Бүгін Қазақстанда мұсылмандар Миғраж түнінде дұға жасайды. Бұл түннің ерекшелігі не
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.
Бүгін, қаңтардың 15-нен 16-сына қараған түні (Хижра бойынша Ережеп айының 26-ынан 27-іне қараған түні) мұсылмандар қауымы Миғраж түніне орай, құлшылық жасайды.
Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының түсіндіруі бойынша, Исра және Миғраж түні Мұхаммед Пайғамбар Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра, яғни түнгі сапар жасаған. Одан миғражға жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездескен, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолыққан.
"Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгілеріне куә болды. Біздің күнделікті оқитын бес уақыт намазымыз осы түнде парыз етілді. Миғраж түнінде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш сый жасалды. "Бақара" сүресінің соңғы екі (Әмәнә-р-расулу) аяты уахи етілді, Қиямет күні Пайғамбарымызға үмметін шапағат ету құқығы берілді және бес уақыт намаз парыз етілді. Демек намаз жер бетінде емес, миғражда парыз етілді. Бұл намаздың қаншалықты үлкен маңызға ие екенін көрсетеді", – деді ҚМДБ төрағасы
Миғраж түнінде намазды қалай оқу керектігі және қандай дұға жасауға болатыны туралы Информбюроның материалын осы жерден оқуға болады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:72
Эта новость заархивирована с источника 15 Января 2026 16:08 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















