"Ата жолы" картасының иелеріне жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы беріледі
Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Қазақстанда "Ата жолы" картасын жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатта арнайы заң жобасы әзірленді, деп жауап берді премьер-министр Олжас Бектенов сенат депутаттарының сауалына орай.
Заң жобасы карта иелеріне келесі басымдықтарды береді:
"Ата жолы" картасы иелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындалады; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде көмек көрсетіледі; жұмысқа орналастыру кезінде біліктілігі тең болған жағдайда қосымша артықшылық беріледі; жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы беріледі; жер учаскелерін алу құқығы беріледі.Қазіргі уақытта заң жобасын мемлекеттік орган өкілдері мен қоғам белсенділері талқылап, қарастырып жатыр.
Олжас Бектеновтің жауабындағы мәліметтерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 71 "Ата жолы" картасы (153 адам) берілді. Оның ішінде 28 карта (74 адам) шетелде жұмыс істеп тұрған бизнесі бар (Ресей, Қытай, Ауғанстан, Ұлыбритания, Моңғолия, АҚШ, Аустрия, Израиль, Германия, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстан) бизнес-иммигранттарға берілді. Олар – мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, физика және информатика, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандары, дәрігерлер және тағы басқалар.
42 карта (78 адам) сұранысқа ие қажетті мамандарға (Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, АҚШ, Израиль, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Финляндия, Швеция, Аустралия, Қырғызстан, Өзбекстан) берілді. Олар – инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургия дәрігерлері, педиатрлар болса, 1 карта (1 адам) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына байланысты жойылған.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:93
Эта новость заархивирована с источника 03 Ноября 2025 12:18 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















