Музыкалық аспап шеберлеріне кәсіби мәртебе беру: Үкімет жауабы қандай
По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің қазан айының басында музыкалық аспап шеберлеріне кәсіби мәртебе беру туралы депутаттық сауалына премьер-министр Олжас Бектенов жауап берді.
Оның айтуынша, елімізде шеберлерді қолдауға бағытталған түрлі шаралар қолға алынған.
"Қазіргі уақытта Салық кодексінде жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі көзделген. Музыкалық аспаптар шеберлері арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын және орта бизнес субъектілеріне жататынын атап өткен жөн. Сондай-ақ музыкалық аспаптарды дайындау жөніндегі қызмет түрі оңайлатылған декларация негізінде тыйым салынған қызмет түрлері тізбесінің жобасына енгізілмеген", – деді Олжас Бектенов.
Дегенмен, Жалпы ұлттық регистр, аспапқа арналған акустикалық паспорт, материал өңдеу стандартын, реставрация кодексін, сертификаттау жүйесін енгізу мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және уақыт, кадр және қаржы ресурстарын талап ететін көпсатылы процесске жатады. Сәйкесінше, премьер-министрдің айтуынша, бұл мәселе мемлекеттік органдарды, қоғамдық құрылымдарды, мүдделі тұлғаларды тарту арқылы жан-жақты зерделеуді қажет етеді.
Сондай-ақ, Олжас Бектенов қолөнер шебері Қамар Қасымовтың туған өлкесі Павлодар облысында әр мерейтой сайын білім беру ұйымдарында, музейлерде еске алуға арналған ісшаралар мен тақырыптық дәрістер, кештер өткізіліп тұратынын еске салды.
"Өз кезегінде Қамар Қасымов атындағы музыкалық шеберлер конкурсын өткізу мәселесін жергілікті атқарушы органдар өңірдің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай қарастыратын болады", – деді үкімет басшысы.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:67
Эта новость заархивирована с источника 04 Ноября 2025 12:59 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















