдениетте әйел көп жағдайда өз қалауларын тұншықтырып, өзгенікін алдыңғы қатарға қояды. Ал қазір өзіне субъект ретінде қарауға, өз қалауын, өмірін сезінуге ұмтылып отыр. Ақпарат ағынының әсері де жоқ емес. Басқаларды көргенде сұрақ туындап, әйелдерде ішкі өзгерістер пайда болады. Ал қоғамда бұл наразылық, қарсылық тудырады, өйткені өзін таңдаған әйел бұрынғы тәртіпті бұзып, енді бәрін тек ер адам шешпей, әйел де өз орнын иелене бастайды. Ғасырлар бойы әйелдің үні басылып келсе, міне, енді әйелдер құқығы, сезімдері, қалаулары барын айта бастады. "Әйелдің эгоистігі, эгоизмі" деген құбылыстар қазіргі психоанализде, қазіргі өмірде өз тілектеріне, өз қалауларына қайтару яғни жеке субъект болу процесі ретіде қарастырылып жатыр. 

"Ал ер адамның жарақаты, биліктен айырылу қорқынышы бар, себебі ер адамдардың ішкі дағдарыста болып жатқаны кезеңі. Ер адамдар бұрынғыдай бәрін шешетін әке рөлінен айырылып жатыр, бұл олар үшін өте қорқынышты нәрсе. Қорқыныш бар жерде агрессия, әйелді төмендету реакциясы автоматты түрде шығады. Қазіргі қоғам ерлерге жаңа модель ұсынып отырған жоқ. Әйел адам ер адам ретіндегі орталық рөлді алып қойса, онда қазіргі замандағы ұғымдарға сай сенің рөлің қандай болуы керек: тепе-теңдік пе, әлде біреу төмендеп, біреуі жоғарылауы керек пе? Қай жерден баланс табамыз? Негізі тепе-теңдік ұстау, жауапкершілікті бөліп алу деген секілді модельдер бар. Бірақ олар бізге енді-енді келіп жатыр. Ер адамның билікті бақылауда ұстауға тырысуы шын мәнінде өзін іштей қажетсіз сезінуден, әлсіз болудан қорғап қалуы дейміз. Ер адамның әйелді кінәлауы – ішкі әлсіздігін сыртқа проекциялауы", – деді психолог.

"Танымал адамдардың өмірін талқылау – ұжымдық терапия сынды"

Гүлжан Қалиқызы қоғамда бейсаналылық ұжымдық өзгеріс болып жатқанын, "ұяттан" "санаға" өту, басқаша модель құрастыру, қазақ қоғамы мәдени кодтың ауысу кезеңінде тұрғанын айтып отыр. Бұрын мінез-құлықты "ұят", "елдің сөзі" реттеп отырса, қазір сана мен жауапкершілік алға шықты. Ұят адамды заңдылықтан шығармай ұстап тұрса, ал сана – өзгеріс пен дамудың басқаша жолы. Сондықтан қоғамда ажырасу, зорлықты ашық айту, жеке шекара туралы әңгімелер айтылса, ол қоғамның психологиялық өзгеруінің белгілері.

"Әлеуметтік желілердегі ажырасу кейстері ұжымдық терапия сынды, өйткені адам өзі істей алмағанды басқа жақтан алады. Кино көрген кезде не оқиғаларды естігенде жан дүниемізде шешілмеген сұрақтарға реакция береміз. Сұхбаттардың белсенді талқылануы – біреудің өміріне қызығушылық емес, жан жарақатымызды ұжымдық өңдеу процесі. Біз сол арқылы өзімнің де ішкі жан дүниемді реттеп отырамыз. Осылайша қоғам зорлық, жеке шекара, әйелдердің таңдауы, бұрын ұят саналған тақырыптарды ашық айта бастайды. "Шыда" мәдениетінен "сана" мәдениетіне көшу кезеңі, яғни аман қалу күйінен саналы өмірге өту. Ұят та, кінә сезімі де, агрессия да барлығы өз нормасында болуы қажет. Десе де "ажырасу ұят", "балалар өскенше шыдау керек" дегеннен саналы өмірге өту керек. Қазақ қоғамы дәл қазір өтпелі кезеңде тұр. Әр қоғам өз кодын сақтап, өзгерістерді менталитетіне, салт-дәстүріне, мәдениетіне сай бейімдеуі керек. Өз-өзін құрметтеу мәдениеті қатар келіп жатыр. Ажырасқан әйел саналы шешім қабылдаған тұлға ретінде көрініп, ал ер адам жәбірленуші емес, өз таңдауы мен ісінің салдарын мойындауға тиіс. Ер адам эмоциялық интеллектін дамытуы керек", – деді Гүлжан Қалиқызы.

Психоаналитиктің сөзінше, әйелдің шыдауы – ерлік емес, жүйенің қысымы. Әйелдер бала үшін шыдайды, қоғамның пікірінен қорқады, қаржылай тәуелсіз емес, өз-өзіне деген махаббаты аз, өзін бағаламайды. Ұзақ уақыт бойы шыдап келген әйел ақыр соңында сеңді бұзып, өз қалауын істеуге бел буады. Сондықтан әйел ажырасамын деп шешкенде ер адам ауыр сезімін мойындаса, бұл отбасының күйреуі емес, керісінше, жаңа жетілген жақындықтың бастауына айналады дейді маман.

Ажырасқалы жүрген отбасыларға психолог көмегі қажет, өйткені ажырасу тек құқықтық процесс қана емес, ол – психологиялық үлкен өтпелдің кезеңі. Жақсы маман ажырасуды мәселенің шешімі деп қарастырмай, не болғанын, мұндай ойға не әсер еткенін, қай кезде қарым-қатынасқа сызат түскенін талқылайды. Психолог көмегін алған соң отбасын сақтап қалатындар да, ажырасу процесін барынша жарақатсыз өткізетіндер де бар. 

"Бұрын психологтардың жұмысын ауылдың дана қариялары атқаратын. Қазір ондай адам аз. Әрине, ажырасуды ойға алған жұптарға психолог көмегі қажет. Ең алдымен эмоцияны дайындау керек, қаржылық тұрақтылық керек. Балалармен сөйлескен жөн. Мұндай шешімге келсеңіз кімнен қолдау күте алатыныңызды ойлаңыз. Ажыраспас бұрын бәрін жасап көрдіңіз бе, көмек сұрадыңыз ба, ерлі-зайыпты ретінде сөйлесуге мүмкіндік болды ма, ашумен шешім шығарған жоқсыз ба, бұл шешім өзіңізге және өзгелерге қалай әсер етуі мүмкін, ажырасқан соң өзіңізді кім ретінде көресіз деген сұрақтарға жауап беріңіз. Әр мәселені шешуге болады. Ол үшін көп уақыт керек. Асықпай саналы түрде шешім қабылдағанда бір-бірін кінәлау, зорлық-зомбылық көрсету азаяды. Біреулер ажырасуды дұрыс көрсе, енді бірінің қарым-қатынасы беки түседі. Отбасын құру оңай емес. Ешқандай формула жоқ, оны әр отбасы бірге құрастыра алады", – деп қорытындылады психолог.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:40
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 06 Ноября 2025 11:03
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Грипп захватывает Казахстан

05 Ноября 2025 20:10see232

Суд Астаны про пьяную судью за рулем: Данное нарушение не останется без последствий

05 Ноября 2025 12:28see195

Часы, украшения, меч самурая: предметы роскоши на полмиллиарда тенге пытались продать на торгах в Астане

04 Ноября 2025 14:46see165

Мужчину убили во время нелепого конфликта из за очереди на автомойке в Туркестанской области

04 Ноября 2025 23:02see164

"Уникальное событие". На Солнце произошли две мощные вспышки X класса

05 Ноября 2025 14:41see163

На службе интеллект!

04 Ноября 2025 17:56see160

США могут закрыть часть воздушного пространства из за нехватки авиадиспетчеров Аналитический интернет журнал Власть

05 Ноября 2025 07:17see126

ДТП c 12 погибшими в Актюбинской области: первых пострадавших выписали из больницы

04 Ноября 2025 17:20see125

Казахстанец представит страну в новом международном шоу Димаша Кудайбергена

04 Ноября 2025 17:23see118

Битву экстрасенсов снимут в Казахстане

04 Ноября 2025 17:10see117

Колеса бензовоза загорелись на АЗС в Атырауской области

04 Ноября 2025 22:25see117

Гарвард зерттеушілері: Z буынының өкілдері "ең бақытсыз" ұрпақ

05 Ноября 2025 18:09see114

Зеленский сделал заявление о плане по урегулированию конфликта в Украине

04 Ноября 2025 14:51see113

Внедорожник сбил лошадей во время игры в кокпар в Кызылординской области

04 Ноября 2025 14:23see112

Звёздные казахстанцы. Реальные истории детей, рождённых при помощи ЭКО

04 Ноября 2025 14:37see111

Метель в Костанайской области: полиция перешла на усиленный режим

06 Ноября 2025 00:16see109

Жителей Астаны предупредили об изменении автобусных маршрутов

05 Ноября 2025 16:17see109

В отдаленном селе появилась новая школа

05 Ноября 2025 02:42see108

Судью остановили за нетрезвое вождение в Астане: материалы направили в Генпрокуратуру

04 Ноября 2025 17:58see108

Помогли всем, кто нуждался в поддержке

05 Ноября 2025 04:03see108
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня