Депутат "Қазпоштаны" монополист деп айыптады. Компанияның жауабы қандай
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Таяуда мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанда газет тарату мәселесін мәжіліс мінберінде көтеріп, бұл салада монополиялық жағдай орнағанын және оның "Қазпоштаның" мүддесін көздейтінін айтып сынға алған болатын. Депутаттың сауалына компанияның басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев жауап берді.
Оның айтуынша, "Қазпоштаның" нарықта монополиялық жағдайды иеленгені туралы тұжырым шындыққа жанаспайды.
"Пошта операторларының мерзімді баспа басылымдарын жазылым бойынша тарату бойынша қызметі нарықта бәсекеге қабілетті қызмет түрі болып саналады. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-тармағына сәйкес, монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастырады және жүргізеді. Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы №273/НҚ бұйрығымен мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі бекітілді, ол жерде "Қазпошта" АҚ жоқ", – деп жауап берді Бекежан Жәкеев.
Сондай-ақ, ол мерзімді баспасөз басылымдарын тарату қызметі бойынша Қазақстан нарығында 50-ден астам компания жұмыс істейтінін алға тартты.
"Бұл компаниялар қызметін нарықтың едәуір маржиналды сегментінде жүзеге асыратынын айта кеткен жөн. Газет-журналдарды жеткізу қалалық жерлерде заңды тұлғалар үшін жүзеге асырылады, ол жерде тасымалдау, жеткізу шығындары айтарлықтай аз. Ал "Қазпошта" газет - журналдарды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге таратуды жүзеге асырады, ол жерде тасымалдау және жеткізу шығындары едәуір жоғары", – деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:74
Эта новость заархивирована с источника 06 Ноября 2025 16:31 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















