Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Реконструкция фонтанов на площади Республики и у театра Мусрепова завершится в третьем квартале акимат Алматы Аналитический интернет журнал Власть

Аллергия плюс штраф

Нет лекарств и медработников: прокуратура выявила нарушения в школах Жетысуской области

На фабрике фейерверков в Индии взрыв убил 23 человека

Знай часам цену

О новой Конституции рассказал спикер Мажилиса на заседании ПА ОДКБ

В Казахтелекоме могут заменить часть сотрудников на ИИ

Казахстан делает ставку на чистый уголь и снижает выбросы

Закупки на миллиарды: Казатомпром и Самрук Энерго заподозрили в махинациях

Многомиллионный агропроект в Улытауской области едва не сорвали из за карантинной зоны

Мужчины в костюме медведя испортили три авто премиум класса ради страховки в США

Как наказали жительницу Семея за смерть котёнка в стиральной машине

Более 20 миллиардов долларов достигли прямые иностранные инвестиции в Казахстане

Отбасы банк: исполнение желаний

Где встречаются звёзды

На 84 году жизни скончался выдающийся поэт Мухтар Шаханов

Публичные слушания провели в Алматы в один день с разницей в час: было ли нарушение, ответили в КРЕМ

Отопительный сезон завершили в нескольких городах Казахстана

Защита от спама появится в WhatsApp

Вакцинация против вируса папилломы человека проходит в Астане

Ауыл әкімінің билігін күшейту үшін оларға қандай мәртебе беру қажет? Сарапшылар пікірі

Ауыл әкімінің билігін күшейту үшін оларға қандай мәртебе беру қажет? Сарапшылар пікірі

По информации сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл және аудан әкімдерінің құзыретін заңмен нығайту керек екенін мәлімдеді. Халық сайлағанымен, ауыл әкімдерінің қолында дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін нақты өкілеттіктер аз.

"Әкімдердің өкілеттігін қайта қарау мен жауапкершілігін күшейту экономикалық ресурстарды рационалды бөлумен қатар сауатты жүргізілуге тиіс. Әйтпесе аталған бағыттағы реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді", – деді мемлекет басшысы. 

Осы ретте Informburo.kz сарапшылардан ауыл әкімінің мәртебесі қандай болуы тиіс және оларға қандай өкілет берілуі қажет екенін сұрады.

Әкімдердің мәртебесін күшейту мен жергілікті демократияны қатар дамыту керек

Серік Егізбаев, мәжіліс депутаты, "Ауыл" фракциясының жетекшісі:

– Ауыл-аймақтардың қарқынды дамуы үшін ауыл әкімдерінің мәртебесі нақтылануы өте маңызды. Қазіргі таңда, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік атқарушы органдармен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін де жүзеге асырады. 2021 жылдан бастап Қазақстанда ауылдық округ әкімдерін депутаттар емес, жергілікті тұрғындар тікелей сайлай бастады. 2018-2020 жылдары дербес жергілікті бюджет механизмдері енгізіліп, ауылдық округтер дербес бюджет алды, ауылдық округтердің өзін-өзі қамту деңгейін арттыру мақсатында салық пен төлемдердің 25 түрі берілді. Оның орынды шешім болғанының дәлелі – төртінші деңгейлі бюджет енгізілгеннен бері ауылдық округтердегі түсім 4 есе ұлғайып, 130 млрд теңгеден асқан. Ал биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыруды тапсырды.

Егер ауыл әкімдерінің мәртебесі шын мәнінде күшейсін десек, келесі салаларда нақты және кең өкілеттер беру маңызды:

Бюджет және қаржылық дербестік: дербес бюджеттің кіріс-шығысына толық бақылау, салық және жергілікті төлемдерден түсетін кіріс, жергілікті деңгейде бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы үшін жауапкершілік; Инфрақұрылым саласы: ауылішілік жолдар, су, жарық, санитария, коммуналдық қызметтер, мектеп, медпункт, мәдениет үйі, спорт алаңы сияқты ауылішілік нысандар мен коммуналдық мүлікті басқару; Әлеуметтік мәселелер: әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жастармен, қарттармен, мүгедектермен жұмыс, жергілікті мәдениет, спорт, білім,жергілікті қажеттіліктерге қарай қайырымдылық, қоғамдық бастамалар; Коммуналдық немесе коммуналдық-өндірістік кәсіпорындар құру және басқару: ауыл округтері өз коммуналдық кәсіпорындарын құру құқығын алса, жол, тазалық, су, газ, жылу сияқты қызметтерді жергілікті деңгейде ұйымдастыра алар еді.

Яғни, әкім - ауылдың күнделікті өміріне, даму бағытына, жергілікті инфрақұрылым мен әлеуметтік мәселелеріне толық жауапты лауазым иесі болуы тиіс.

Егер әкімдерге нақты өкілеттер мен ресурстар берілсе, жол, коммуналдық қызмет, су, жарық сияқты жергілікті мәселелер бойынша бюрократиялық іс-қимылдар азайып, ауыл жұртының көп мәселесі ауылдық деңгейде шешілер еді. Бұл ауыл инфраструктурасы мәселелерін жергілікті деңгейде тез шешіп, ауылдарды дамытуға мүмкіндік береді. Әкім әлеуметтік, мәдени, білім, спорт, қоғамдық қызметтерді дамытуға, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеруге тікелей ықпал ете алады. Бұрынғы "орталықтан тағайындалған әкім" моделімен салыстырғанда ауыл тұрғындарының нақты қажеттілігіне сәйкес саясат жүргізіледі.

​Қорыта айтқанда, бюджет және заңнамалық базаны бекіту ауыл әкімдеріне нақты қаржылық дербестік береді. Бұл ауыл бюджетін жергілікті қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, орталықтан тапсырма күтпей-ақ, ауылішілік мәселелерді, инфрақұрылым, коммуналдық қызметтерді басқару өздерінде болады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары әкімді өздері сайлап, оған өздері талап қояды. Бұл биліктің жергіліктенуін, халықтың белсенділігі мен жауапкершілігін арттырады, ашықтық, есеп беру, қоғамдық бақылау күшейеді. 

Сөздің шыны керек, әр ауылдың өз проблемасы бар, қажеттілігі де әртүрлі. Қазақта "Басы ауырмағанның қасында балтырың сыздамасын", деген сөз бар. Яғни, ол ауылдың мұң-мұқтажын, жергілікті ахуалды сол ауылдың азаматы ғана біледі. Сырттан сайланған бөтен біреу ол ауылдың қажеттіліктерін білмейді, түсінбейді. Сондықтан да, ауыл әкімін де сол ауыл азаматтары өз арасынан өздері сайлағаны орынды. Сәйкесінше, сайланған әкім халық алдында жауапты болады. Егер нәтижесі жоқ болса, халықтың сенімі азаяды. Сондықтан әкімдер мықты, белсенді, нәтижелі жұмыс істеуге жігерленеді.

Дегенмен, мәртебе күшейту мен өкілеттік беру – тек бастама. Егер әкім аппаратындағы кадрлық және басқару мәдениеті жеткіліксіз болса, бюджеттік дербестік болғанымен, бюджет кірісі аз болса (ауыл халқы аз, салық түсімі жоқ, табыс көзі шектеулі) және қоғамдық бақылау, халықтың белсенділігі, азаматтық қоғам дамымаған болса, әкім дербестігінің тиімділігі де күмәнді. Сондықтан, әкімдер мәртебесін күшейту міндетімен қатар, олардың есеп беру механизмін, ашықтықты, жергілікті демократияны да қатар дамыту керек. Әрине, ол үшін әкімдер мен әкім аппараты қызметкерлері кәсіби деңгейді көтеру, басқарушылық дағдыларға бейімделу, яғни, әкімдерді қайта даярлау бағдарламасына ден қойып, сол бағытты күшейткені жөн.

Оқи отырыңыз: "Жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтуда". Президент аудан әкімін сайлауды саралауды тапсырды

Ауыл әкімдеріне сенім артсақ, жұмыс тез жүреді

Айбар Олжай, экономист:

– Жалпы, бізде бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді. Ауыл әкімдеріне бюджеттік дербестік беріліп, өздерінің белгілі бір бюджетін бөлу бойынша көптеген дайындық жұмыстары жүргізілген. Бірақ бәрібір кейін көп ауыл әкімдерінде құжаттарды жүргізу, есеп тапсыру сияқты қаржылық сауаттылыққа қатысты сұрақтар пайда болды. Сол үшін барлығы "әкімдер мектебі", "ауыл әкімдерінің мектебі" деген арнайы курстардан өтті. Енді осы жұмыстарды нақты орындау керек болып отыр.

Қазір ауыл әкімдерінің мәртебесі бойынша жан-жақты шаралар жасалып жатыр. Олар мектептен өтті, біліктілігін арттырды, құжаттармен, бюджет құжаттарымен жұмыс істей алатын деңгейге жетті. Сондықтан ауылда жиналатын жеке табыс салығы, корпоративті табыс салығы, кәсіпкерлерден түсетін түсімнің белгілі бір бөлігі белгілі бір пропорцияда ауылда қалуы керек. Сол кезде ауыл әкімі ауыл азаматтарымен кеңесе отырып, елді мекенді дамытуды өзі жоспарлай алады. Мысалы: су, инфрақұрылым, ауылішілік жолдар (республикалық үлкен жолдар емес) сияқты мәселелердің бәрі ауыл әкімінің қолында болса, инфрақұрылымның жақсаруы да, әлеуметтік мәселелердің шешілуі де тезірек жүруі тиіс.

Қазір бюджеттік өтініш ұзақ жүреді: ауданға барады, облысқа барады, қайта оралады. Ал егер белгілі бір өкілеттік ауыл әкімдерінің қолына берілсе, біз оларға сенім артсақ, жұмыс тез жүреді. Бұл ауыл тұрғындарына да тікелей әсер етеді, яғни шешілмей жүрген мәселені бір жыл күтпей, бір айдың ішінде жасап алуға мүмкіндік туады.

Өкілеттіктерді жергілікті басқару деңгейіне түсіру керек

Мұрат Қастаев, экономист:

– Жергілікті өзін-өзін басқару реформасы елімізде жақсы бастау алып еді, бірақ жарты жолда тоқтап қалған секілді. Менің ойымша, бұр үрдісті қайта жандандыру қажет, және осы орайда президенттің сөзін қолдаймын. Алайда, тек ауыл әкімдерімен тоқталмай, қалалар және облыстар әкімдерін сайлауға, оларды жергілікті мәселелерді шешуге көбірек тетіктер беру қажет деп санаймын. Әкімдерді мәслихаттар емес, халық тікелей сайлауы қажет, сонда әкімдер халықтың алдынан өтіп, халықтың алдында жауап береді. Жұмысын уәде бергеніндей атқармаса, халықтың көңілін таппаса, сол халық келесі жолы оны сайламай, басқа біреуді орнына қояды. Сөйтіп келе, билікке ең білімді, білікті, қолынан іс келетін ел басқарудағы мамандар келеді, мемлекетті басқару жүйесінің сапасы күрт арта түседі.  Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылы: "Біздің халық демократияға әлі дайын емес, Америкада сияқты демократияны құру үшін сонша миллион американдықтарды қайдан аламын?", – деп айып еді ғой, оның бәрі тек сылтау ғана. Себебі, халық аңқау емес, бәрін көреді, кімнің қалай жұмыс істейтініне көзі жетеді және өзіне лауазымына сай болатын басшыларды таңдауға ақылы жетеді.

Алайда, халық сайлаған әкімдердің қолында шынайы билік тетіктері болуы үшін, олардың құқықтары мен уәкілеттік күшін көбейту керек. Себебі әкім сайлағанда "ананы істеймін", "мынаны қатырамын" дейді, бірақ сайлау өткен соң соны істеймін десе де, қолында не қаражат, не ықпалы болмай қалады. Сондықтан бірден емес, біртіндеп өкілеттіктерді жергілікті басқару деңгейіне түсіру керек.

Орталықтан (республикалық деңгейде) тек ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, ішкі істер, сыртқы саясат, төтенше жағдайлар, идеологиялық жұмыс, ақпараттық технологиялар, ірі инфрақұрылым жобалары – сол сияқты салалар қалуы керек. Ал жергілікті бюджет, бизнесті қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, жол жөндеу, әлеуметтік сұрақтарды осы жергілікті биліктер шешу керек. Бір жағынан, ол жергілікті биліктің Астанадағы бастықтары емес, жергілікті халықтың алдында жауап беруіне әкеледі. Себебі, қазіргі жағдайда бүкіл билік орталықта болған соң, жергілікті шенеуніктер жоғарыдағыларға қарап отырады, халықтың алдында жауапты емес. 

Екіншіден, жергілікті биліктің өкілеттігін арттыру орталық мемлекеттік органдардың жұмысын азайтады, олар стратегиялық, мемлекеттік маңызы бар сұрақтармен айналыса алады, орталықтағы мемлекеттік қызметкерлердің санын біраз қысқартуға болады. Сол жұмыс орындары Астанада емес, облыстарда, қалаларда, аудандар мен ауылдарда ашыла бастайды, жергілікті бизнес дамиды, халық Астана – Алматы – Шымкент сияқты ірі қалаларға ұмтылмай, аймақтарда қала береді, жұмыс істейді, экономикалық және әлеуметтік даму тек қалаларда шоғырланбай, ауылдар да бой көтере бастайды. Сол арқылы қала мен ауылдағы халықтың өмір сүру деңгейі, жағдайы теңеле бастайды және тек осы арқылы жүйелі түрде бірқатар мемлекеттік мәселелер шешіле бастайды.

Ауыл, аудан, қала, облыс деңгейінде шынайы басқару тетіктері, ең бастысы, бюджет қолда болса, көптеген сұрақтар жергілікті деңгейде шешіле бастайды. Қазір халық жалақы алмай жатса да, жергілікті жол жөнделмей, жылу берілмей, қоқыс шығарылмай, су ақпай қалса, барлық сұрақтардың шешімін президенттен сұрайды, себебі шынайы билік, ықпал, күш тек президенттің қолында бар екенін біледі. Сондықтан халық барлық сұрақтар бойынша әкімге, депутатқа, министрге бармайды, тек президентке жүгінеді, тіпті ауыл, аудан, облыс әкімінің аты-жөнін де білмей жатады. Бұл жағдай президент пен оның әкімшілігіне де тиімсіз. Ал биліктің біраз бөлігін әкімдерге жүктеп, оларға билік тетіктерін беріп, тікелей халықпен сайланып, халыққа жауап берсе, онда президенттің де ауыртпалығы азаяды, жергілікті сұрақтар бойынша жауапкершілік жергілікті әкімдердің мойнында болады.

Ең бастысы – халық өз күшін сезе бастайды, өз басшыларын өзі тағайындап, өзі алып тастауға мүмкіндігі бар екенін түсінеді, саяси белсенділік пен саяси мәдениет арта түседі. Билік те халықтың күшін сезіп, халықтан қорқып, халықтың ризалығы үшін жұмыс істей бастайды. Яғни халық билікке жұмыс істемейді, билік халыққа қызмет етеді.

Өкінішке қарай, отыз жылдан астам тәуелсіз болсақ та, ол деңгейге әлі жеткен жоқпыз, Кеңес дәуіріндегі менталитет әлі күшін жоғалтқан жоқ, яғни "барлық мәселені үкімет шешу керек", "халық белсенді болмауы керек", "саясатқа араласпауы керек" секілді ұстанымдар әлі де кең таралған. Ал шынайы демократиялық ел құрамыз десек, халық барлық сұрақтарға белсенді араласып, барлық мемлекеттік шешімдерді өзі қабылдап, қазіргі өмірі мен болашағы өз қолында болуы тиіс және оны президент қашан айтады деп күтпей, өзі талап етуі керек.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:191
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 04 Декабря 2025 15:21
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Реконструкция фонтанов на площади Республики и у театра Мусрепова завершится в третьем квартале акимат Алматы Аналитический интернет журнал Власть

20 Апреля 2026 14:41see440

Аллергия плюс штраф

20 Апреля 2026 17:39see162

Нет лекарств и медработников: прокуратура выявила нарушения в школах Жетысуской области

20 Апреля 2026 19:38see157

На фабрике фейерверков в Индии взрыв убил 23 человека

20 Апреля 2026 10:22see155

Знай часам цену

20 Апреля 2026 17:57see154

О новой Конституции рассказал спикер Мажилиса на заседании ПА ОДКБ

20 Апреля 2026 17:18see153

В Казахтелекоме могут заменить часть сотрудников на ИИ

20 Апреля 2026 13:46see146

Казахстан делает ставку на чистый уголь и снижает выбросы

20 Апреля 2026 15:22see145

Закупки на миллиарды: Казатомпром и Самрук Энерго заподозрили в махинациях

20 Апреля 2026 23:56see143

Многомиллионный агропроект в Улытауской области едва не сорвали из за карантинной зоны

20 Апреля 2026 15:59see139

Мужчины в костюме медведя испортили три авто премиум класса ради страховки в США

20 Апреля 2026 01:12see139

Как наказали жительницу Семея за смерть котёнка в стиральной машине

19 Апреля 2026 21:26see139

Более 20 миллиардов долларов достигли прямые иностранные инвестиции в Казахстане

20 Апреля 2026 16:20see139

Отбасы банк: исполнение желаний

20 Апреля 2026 20:43see136

Где встречаются звёзды

20 Апреля 2026 18:34see136

На 84 году жизни скончался выдающийся поэт Мухтар Шаханов

19 Апреля 2026 22:50see135

Публичные слушания провели в Алматы в один день с разницей в час: было ли нарушение, ответили в КРЕМ

20 Апреля 2026 16:54see134

Отопительный сезон завершили в нескольких городах Казахстана

20 Апреля 2026 18:13see134

Защита от спама появится в WhatsApp

19 Апреля 2026 21:34see133

Вакцинация против вируса папилломы человека проходит в Астане

20 Апреля 2026 17:21see130
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня