Жұлдыз индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды
По данным сайта Newtimes.KZ, передает Qazaq24.com.
Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысты. Теміржолдың жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, мұнда теміржол төсемін салумен қатар, асфальт жабыны толық қалпына келтірілді.
Еске сала кетейік, Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың, теміржол желісін кеңейтудің және жүк тасымалының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын.
«Жұлдыз» индустриалды аймағында теміржол желісінің салынуы осы міндеттерге сәйкес келеді және қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуында аса маңызды.
Жаңа инфрақұрылым шикізат пен материалдарды жеткізуді, дайын өнімді жөнелтуді жеңілдетіп, индустриалды аймақтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Теміржол өндірістік алаңның әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын орналастыруға және қаланың өнеркәсіптік мүмкіндігін дамытуға қосымша жағдай жасайды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:79
Эта новость заархивирована с источника 05 Ноября 2026 20:36 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















