Полицияның кей функцияларын жеке күзет ұйымдарына беру: Үкіметтің ұстанымы қандай
Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының полиция атқаратын кей қызметтерді жеке күзет ұйымдарына беру туралы ұсынысына жауап берді. Үкімет басшысының айтуынша, жеке күзет құрылымдарының әлеуеті бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылатын талаптарға толық жауап бермейді.
"Халықаралық тәжірибеде коммерциялық іс-шаралардағы қауіпсіздікті жеке күзет ұйымдары қамтамасыз ететін тәсіл қолданылады, ал полиция тек мемлекеттік және қоғамдық-саяси оқиғаларды қорғау үшін немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде қосылады. Алайда елдің жеке күзет құрылымдарының әлеуеті бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылатын талаптарға толық жауап бермейді", – деді Олжас Бектенов.
Премьер ішкі істер органдары дәстүрлі түрде қоғамдық тәртіпті қорғауды және бұқаралық іс-шараларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне және полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуде, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда, қоғамда тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынына тоқталды.
"Қазіргі жағдайда қоғамдық-саяси, мемлекеттік және коммерциялық бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету функцияларын жеке күзет ұйымдарына беру мәселесі әлі ерте деп санаймыз", – деп түйіндеді ол.


