Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

Подделка на зубок

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

Мужчина крал тонометры в Уральске

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

Токаев посетил центр детской реабилитации вместе с королем и королевой Бельгии

Обеспеченные многодетные казахстанцы начали добровольно отказываться от социальных выплат

VietJet Air открыла маршрут Ханой Алматы Прага

Десять пьяных водителей привлекли к ответственности за выходные в Актюбинской области

Суд Жамбылской области восстановил кандидата на должность замдиректора школы

Около 8 тонн старых шин вывезли на мусорный полигон в Туркестанской области

Участок дороги по Толе би перекроют в Алматы на несколько дней

Анипа Назарбаева значительно сократила долги перед Казахстаном

Бүгін бес уақыт намаз парыз болған түн. Миғраж түні қандай дұғалар тілеу қажет

Бүгін бес уақыт намаз парыз болған түн. Миғраж түні қандай дұғалар тілеу қажет

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Қаңтар айының 15-інен 16-сына қараған түні – Миғраж түні. Мұсылман күнтізбесі бойынша төрт қасиетті айдың бірі саналатын Ережеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні Мұхаммед пайғамбар Меккедегі Харам мешітінен Иерусалимдегі Ақса мешітіне түнгі сапар жасаған. Содан соң жеті қат көкке көтеріліп, Алла Тағаланың түрлі белгілеріне куә болып, онымен тілдескен. Пайғамбардың бұл ерекше рухани сапары бұрын-соңды ешбір пендеге бұйырмаған дәрежеге көтерді. 

Осы орайда Информбюро порталы Миғраж түнінің қасиеті мен бұл түнде қандай амалдар жасау қажет екенін баяндайды.

Оқи отырыңыз: Бүгін Қазақстанда мұсылмандар Миғраж түнінде дұға жасайды. Бұл түннің ерекшелігі не

Миғраж түні не болды

Құранда Исра оқиғасы "Исра" сүресінің алғашқы аятында нақты айтылған. Ал Миғраж оқиғасы хадистерде кеңінен баяндалады. Миғраж түні екі бөліктен тұрады. Исра – Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне болған ғажайып сапар. Түнгі сапар арабша "исра" деп аталады. Миғраж – исраның артынша болған оқиға, яғни пайғамбардың аспанға көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбармен кездесіп, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолығып, жаратылыстың білімі жетпейтін деңгейге дейін барып, қайтадан Меккедегі Харам мешітіне оралу сапары. Бес уақыт намаз дәл осы түнде парыз етілді. Миғраждан бұрын тек таң және екінді намаздары ғана бар болатын. "Миғраж" биікке көтерілу, баспалдақ деген мағына береді. 

Миғраж Мұхаммед пайғамбардың ең үлкен мұғжизаларының бірі. Мұғжиза – Алланың құдіретімен жүзеге асатын, тек пайғамбарларға ғана тән, таңғажайып құбылыс. Алла тағала жеті пайғамбарды миғражбен сыйлаған. Олар: Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса және Мұхаммед пайғамбарлар. Әрқайсысының миғражы әртүрлі болған. Соның ішінде Мұхаммед пайғамбардың миғражы ерек­ше өткен.

Осы түнде періште Жәбірейіл Мұхаммед пайғамбарға: "Ей, Мұхаммед, Алла Тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырып жатыр", – дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл Мұхаммед пайғамбарды әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді.

Қасиетті Құран Кәрімде: "Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрәк етіп қойған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала түрлі кемшіліктен пәк. Шынында, Ол естуші, білуші", – деп айтылған ("Исра" сүресі, 1-аят). Бұл оқиға туралы қасиетті Құранда айтылғандықтан, бұған сену – әрбір мұсылманға парыз.

"Жәбірейіл маған пырақ деген жануарды жәннаттан алып келді. Пырақ есектен биік, қашырдан аласа, қадамын көз ұшы жететін жерге тастайтын жүйрік жануар екен. Оған мініп, Жәбірейіл екеуміз Бәйтул-Мақдиске келдік. Мұнда бізді дүниеден өткен 124 мың пайғамбар күтіп алды. Барлығымен көрісіп, мешітке кіріп, бірге намаз оқыдық. Намаз оқып болған соң баршасы мені миғражға шығарып салды", – деген екен Мұхаммед пайғамбар.

Мұхаммед пайғамбарға Алла Тағаланың құдіретіне белгі болатындай көп мұғжизаларды көру нәсіп етті. Ең ұлысы Алла Тағаланың кемел дидарын көру болды. Бұл ешбір Пайғамбарға нәсіп етпеген ең ұлы керемет еді. Сол үшін Мұхаммед пайғамбарға берілген есепсіз мұғжизалардың ең үлкендерінің бірі – миғраж мұғжизасы. Пайғамбар ең төменгі әлемдегі тозақты, ең жоғарғы әлемдегі пейішті өз көзімен көріп, тамашалады. Иә, шегі шексіз әлемді аралап шығу, көптеген оқиғаны басынан өткізу түннің бір бөлігінде ғана болып өтті.

Миғраж түнін қалай өткізген жөн

Мұсылмандар Исра мен Миғраж оқиғасынан мынадай пайдалы ғибраттар алуға тиіс.

Біріншіден, намаз ғибадаты парыз етілді.

Миғраж түнінде Мұхаммед пайғамбарға үш сый жасалды:

"Бақара" сүресінің соңғы екі аяты уахи етілді; Қиямет күні пайғамбарға үмметін шапағат ету құқығы берілді; бес уақыт намаз парыз етілді.

Намаз жер бетінде емес, миғражда парыз етілген соң бес уақыт намаздың қаншалық маңызға ие екенін көрсетеді. Намаз арқылы мұсылман адам рухани ем алып, жаман әдеттерден арылады. Қасиетті Құранда Алла Тағала: "Намаз оқы. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды…" деп айтқан ("Ғәнкабут" сүресі, 45-аят).

Мұхаммед пайғамбар: "Уа, Раббым! Мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдің. Үмметіме де осындай бір нығмет сұраймын", – деп дұға жасағанда, Алла Тағала оны: "Намаз – мүміндердің миғражы", – деп қуантқан. Осылайша намаз мұсылмандардың рухани сапарына айналды.

Сондықтан Миғраж түні намазды жамағатпен оқыған және өткізіп алған намаздардың орнын толтырған дұрыс.

Екіншіден, Миғраж түні құлшылық қылған адамның алар сауабы жүз жыл құлшылық қылған адамның алатын сауабымен тең. Кімде-кім 12 рәкат намаз оқып, Фатихадан соң бір сүре оқып, әрбір екінші рәкаттан соң сәлем беріп, жүз рет мына дұғаны: "субханаллаһ, уәлхамдулиллах уә лә иләһә иллә Алла, аллаху әкбар" оқып, 100 рет "астағфирулла" деп, соңынан: "ассаләту уәс сәләму әлләйкә йә Расуллаллаһ" деп салауат айтып, өмірі мен жұмысына береке сұрап, сол күні күндіз ораза тұтса, Алла оның күнәларын кешіреді", – деп жазылған.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сөзінше, мұсылман баласы миғраж оқиғасынан түрлі сабақ алуы керек.

"Ең бастысы біз бұған күдіксіз иман келтіріп, ол күннің болғанына сенуіміз қажет. Әрине мұндай қасиетті түндердің өз сауабы мен артықшылығы бар. Сол үшін біз мұндай түндерді құлшылықпен, Алла Тағалаға дұға жасаумен өткізгеніміз абзал", – деді ол.

Үшіншіден, осы күні ораза ұстаған адамға 60 жылдық ораза сауабы берілетіні айтылған. Мұхаммед пайғамбарға көптеп салауат айтуды ұмытпаған жөн.

Миғраж түні Құран оқып, жасаған қателіктеріміз бен күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұрау, бұл түннің қасиеті жайлы өзгелерге айту артық етпейді. 

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:221
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 16 Января 2026 00:16
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

12 Октября 2026 16:55see336

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

12 Октября 2026 16:06see174

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

12 Октября 2026 17:28see174

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

12 Октября 2026 17:22see173

Подделка на зубок

12 Октября 2026 19:49see166

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

12 Октября 2026 18:29see154

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

12 Октября 2026 17:28see151

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

12 Октября 2026 20:28see145

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

12 Октября 2026 23:14see143

Мужчина крал тонометры в Уральске

12 Октября 2026 19:12see137

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

12 Октября 2026 20:03see136

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

12 Октября 2026 19:53see136

Токаев посетил центр детской реабилитации вместе с королем и королевой Бельгии

12 Октября 2026 19:26see132

Обеспеченные многодетные казахстанцы начали добровольно отказываться от социальных выплат

12 Октября 2026 21:21see129

VietJet Air открыла маршрут Ханой Алматы Прага

12 Октября 2026 21:21see126

Десять пьяных водителей привлекли к ответственности за выходные в Актюбинской области

12 Октября 2026 19:49see124

Суд Жамбылской области восстановил кандидата на должность замдиректора школы

12 Октября 2026 17:52see123

Около 8 тонн старых шин вывезли на мусорный полигон в Туркестанской области

12 Октября 2026 22:35see120

Участок дороги по Толе би перекроют в Алматы на несколько дней

12 Октября 2026 21:21see114

Анипа Назарбаева значительно сократила долги перед Казахстаном

12 Октября 2026 17:01see112
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня