Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

В Астане горело двухэтажное здание

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

Подделка на зубок

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

Крылатые хищники в небе Бозанбая

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

⁠Новые месторождения есть, а новых заводов нет. Почему Казахстан отстает в переработке меди

Около 90 собак остались без хозяина: акимат подключился к спасению животных под Алматы

Мужчина крал тонометры в Уральске

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

"Нағыз жеңіс таудан аман есен түсу". Гид инструктор шыңға шығарда нені ескеру керек екенін айтты

"Нағыз жеңіс таудан аман есен түсу". Гид инструктор шыңға шығарда нені ескеру керек екенін айтты

Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Жақында Алматы тауларында қар көшкінінің астында қалған үш жас жігіттің денесі табылды. Олар төрт мың метр биіктегі шыңға шықпақ болған. Алайда табиғи апат салдарынан үйіне аман-есен оралмады. Биыл Алматы тауларына шығамын деп ондаған адам қаза тапты. Олардың кейбірі тауға жалғыз аттанған.   

Информбюро порталы бұған дейін де тауға қауіпсіз шығу туралы бірнеше материал жарияланған еді. Осы қайғылы оқиғалардан соң тау гиді, инструктор Дидар Қайырдың тауда адамдардың қайтыс болу себебі туралы ойын бөлісуді жөн көрдік.

"Дайындықсыз шығу – тауға деген құрметсіздік"

Дидар Қайырдың айтуынша, шыңдар екіге бөлінеді: альпинистік және туристік. Альпинистік шыңдарға апаратын маршруттар қиындық деңгейіне қарай санаттарға бөлінеді. Олар 1Б, 2А, 2Б деп жалғасып, 6А, 6Б-мен аяқталады. Бір шыңға апаратын бірнеше маршрут болуы мүмкін. Олар арнайы альпинистік жабдықтарды, тәжірибені, біліктілікті және жоғары дайындықты қажет етеді.

"Биіктігі 4147 метр Жастар шыңында 29 шілде күні 20 жастағы жігіт қаза тапты. Ол суреттегі 4 саны көрсетілген 1Б санатындағы маршрутпен көтерілмек болған. Жалғыз, арнайы құрал-саймандарсыз және сақтандырусыз шығып, мұздықтан сырғанап, аяғын сындырған. Көп қан жоғалтып, тауда қаза тапты. 28 қазан күні 19 жастағы жігіт дәл осы шыңға туристтік маршрутпен көтеріліп, 1Б санатындағы маршрутпен түспек болған. Ол да жалғыз, құрал-саймандарсыз және сақтандырусыз шығып, жоғарыдан мұздықтан құлап, денесінің сау жері қалмаған", – деді гид.

Жастар шыңы

️Инструктор осы қайғылы оқиғалардан кейін тауды құрметтемеу, тауды жақсы көру мен тау фанатизмінің айырмашылығы, тауға шығу мен эгоның артынан еру туралы ой бөлісті.

"Сонымен, тауды құрметтемеу дегеніміз не? Альпинистік маршруттарға сақтандырусыз, арнайы құрал-саймандарсыз шығу – тауға көрсетілген үлкен құрметсіздік. Себебі тауға бекерден-бекер белгілі бір санат берілмейді. Сол маршрутты алғашқы болып ашқан, күрделілігіне қарай арнайы санат берген мықты-мықты альпинистер бар. Сол маршрутта қаншама адам қаза тапты. Ал тауға енді шығып жүргендер сол санатты жоққа шығарады. Сол маршрутта қаза тапқан адамдардың өмірін елемейді. Бұл "таудан да ақылдырақпын" дегенмен тең. Ал тау мұндайды кешірмейді", – дейді ол.

Гидтің айтуынша, туристік маршруттар көбіне 1А санатына жатады. 1А санаты – альпинистік құрал-сайманды талап етпеуі мүмкін. Бірақ мұндай маршруттар жеңіл деген сөз емес. Сондықтан қай уақытта шығу, қай уақытта кері бұрылу қажет, сол аймақтағы ауа-райын қарап шығу, жақындарыңды ескерту, маршрутты оқу, тайминг, қалай киіну керек, өзіңмен не алу керек деген сияқты базаны білу қажет. 

"Тау – бөлек әлем, ол әлемнің өз заңдары мен ережелері бар. Ал бұл ережелерді елемеу – тауға көрсетілген құрметсіздік", – деді гид.

"Шыңға жету – жеңістің жартысы ғана"

Ол тауды жақсы көру мен тау фанатизмінің айырмашылығын түсіндіре кетті.

"Сөзсіз, тауды жақсы көріп, таумен "ауыратын", ұзақ уақыт тауға шықпаса өзін жайсыз сезінетін адамдар бар. Бірақ сонымен қатар, тауды культке айналдырып, қауіпті романтизациялап, ақылға емес, тек батырлыққа салып: "өлсем де тауда өлермін" деп, бос ұранның артынан ерген жасөспірімдер де аз емес екенін соңғы уақытта байқап жүрміз. Бұл – махаббат емес. Бұл – эгоның бетпердесі. Ал тауды жақсы көру – оған бағыну, кері бұрыла алу, қабылдау, күте білу, сабырлық. Шыңнан емес, процестен ләззат алу.  Таулар ғасырлар бойы бір орында тұрды. Тауға бұл жолы шыға алмасаң, уақыты келгенде шығасың. Ең бастысы – керу бұрыла алу", – деді Дидар Қайыр.

Гид тауға шығу мен эгоның артынан ерудің не екенін түсіндіре кетті. Эгоның артынан ерген адам шыңға жетуді жеңіс деп көреді. Ал шын мәнінде шыңға жету – жеңістің тек жартысы ғана. Нағыз жеңіс – таудан аман-есен түсу.

"Екі адам бір маршрутқа шықты делік, бірақ екеуінің ниеті екі түрлі. Шыңға шығатын адам – өз денесін тыңдайтын, ішкі дауысына құлақ асатын, күш-қуатын есептейтін, кері бұрылуды стратегия деп білетін адам. Ал екіншісі – шыққан шыңдардың санын көбейту үшін немесе шыңға тек "мен шықтым" деп, белгі, фото, атақ үшін шығатын, өзгелермен жарысып, салыстыратын, кері бұрылуды жеңіліс деп қабылдайтын адам – эгоның құрбаны. Ал тауға шыққанда эго мен тәкәппарлықты төменде қалдырған дұрыс. Қорытындылай келе, таулар қаншалықты сұлу болса, соншалықты қауіпті екенін ескерейік. Тауларға құрметпен қарап, сол әлемнің заңдары мен ережелерін ұстануға, таудың тек сұлулығын ғана емес, оның қаупі мен қауіпсіздік ережелерін де насихаттауға шақырамын", – деп түйіндеді Дидар Қайыр.

Құтқарушылар тауға шығатын туристерге келесі ережелерді ескертеді:

маршрутты зерттеу: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар; 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескерту; ауа райы болжамын тексеру, себебі тауда ауа райы күрт өзгереді; жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз; дене дайындығыңызды пысықтаңыз, әсіресе маршрут күрделі әрі биікке көтерілу қажет болса бұл өте маңызды; қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шықпаңыз, себебі жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды екі-үш күнге шегеріп, қардың отыруын күткен жөн.
Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:234
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 03 Января 2026 14:05
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

12 Октября 2026 16:55see313

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

12 Октября 2026 17:28see172

В Астане горело двухэтажное здание

12 Октября 2026 15:28see171

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

12 Октября 2026 16:06see168

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

12 Октября 2026 17:22see167

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

12 Октября 2026 13:33see163

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

12 Октября 2026 11:49see162

Подделка на зубок

12 Октября 2026 19:49see161

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

12 Октября 2026 13:31see159

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

12 Октября 2026 13:32see156

Крылатые хищники в небе Бозанбая

12 Октября 2026 12:43see155

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

12 Октября 2026 18:29see152

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

12 Октября 2026 17:28see144

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

12 Октября 2026 20:28see141

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

12 Октября 2026 23:14see140

⁠Новые месторождения есть, а новых заводов нет. Почему Казахстан отстает в переработке меди

12 Октября 2026 11:46see136

Около 90 собак остались без хозяина: акимат подключился к спасению животных под Алматы

12 Октября 2026 13:54see136

Мужчина крал тонометры в Уральске

12 Октября 2026 19:12see135

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

12 Октября 2026 20:03see133

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

12 Октября 2026 19:53see132
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня