Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Миллиард на закупках: задержаны экс руководители ветеринарной службы в Туркестанской области

Использовали рептилий для запугивания жертв: полиция Италии обнаружила подпольный серпентарий

Пехота США высадилась в Персидском заливе, к войне подключились хуситы: что известно об обострении конфликта на Ближнем Востоке

В Таразе наказали сразу девять водителей свадебного кортежа

Ночные гонки в Астане закончились арестом: водители Lexus и BMW получили по 10 суток

КНДР испытала новый мощный двигатель для ракет

В Казахстане создают озера данных для внедрения ИИ в регионах

Пешеход на проезжей части едва не спровоцировал ДТП в Алматы

В Сатпаеве простились со зверски убитыми матерью и дочерью

Почему так дорого? Алматинка пришла в ужас, увидев счет в квитанциях за комуслуги

Полицейские незаконно удерживали водителя в области Абай: раскрыты детали

Кайрат проиграл десятикратному чемпиону России Зениту в товарищеском матче

Нет королям : в США снова прошли массовые протесты против Трампа

Продажа квартиры в Астане обернулась неожиданным подарком для женщины

Преступник проник в дом американки и шокировал ее странным поступком

Серия пенальти определила победителя матча FIFA Series между соперниками сборной Казахстана

Жители Актау пожаловались на слив неизвестной жидкости в Каспий (видео)

Соколов балобанов выпустили в дикую природу в Жетысуской области

Казахстанец выиграл медаль на этапе Кубка мира по артистическому плаванию

МИД РК прокомментировал конфликт с участием казахстанцев в России

Полигамияны дәстүрмен ақтауға бола ма немесе "тоқалдан туған" баланың құқығы қандай?

Полигамияны дәстүрмен ақтауға бола ма немесе "тоқалдан туған" баланың құқығы қандай?

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, отмечает.

"Тоқалдықты заңдастыру" тақырыбы әлі де қызу талқыланып келеді. Кейбір заңгерлер мен қоғам белсенділері бұл бастаманы әйелдердің және балалардың құқықтарын қорғау тетігі ретінде ұсынғанымен, бірқатар сарапшы пікірмен түбегейлі келіспейді. Мамандардың айтуынша, полигамияны заңдастыру – біріншіден, Конституция қағидаттарына қайшы, екіншіден, әйел мен баланың шынайы құқықтық қорғалу деңгейін арттырмайды. Сондай-ақ, олар заңсыз некеден туған баланың алимент алу құқығы туралы сөз қозғады. 

Таяуда мәжіліс депутаты Абзал Құспанның тоқалдықты заңдастыру туралы айтқан идеясы қоғамда түрлі пікір туғызды.

  "Біз діни нормаларды заңдастыра бастасақ, бұл мемлекет құрылымының іргетасын шайқалтады"

Гендерлік теңдік мәселелерін зерттеуші әрі сарапшы Айгерім Құсайынқызының айтуынша, Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның тоқалдық институтын заңдастыру туралы бастамасы – заң шығарушы тұлға үшін "күлкілі әрі қайшылыққа толы ұсыныс".

"Егер депутат әйелдерді қорғау деп тоқалдардың эмансипациясын немесе олардың балаларына мұрагерлік құқық беру мәселесін меңзеп отырса, мұны "әйелді қорғау" деп айту қате. Керісінше, ол – екінші әйелдерін жасырып жүрген ер адамдардың әрекетін заңдастыруға бағытталған қадам. Бұл – әйел құқығын қорғау емес, заңсыздықты заңдастырудың көрінісі", – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, Қазақстан гендерлік теңдікке қатысты 40-қа жуық халықаралық және салалық құжаттарды қабылдап, соның басым бөлігін ратификациялаған. Демек, "теңдік" ұғымының мәні – көп әйел алуды заңдастыру емес.

"Әйелдерді қорғау ұранымен кейбір ер адам өзінің аморальды ниеті мен әрекетін заңдастыруға ұмтылып отыр. Бұл – шынайы гендерлік саясаттың мәніне қарсы бағыт", – дейді Айгерім Құсайынқызы.

Оқи отырыңыз: Иракта 9 жастағы қыздардың некеге тұруына рұқсат берілмек. Бастама БҰҰ тарапынан сынға қалды

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aigerim Kussaiynkyzy | Gender expert | Researcher| (@kussaiynkyzy)

Сарапшы сонымен қатар депутаттың бұл ұсынысы Қазақстан Конституциясының қағидаттарына қайшы екенін атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің Ата заңы Қазақстанды демократиялық әрі зайырлы мемлекет ретінде айқындайды, ал мұндай елде діни немесе дәстүрлі жоралғыларды заңдастыруға жол берілмеуі керек.

"Конституцияның бірінші бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялаған. Зайырлы мемлекеттерде көп әйел алу сияқты діни ритуалдарды заңдастыруға болмайды. Егер біз діни нормаларды заңдастыра бастасақ, бұл мемлекет құрылымының іргетасын шайқалтады. Мұндай идеялар Ауғанстандағы тәліптердің немесе Ирандағы әйелдерге қарсы әрекеттерді ақтауға ұқсас сипат алады. Абзал Құспанның ұсынысы – осы тұрғыдан қарағанда антиконституциялық әрі антигендерлік бастама", — деді зерттеуші.

Айгерім Құсайынқызы заңгер адамның мұндай мәлімдеме жасауына өкініш білдіріп, оның қоғамдағы құқықтық мәдениетке теріс әсер ететінін айтады. 

"Құқық қорғаушы, заңгер адамның өзі "тоқалдықты заңдастыру керек" десе, қарапайым азаматтар "неге болмасын?" деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл – Конституцияның бірнеше бабына қайшы, әйелдердің тең құқығын бұзатын, сексистік және патриархалды ұстаным. Абзал Құспан мұндай ұсыныстың заң ретінде қабылданбайтынын жақсы біледі. Дегенмен ол халықтың назарын аударып, популистік резонанс тудыру үшін осындай мәлімдеме жасаған. Сондықтан мен бұл пікірді қасақана жасалған, антиконституциялық, мизогендік және әйел құқығын аяққа таптайтын популистік мәлімдеме деп бағалаймын", – деді сарапшы.

Омар Жәлел тоқал алғаны туралы: Мен – өз идеямның құрбанымын

Тоқал әңгімесі күшейгенде қоғам белсендісі абайтанушы Омар Жәлел де де өзінің тоқал алған оқиғасын бөлісіп, оның себебін түсіндірді. 

"Бұрын тоқал алу – қажеттілік болған, қазір – нәпсінің қалауы, құмарлық, қала берді - мақтан. Бұрын мен осы мәселені көп көтердім. Айттым. Айтқан нәрсе міндетті түрде жүзеге асады екен. Ұрпақ дедік. Негізгі ұранымыз осы болды. Бірақ берекені ойламадық. Ойлауға шамамыз да болмады. Басы қатты нәпсімізді тоқтата алмадық. Қайратымыз жетпеді. "Ертең би боласың, сонда бұл мәселе алдыңнан шығады" деп, елдіктің жолында ғашығынан бас тарттырып, Тәттімбетті тоқтатқан Қазанғаптай дана би алдымызда болмады. Үлгісіздіктің көкесін көрсеттік. "Өзім білемін" дедім. Ешкімді тыңдамадым. Айтса, ұқпадым. Біраз адамдарға жел бердім. Әлі күнге дейін біраз жігіттер "Сіздің осы әңгімеңіз ұнайды" дейді. Нәпсілеріне ұнап тұрғанымен шаруасы жоқ. Қызба бастар көргісі келеді. Артын ойлап жатқан ешкім жоқ. Оларға бұл – қызық. Шыжығын ешкім ойлап жатқан жоқ", – деді Омар Жәлел. 

Сондай-ақ, ол өзіне еріп тоқал алып, кейін өкінген жандардан да кешірім сұрады. 

"Мен "тоқал алмаңдар" деймін. Өз ащы тәжірибемнен айтып отырмын. Отбасының шырқын бұзбаңдар. Алған жарларыңды қадірлеңдер. Ұрпақ керек болса, солар-ақ туып береді. Бұл сөзді мен айтуға тиіспін. Үйткені көп жігіттер менің сөзіме ерді. Менің сөзім оларға демеу болды. Елдің алдында жүрген соң әр сөзіңе жауап беруің керек. Мен осылай өзімнің қате айтқан сөзіме жауап беріп отырмын. Егер менің әсерімнен отбасы бұзылса, иіліп тұрып кешірім сұраймын. Мен – өз идеямның құрбанымын. Бұл идея іс жүзінде өзінің дұрыс еместігін көрсетті. Бұрын тоқалды бәйбішелер өздері алып беретін. Бұл мәселе өмірлік қажеттілігі болғандықтан ғана даналықпен шешілетін. Ол заман енді келмеске кетті. Заман өзгеріп кетті. Он тоғызыншы ғасырдың идеясы қазір өтпейді", – деді Омар Жәлел. 

Некесіз туған бала да алимент алуға құқылы ол үшін заңды өзгерту қажет емес

Адвокат әрі отбасы құқығы саласындағы маман Құндыз Утебекова көп әйел алушылықты заңдастыру туралы ұсынысты Конституция талаптарына да, қоғамдағы теңдік қағидатына да қайшы деп санайды. Оның айтуынша, мұндай бастама елдің құқықтық жүйесін әлсіретіп, әйел мен ердің теңдігін бұзады.

"Менің ойымша, көп әйел алушылықты заң жүзінде енгізу – әділетсіз шешім. Себебі біздің Конституциямызда ерлер мен әйелдердің құқықтары тең деп нақты көрсетілген. Егер ер адамға бірнеше әйел алуға рұқсат берілсе, онда әділдік үшін әйелдерге де бірнеше ер алу мүмкіндігі берілуі керек емес пе? Бірақ бұл қоғамның моральдық және құқықтық қағидаттарына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан мұндай бастама – теңдік емес, керісінше, теңсіздікті заңдастыру әрекеті", – деді заңгер.

Құндыз Утебекованың пікірінше, гендерлік теңдік – тек құқықтық ұғым емес, мемлекет дамуының маңызды көрсеткіші.

"Әйел мен ердің қоғамдағы тең мүмкіндіктерін сақтау – өркениетті елдің басты белгісі. Егер біз көп әйел алушылықты заңдастыруға жол берсек, онда бұл әйелдердің мәртебесін төмендетіп, олардың адам ретінде тең құқылы болуына қауіп төндіреді. Бұл – қоғамды артқа тартатын, патриархалдық көзқарасты күшейтетін қадам", – деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда медресе оқытушылары жас қыздарды тоқал болуға мәжбүрлеген

Оның айтуынша, неке институтына қатысты кез келген заңнамалық өзгеріс құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан мұқият талдауды қажет етеді. 

"Егер көп әйел алушылық туралы норманы талқылайтын болсақ, онда онымен бірге мүліктік даулар, мұрагерлік құқық, алимент төлеу тәртібі және басқа да көптеген мәселені қарастыру керек. Бұл – өте күрделі құқық саласы. Мұнда эмоция емес, заң мен әділет қағидаты жетекші рөл атқаруы тиіс", – деді заңгер.

Құндыз Утебекова көп әйел алушылық идеясын қоғамдағы моральдық құндылықтарға да қауіп төндіретін құбылыс деп бағалады. Оның пікірінше, мұндай бастамалар халықтың құқықтық санасына теріс әсер етеді және әйелдің қоғамдағы рөлін әлсіретеді.

"Егер заңгерлердің өзі "тоқалдықты заңдастырайық" десе, онда қарапайым азаматтар не ойлайды? Бұл қоғамда заңға, Конституцияға деген сенімді азайтады. Біз әрбір адамның – әйел де, ер де – тең құқыққа ие екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл бастамаға құқықтық тұрғыдан ғана емес, адамгершілік тұрғысынан да үзілді-кесілді қарсы шығу қажет", – деп түйіндеді адвокат Құндыз Утебекова.

Адвокат Құндыз Утебекованың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңдар аясында Қазақстан Республикасында ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ некеден тыс туған балалардың да құқықтары толық қорғалған. Сондықтан "тоқалдықты заңдастыру" бастамасы – заңдық тұрғыда негізсіз және Конституцияға қайшы.

"Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында барлық адам тең. Яғни әйел мен еркектің, некеде туған және некеден тыс туған баланың құқықтары тең дәрежеде қорғалады. Ал "тоқалдықты заңдастыру" бұл теңдікті бұзады, себебі бір адамның бірнеше әйелмен некеде тұруы – Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 11-бабында тікелей тыйым салынған әрекет", – деп түсіндірді адвокат.

Оқи отырыңыз: Баласы буллинг жасаған ата-ана бірден айыппұл төлеуге міндеттеледі

Оның айтуынша, қазіргі заңнама некеге тұрмаған, бірақ ортақ баласы бар ер мен әйелдің де құқықтарын айқын реттейді. Яғни ата-аналар ресми некеде болмаса да, бала туған жағдайда ер адам баланың әкесі ретінде танылса, ол азаматтық-құқықтық және қаржылық жауапкершіліктен босатылмайды.

"Бұл Неке және отбасы кодексінің 47-бабында нақты көрсетілген. Егер ер адам баланың биологиялық әкесі болса, ол автоматты түрде ата-аналық міндеттерді атқаруға тиіс. Мұндай жағдайда анасы сот арқылы алимент өндіре алады – бұл Кодекстің 138-бабының 1-тармағында көзделген", – деді Құндыз Утебекова.

Ол сондай-ақ, алимент төлеу некеде тұрғандарға ғана емес, неке қию рәсімінен өтпеген, бірақ баланың ата-анасы деп танылған адамдарға да қатысты екенін атап өтті.

"Мысалы, егер ер адам әкелік қатынасын мойындаудан бас тартса, анасы ДНҚ сараптамасы арқылы әкелік фактіні дәлелдеп, сот шешімі негізінде алимент өндіруге құқылы. Мұндай тәжірибе Қазақстанда кеңінен қолданылады. Сондықтан тоқалдықты заңдастыру бала мен ананың мүддесін қорғайтын жаңа құқықтық механизм әкелмейді", – деді заңгер.

Құндыз Утебекованың пікірінше, керісінше, полигамияны заңдастыру әйелдердің құқықтық және әлеуметтік мәртебесін әлсіретіп, азаматтық құқықтық қатынастарда теңсіздік орнатады.

Оқи отырыңыз: Ажырасу – тренд пе, шешім бе? Дариға Бадықова мен Тұрсынбек Қабатов кейсі нені көрсетті

"Қазіргі заң әйелдің де, ердің де тең құқылы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер бір ер адамға бірнеше әйелмен некеде болуға рұқсат берілсе, бұл Конституцияның 27-бабындағы "Отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады" деген қағидатқа да қайшы келеді. Себебі мұндай модельде бірінші және екінші әйелдердің құқықтық мәртебесі әртүрлі болады, бұл өз кезегінде мүліктік және мұрагерлік дауларға әкеледі", – деді ол.

Маманның айтуынша, егер мақсат әйел мен баланың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру болса, онда полигамияны заңдастыру емес, қолданыстағы алименттік және әлеуметтік қолдау механизмдерін жетілдіру қажет.

"Заңды бұзбай-ақ әйел мен баланы қорғауға толық мүмкіндік бар. Ол үшін отбасы құқығын күшейту, алимент өндірудің тиімді тетіктерін енгізу және ата-аналық жауапкершілікті арттыру қажет. Ал полигамия – керісінше, заңдық теңсіздік пен моральдық тұрақсыздықтың жолы", – деп түйіндеді адвокат Құндыз Утебекова.

Полигамияны "дәстүр" деп ақтау дұрыс емес

Психолог Назира Бурханованың айтуынша, көп әйел алушылық – тек әлеуметтік не діни мәселе емес, ол ең алдымен жеке тұлғаның психикасына әсер ететін күрделі психологиялық феномен. Мұндай жағдай отбасы мүшелерінің барлығында – әйелде, еркекте, балада – қанағаттанбау сезімі, сенім дағдарысы және эмоционалды жарақат қалыптастырады.

"Психоанализ тұрғысынан алғанда, бірінші әйел үшін ерінің тоқал алу шешімі – "мен сүйікті болуға лайық емеспін", "мені алмастырды" деген бейсаналық қорқынышты белсендіреді. Бұл өзін-өзі бағалау механизмін бұзады. Әйел ішкі түрде өзін кінәлі сезініп, "неге мені таңдамады?" деген мазасыз ойлармен өмір сүреді. Мұндай ішкі қақтығыс ұзаққа созылса, ол невротикалық күйге, тіпті депрессиялық эпизодтарға ұласуы мүмкін", – дейді маман.

Назира Бурханованың айтуынша, психологияда мұндай реакция "эмоционалды сатқындық" синдромы деп аталады. Бұл кезде адам физикалық емес, эмоционалды деңгейде алданғанын сезеді. Нәтижесінде әйелдің қорғаныс механизмдері белсеніп, агрессия, қызғаныш, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі байқалады.

"Зерттеулер көрсеткендей, ерінің екінші әйел алуын бастан өткерген әйелдердің 70 пайыздан астамында травмалық стресс белгілері байқалады. Олар ұйқысыздық, ішкі уайым, ашушаңдық, қорқыныш сезімін жиі сезінеді. Бұл психосоматикалық ауруларға – бас ауруы, жүрек соғуының бұзылуы, асқазан аурулары сияқты көріністерге әкелуі мүмкін", – деп нақтылады психолог.

Оқи отырыңыз: Ана болуға қалай дайындалу керек? Бала сүюді жоспарлау тәсілдері

Психологтың айтуынша, мұндай отбасыларда ең көп зардап шегетіндер – балалар. Бала ата-анасының арасындағы эмоционалды байланыстың бұзылуын сезіп, өзін қауіпсіздік аймағынан айырылғандай көреді.

"Психоаналитик Джон Боулбидің байланыс теориясы бойынша, баланың болашақтағы тұлғалық тұрақтылығы оның ата-анасымен қалыптасқан сенім мен эмоционалды тұрақтылыққа тікелей байланысты. Егер бала әкесінің басқа әйелге кетіп, үйде шиеленіс пен суық қатынас орнағанын байқаса, онда оның бейсанасында "махаббат тұрақсыз", "ер адам сенімсіз" деген схемалар қалыптасады", – дейді Бурханова.

Бұл құбылыс ұл және қыз балаларда әртүрлі көрініс табады. Ұл балалар агрессияға бейім болып, ер-әйел қатынасында үстемдікке ұмтылса, қыз балалар керісінше, эмоционалды тәуелділік синдромына шалдығады, яғни болашақта өзін бағаламайтын немесе қорлайтын серіктесті "қалыпты" деп қабылдай бастайды.

"Балаға "әкенің екінші әйелі бар" деген түсініктің өзі тұрақты отбасылық модельдің бұзылғанын білдіреді. Бұл бейсаналық деңгейде оның тұлғалық шекараларын әлсіретіп, идентификация процесін қиындатады. Яғни, ол кім болатынын, отбасын қалай құру керегін түсінбей өседі", – дейді психолог.

Назира Бурханова полигамияны "дәстүр" деп ақтау – қоғамның моральдық когнитивтік диссонансында тұрғанын айтады.

"Бір жағынан, біз зайырлы, демократиялық елміз дейміз. Екінші жағынан, діни немесе дәстүрлік негіздегі нормаларды заңдастыруды ұсынамыз. Мұндай екіұдайлық қоғамның бейсаналық деңгейінде "қос мораль" қалыптастырады. Бұл әйел мен ердің теңдігін теріске шығарып, отбасылық қатынастардағы зорлықты нормализациялайды", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда баламен қарым-қатынасқа қатысты дауларды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

Маманның пікірінше, полигамияны заңдастыруды ұсыну – әйелдің психологиялық және құқықтық қауіпсіздігін әлсірететін қадам.

"Тоқал алу – әйелдің қадірін төмендетіп, ер адамның жауапкершілігін азайтады. Ол эмоционалды адалдық институтын бұзады. Психоаналитиктер мұндай жағдайды "бейсаналық агрессияның легализациясы" деп атайды – яғни адам өз ішкі әлсіздігін, сенімсіздігін, эгоцентризмін заң арқылы ақтап алуға тырысады", – деп түйіндеді психолог Назира Бурханова.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:142
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 10 Ноября 2025 13:31
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Миллиард на закупках: задержаны экс руководители ветеринарной службы в Туркестанской области

28 Марта 2026 10:42see561

Использовали рептилий для запугивания жертв: полиция Италии обнаружила подпольный серпентарий

29 Марта 2026 14:44see403

Пехота США высадилась в Персидском заливе, к войне подключились хуситы: что известно об обострении конфликта на Ближнем Востоке

29 Марта 2026 11:36see325

В Таразе наказали сразу девять водителей свадебного кортежа

28 Марта 2026 12:37see249

Ночные гонки в Астане закончились арестом: водители Lexus и BMW получили по 10 суток

28 Марта 2026 12:41see218

КНДР испытала новый мощный двигатель для ракет

29 Марта 2026 15:03see205

В Казахстане создают озера данных для внедрения ИИ в регионах

28 Марта 2026 12:40see197

Пешеход на проезжей части едва не спровоцировал ДТП в Алматы

29 Марта 2026 11:01see193

В Сатпаеве простились со зверски убитыми матерью и дочерью

29 Марта 2026 00:04see192

Почему так дорого? Алматинка пришла в ужас, увидев счет в квитанциях за комуслуги

29 Марта 2026 11:01see187

Полицейские незаконно удерживали водителя в области Абай: раскрыты детали

28 Марта 2026 23:58see182

Кайрат проиграл десятикратному чемпиону России Зениту в товарищеском матче

29 Марта 2026 00:00see182

Нет королям : в США снова прошли массовые протесты против Трампа

29 Марта 2026 18:18see181

Продажа квартиры в Астане обернулась неожиданным подарком для женщины

28 Марта 2026 23:58see180

Преступник проник в дом американки и шокировал ее странным поступком

29 Марта 2026 19:13see179

Серия пенальти определила победителя матча FIFA Series между соперниками сборной Казахстана

28 Марта 2026 19:24see168

Жители Актау пожаловались на слив неизвестной жидкости в Каспий (видео)

28 Марта 2026 11:21see159

Соколов балобанов выпустили в дикую природу в Жетысуской области

29 Марта 2026 21:32see157

Казахстанец выиграл медаль на этапе Кубка мира по артистическому плаванию

28 Марта 2026 14:24see156

МИД РК прокомментировал конфликт с участием казахстанцев в России

28 Марта 2026 14:15see155
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня