Баян Алагөзованың қолына Қыз Жібек фильмінде Меруерт Өтекешова киген камзол қайдан түсті?
Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер Баян Алагөзованың "Қыз Жібек" фильмінде қолданылған камзолды киіп түскен видеосының дау тудыруына байланысты пікір білдірді.
Министрліктің хабарлауынша, "Қазақфильм" киностудиясының музей қорында "Қыз Жібек" фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткені қазір анықталып жатыр.
"Қазақфильм" киностудиясы ұлттық фильмдерде пайдаланылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен басқа да тарихи маңызы бар заттарды жүйелі түрде жинақтап, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған", – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильмінде актриса Меруерт Өтекешова киген тарихи қамзолды алғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған болатын. Алайда, бұл видео кейбір желі қолданушылардың тарапынан сынына ұшырады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:31
Эта новость заархивирована с источника 17 Апреля 2026 17:20 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















