Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Запутались, кто кого может забанить в интернете . Дуров ответил на включение в реестр террористов

Семь партий, один эфир и первый политический экзамен предвыборной кампании

Новые тарифы на ЛРТ введут с 1 августа: какие они

14 граждан Южной Кореи, подозреваемых в мошенничестве, задержали в Казахстане

Мировой хит Bailando Энрике Иглесиаса впервые исполнили на домбыре

Одни и те же квартиры продавали разным людям новые детали аферы в ЖК Qyran

Шлагбаумы во дворах и бесплатные парковки по новому: что ожидает алматинцев

Полицейске спасли ребенка, вышедшего на карниз 10 го этажа в Актау

Мощный пожар на строительном рынке полыхал в Актобе

Оборот торгов на KASE и AIX вырос почти наполовину

Избивали ли пациентов в Павлодаре? Сотрудники психдиспансера ответили на обвинения

Редкого черного грифа с птенцом заметили в чарынском парке

В ВКО через суд добились от акима своевременно оповещать жителей о катастрофах

Проверку компании, связанной с Байбеком, признали незаконной в Акмолинской области

Что обещают туристам? В Казахстане утвердили новые правила для визит центров

Обновленные железнодорожные вокзалы заработали в Атырауской области

Американец сорвал джекпот в $800 млн

В каких регионах чаще всего лишают водительских прав казахстанцев

Виноделы Франции боятся за урожай

Более 150 дропперов обслуживали интернет мошенников в Актобе

"Аяқты кесуге тура келеді". Дәрігерлер артық салмақ қандай ауруларға шалдықтыратынын айтты

"Аяқты кесуге тура келеді". Дәрігерлер артық салмақ қандай ауруларға шалдықтыратынын айтты

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, отмечает.

ЮНИСЕФ-тің техникалық қолдауымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жүргізген есепке сәйкес,  5 пен 9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызында артық салмақ бар. Сауалнамаға барлығы 22,5 мың отбасы қатысты. Зерттелген отбасылардағы осы жас аралығындағы балалардың жалпы саны 6,2 мың адамды құрады. Бойы мен салмағын өлшеу үшін әр үйден кездейсоқ бір баладан таңдап алынған. 

Жыныстық және жас ерекшеліктері:

Ұлдар мен қыздар: көрсеткіштерде айтарлықтай айырмашылық бар: ұлдар арасында – 26,8%, қыздар арасында – 19%; Жас мөлшері: ең жоғары көрсеткіштер зерттеу кезінде жасы толық алтыға толған (24,9%) және тоғыз жастағы (25,8%) балалар арасында тіркелді; Қала мен ауыл: ауылға қарағанда қалалық жерде балалардың артық салмақ жинауы сәл жиірек кездеседі – 23,5% және 22,3%. Аймақтық ахуал: өңірлер бойынша жағдай ең нашар аймақтар: Астана қаласы (51,5%), Қостанай (33,6%), Маңғыстау (30,9%) және Ақтөбе (30,2%) облыстары. Ал ең жақсы көрсеткіштер Батыс Қазақстан (11,8%) мен Солтүстік Қазақстан (17,1%) облыстарында байқалды.

Тұрмысы төмен отбасылардағы балалардың артық салмақ көрсеткіші (22,7%) жалпы орташа деңгейден аса көп ерекшеленбейді. Ал ауқатты отбасыларда бұл көрсеткіш орташа деңгейден жоғары – 25,4%.

Оқи отырыңыз: Артық салмақтан қалай арылуға болады? Психологтан 7 кеңес

Әлемдегі жағдай қандай? ЮНИСЕФ-тің 2025 жылғы қыркүйекте жарияланған баяндамасында 2022 жылы 5-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызында артық салмақ болғаны айтылады. 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық өскен (ол кезде 11% еді).

Себебі мен салдары: Балалар арасында семіздіктің белең алуына тәтті сусындардың, тұзды және тәтті жеңіл-желпі тағамдар мен фастфудтың қолжетімділігі, сондай-ақ бұл тауарлардың жарнамасының агрессивті жүруі себеп болып отыр. Дұрыс тамақтанбау мен артық салмақ қан қысымының көтерілуіне, қандағы глюкозаның көбеюіне және ағзадағы май алмасуының бұзылуына әкеледі. Мамандар мұндай мәселелер ересек өмірде де сақталып, қант диабетінің 2-типіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына және қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне шалдығу қаупін арттыратынын ескертеді.

"Біз бұл бәйгеде уақыт жоғалтып жатырмыз"

Қазақстандағы қант диабетінің ауыртпалығы" атты жобаның бас зерттеушісі, "Диабетті зерттеу жөніндегі қазақстандық қоғам" қоғамдық қорының президенті Жанай Ақанұлы артық салмақ мәселесіне тоқталып, семіздіктің адам ағзасына тигізер зардаптары мен оның соңы қандай қауіпті дерттерге ұласуы мүмкін екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 

"Көздің көруі нашарлап, енді соқырлық мәселесімен бетпе-бет келеміз. Жүрек-қан тамырлары ауруларына келсек, Қазақстан миллион тұрғынға шаққанда жүрекке 1500 ота жасайды. Бұл көп пе, әлде аз ба? Германия 2200-2300 ота жасайды. Бірақ халық санын салыстырыңыз, біз 20 миллионбыз, олар 70 миллион. Демек, бізде жүрек аурулары, аяқ ампутациясы мен соқырлық қаупі тым жоғары. Ал диабеттік нефроангиопатия (бүйрек пен тамырдың зақымдануы – ред. түсіндірмесі) сияқты асқынуларды айтсақ, жағаңызды ұстайсыз. Өйткені пациенттердің көбі ауру әбден асқынып, аяқты кесу керек болғанда ғана дәрігерге келеді. Қорыта айтқанда, мейлі ол дәрі-дәрмек болсын, мейлі семіздікке деген көзқарасымызды өзгертетін мемлекеттік заңнамалық актілер болсын – бұлар біз үшін қазір өте маңызды. Біз бұл бәйгеде уақыт жоғалтып жатырмыз. Семіздікпен тым баяу күресудеміз", – деді Жанай Ақанов. 

Ары қарай дәрігер Қазақстанның қант диабетімен күресте ширек ғасырдан астам уақыт ішінде арнайы ұлттық бағдарлама қабылдай алмай, көрші елдерден артта қалып қойғанын ашық айтты. Маманның пайымдауынша, ендігі кезекте ең болмаса семіздіктің алдын алу арқылы келесі ұрпақты қауіптен арашалап қалуға күш салуымыз керек. Ол ауру асқынғаннан кейін оған жұмсалатын шығын алдын алу шараларынан үш есе қымбатқа түсетінін нақты деректермен дәлелдеп, бұл күресте заманауи медицина мен салауатты өмір салтының маңызы зор екенін ескертті.

"Егер біз қант диабетімен күресте жеңілген болсақ, енді ең болмаса семіздікпен күресейік. Өйткені, 28 жыл ішінде бірде-бір ұлттық бағдарлама қабылдай алмадық, Қазақстан – ТМД елдері ішінде мұндай бағдарламасы жоқ жалғыз ел; тіпті былтырға дейін біз бен Молдова ғана едік, олар да қабылдап қойды. Балаларымыз "тәуекел тобына" ілікпеуі үшін әрекет етуіміз керек. Сондықтан бұл күресте дәрі-дәрмек те, дене шынықтыру шаралары да – бәрі де құптарлық. Заманауи медицинаның негізін салушылардың өзі "ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған оңай" деп айтып кеткен. Салыстырмалы түрде айтсақ, семіздіктің алдын алу кезеңіндегі пациент, тіпті бүгін біз сөз ететін ең озық дәрілерді қолданған күннің өзінде ауру асқынған кездегі шығыннан үш есе арзан түседі. Бұл – нақты есептелген деректер. Әрине, Қазақстанда Сорос қорының мәліметтерін аса ұната бермейді, бірақ олардың да статистикамен айналысатын медицина бөлімі бар. Тәжірибе көрсеткендей, алдын алу шаралары бәрібір үш есе тиімді. Бұл – бір. Екіншіден, қант диабетінің дамуы бұл статистиканы бірден екі есе нашарлататынын ескеру қажет. Байқаусызда денсаулығына қарамай, қант диабетіне шалдығып, аяғынан айырылған мүсәпір жанның тағдыры туралы видеоларды шексіз түсіруге болады, бірақ одан не пайда?" – деді Жанай Ақанов. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұлдар қыздарға қарағанда семіздікке бейім келеді

Артық салмақ инсульт қаупін 50 пайызға арттырады

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неврологы, медицина ғылымдарының докторы Сәуле Тұрысбекова инсульт мәселесінің әлі де күрделі екеніне назар аудартып, бұл дерттің көбіне жүрек-қан тамырларындағы ақаулар мен семіздіктен болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, артық салмаққа жай ғана сыртқы келбеттің міні деп емес, ми тамырларын зақымдайтын күрделі медициналық жағдай ретінде қарау керек. Маман еліміздегі инсульт көрсеткішінің төмендемей отырғанын айта келе, семіздік пен қант диабеті сияқты факторлар бұл қауіпті еселей түсетінін жеткізді.

"Бізде инсультпен күрес бағдарламасы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді, 85 инсульт орталығы ашылды. Әрине, бұл жұмыстардың нәтижесі жоқ емес: инсульттен болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды. Бірақ бұл аурудың өзі азайды деген сөз емес. Инсульт – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде мүгедектік пен өлім-жітімнің басты себебі болып отыр. Біздің елде жыл сайын 40 мыңнан 49 мыңға дейін инсульт жағдайы тіркеледі және бұл көрсеткіш, өкінішке қарай, жылдар бойы азаймай тұр. Мәселен, былтыр да осы деңгейде болды. Жалғыз қуантарлығы – өлім-жітім көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6%-ға төмендеген. Дегенмен, аурудың жиілігі сондай, елестетіп көріңізші: әрбір 10-12 минут сайын бір адам инсультке шалдығады. Мынаны түсіну маңызды: инсульт өздігінен пайда болатын дербес ауру емес, ол басқа бір мәселенің, көбіне жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ақаудың салдары. Бүгінде семіздікке жай ғана артық салмақ немесе сырт келбеттегі кемшілік деп қарауға болмайды. Бұл – ми тамырларына, артериялық қан қысымына, инсулинге төзімділікке және қант диабетінің 2-типіне тікелей әсер ететін күрделі медициналық жағдай. Зерттеулер көрсеткендей, артық салмақ инсульт алу қаупін 50 пайызға жуық арттырады", – деді Сәуле Тұрысбекова. 

Невролог семіздік пен ми ауруларының арасындағы тікелей байланысты алға тартты. Оның айтуынша, артық салмақ мидағы сұр заттың азаюына және ақ заттың зақымдалуына соқтырып, ақыр соңында деменцияға немесе ақыл-ойдың алжуына әкелуі мүмкін. Маман заманауи зерттеулерге сүйене отырып, іш майы жиналған және қозғалысы аз адамдарда инсульт қаупі 4 есеге дейін артатынын, сондықтан ауру асқынбай тұрып алдын алу шараларын қолға алу мемлекеттік деңгейдегі басты міндет екенін қадап айтты.

"Қазір көптеген компаниялар жұмысқа алу талаптарын қайта қарап жатыр. Мәселен, Оман Сұлтанатында шетелден келген адамды жұмысқа аларда міндетті түрде медициналық скринингтен өткізеді. Егер адамның қанында қант деңгейі жоғары болса немесе артық салмағы болса, оны жұмысқа алмайды. Бұл – қатал болса да, өмір шындығы. Мұндай адамдардың жұмыс таңдау мүмкіндігі шектеле бастады. Тағы бір маңызды, бірақ жұрт көп біле бермейтін мәселе бар: семіздік когнитивті денсаулыққа әсер етеді. Ойлау қабілеті дұрыс болмаса, қоғамның да, мемлекеттің де дамуы мүмкін емес. Өйткені біз танымдық функциялар арқылы ақпаратты қабылдаймыз, өңдейміз, есте сақтаймыз және айналамызбен қарым-қатынас жасаймыз. Ал семіздік есте сақтау, зейін қою және оқу қабілетін нашарлатады. Метаболикалық синдромы бар адамдарда ақыл-ойдың төмендеуі жиі кездеседі, бұл соңында деменцияға әкелуі мүмкін. Әсіресе іш майы жиналған, дене салмағының индексі жоғары, қант диабеті немесе гипертониясы бар және аз қозғалатын адамдарда қауіп өте жоғары. Бұл факторлардың жиынтығы инсульт қаупін 2-4 есе, ал деменция қаупін бірнеше есе арттырады. Айта кетерлігі, XXI ғасырдың алғашқы 20 жылында деменция әлемдегі өлім себептерінің ішінде алғаш рет алғашқы ондыққа, тіпті кей елдерде 4-орынға шықты. Біз өмір жасын ұзартуға тырысқанымызбен, жас ұлғайған сайын деменция қаупі де қоса жүреді. Ауру әбден асқынғанда онымен күресу мүмкін емес, сондықтан оның алдын алу – басты міндет. Семіздік індеті бірте-бірте ми ауруларының көбеюіне әкеп соқтыруда. Нейровизуализация, яғни миды зерттеу нәтижелері семіздік кезінде мидағы сұр заттың азайып, ақ заттың зақымдалатынын нақты көрсетіп отыр. Бұл жай ғана болжам емес, бұл – факт. Ми атрофияға ұшырап, ми қыртысы мен қыртысасты орталықтар арасындағы байланыс үзіледі", – деді дәрігер. 

Оқи отырыңыз: "Адам бойындағы таланттарды анықтайды". Генетикалық паспорт артық салмақ пен дерттен қалай құтқарады?

Маманның пікірінше, ең басты жағымды жаңалық – бұл қауіп факторларының барлығын дер кезінде түзетуге болады. Сәуле Тұрысбекова артық салмақтан арылу мидағы қан айналымын жақсартып, қабынуды басатынын, соның арқасында инсульт алу қаупін 30 пайызға дейін төмендетуге болатынын атап өтті. Ол бұл мәселенің шешімі ретінде салауатты өмір салтын насихаттайтын және заң деңгейінде бекітілген мемлекеттік бағдарламаның қажеттілігіне тоқталып, бүгін салынған инвестиция ертеңгі сау ұрпақтың кепілі болатынын жеткізді.

"Жақсы жаңалық сол – бұл қауіп факторларын түзетуге болады. Осы жерде алдын алу медицинасының рөлі зор. Салмақты азайту мидағы қан айналымын жақсартып, қабынуды басады. Бұл есте сақтау мен зейінді жақсартып, инсульт қаупін 30 пайызға төмендетеді. Демек, семіздіктің алдын алу – ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттау. Маған салса, бізге мемлекеттік бағдарлама ауадай қажет. Егер бұл мәселе заң деңгейінде бекітіліп, бүгін осыған көңіл бөлсек, ертең инсульт пен деменциядан аман, дені сау ұрпақ тәрбиелейміз", – деп қорытындылады Сәуле Тұрысбекова.

Жоғарыдағы деректер мен мамандардың пікірі бір нәрсені анық аңғартты: балалар арасындағы артық салмақ мәселесі – тек ата-ананың немесе дәрігердің жеке уайымы емес, бұл ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі түйткіл. Жанай Ақанұлы мен Сәуле Тұрысбекованың ескертулері семіздіктің соңы тек қант диабеті немесе жүрек ауруы емес, адамның ойлау қабілетіне, когнитивті денсаулығына да орасан зор нұқсан келтіретінін көрсетіп отыр.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:193
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 11 Марта 2026 14:33
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Запутались, кто кого может забанить в интернете . Дуров ответил на включение в реестр террористов

31 Июля 2026 00:54see209

Семь партий, один эфир и первый политический экзамен предвыборной кампании

30 Июля 2026 15:37see153

Новые тарифы на ЛРТ введут с 1 августа: какие они

30 Июля 2026 15:24see144

14 граждан Южной Кореи, подозреваемых в мошенничестве, задержали в Казахстане

30 Июля 2026 16:24see143

Мировой хит Bailando Энрике Иглесиаса впервые исполнили на домбыре

30 Июля 2026 15:36see142

Одни и те же квартиры продавали разным людям новые детали аферы в ЖК Qyran

30 Июля 2026 08:20see138

Шлагбаумы во дворах и бесплатные парковки по новому: что ожидает алматинцев

30 Июля 2026 15:53see136

Полицейске спасли ребенка, вышедшего на карниз 10 го этажа в Актау

30 Июля 2026 20:19see134

Мощный пожар на строительном рынке полыхал в Актобе

30 Июля 2026 20:17see133

Оборот торгов на KASE и AIX вырос почти наполовину

30 Июля 2026 14:46see132

Избивали ли пациентов в Павлодаре? Сотрудники психдиспансера ответили на обвинения

30 Июля 2026 16:17see130

Редкого черного грифа с птенцом заметили в чарынском парке

30 Июля 2026 14:15see127

В ВКО через суд добились от акима своевременно оповещать жителей о катастрофах

30 Июля 2026 17:24see123

Проверку компании, связанной с Байбеком, признали незаконной в Акмолинской области

31 Июля 2026 21:02see123

Что обещают туристам? В Казахстане утвердили новые правила для визит центров

30 Июля 2026 13:46see123

Обновленные железнодорожные вокзалы заработали в Атырауской области

30 Июля 2026 16:19see121

Американец сорвал джекпот в $800 млн

30 Июля 2026 14:47see121

В каких регионах чаще всего лишают водительских прав казахстанцев

30 Июля 2026 15:36see120

Виноделы Франции боятся за урожай

31 Июля 2026 18:53see119

Более 150 дропперов обслуживали интернет мошенников в Актобе

30 Июля 2026 13:56see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня