Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Токаев подписал поправки, снимающие ответственность с педагогов за детей во внеучебное время Аналитический интернет журнал Власть

Сенат одобрил введение ветеринарных паспортов для пасек

Первые шаги к обновлению: коллектив рудника встретил аплодисментами новое руководство

Сборная Казахстана опустилась в рейтинге ФИФА после матчей с Арменией и Венгрией

Таксист после ДТП в Астане лишился заработка и подал в суд

Пожары в автомобилях участились в Астане: в ДЧС объяснили, какие машины горят чаще всего

57 миллиардов тенге направят на подготовку к отопительному сезону в Мангистау

Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов

Султан Сарсемалиев рассказал, как убивал 32 летнего шурина

Зарплаты выплачиваются вовремя : гендиректор НДФЗ о ситуации на предприятии

Машина протаранила магазин и вспыхнула в Шымкенте пострадала беременная

Дождливые и прохладные выходные ждут жителей Астаны

Крысы ходили по посуде: посетители обвинили в антисанитарии зону отдыха под Астаной

США и Иран согласовали окончательный вариант мирного соглашения

Китайцы построят новый ГПЗ на Кашагане проект уже запустили

Двое мужчин оказались под арестом после разговора у кафе в Астане (видео)

В правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций

Закрытый суд против Данияра Мейрхана проходит в Астане. В чём его обвиняют?

Нештатная посадка дрона на юге Казахстана: в Минобороны назвали причину

Министры на ковре у инвесторов

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа жобасы: Қандай өзгерістер бар

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа жобасы: Қандай өзгерістер бар

По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Қазақстанда педагогтерді аттестациялау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілмек. Бұған дейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова біліктілік тесті міндетті кезең ретінде алынып тасталатынын мәлімдеген еді. Осыған байланысты Informburo.kz редакциясы министрлікке ресми сауал жолдады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде аттестацияға қатысты түрлі ақпараттар тарап үлгерді. Бұл мәселеге қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Шынар Ақпарова реформаның мазмұнын түсіндіріп, желіде тараған кейбір мәліметтерді жоққа шығарды.

Informburo,kz ресми жауаптар мен брифингте айтылған деректерге сүйене отырып, педагогтерді аттестациялаудың пилоттық жобасы қалай іске асатынын түсіндіреді.

№1. Реформа неге жүргізіліп жатыр?

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Ақпарованың айтуынша, қазіргі қолданыстағы аттестация жүйесі педагогтерге артық жүктеме түсіріп келген.

"Қолданыстағы аттестаттау тетіктері педагогтерге негізсіз артық жүктеме түсіріп отыр. Атап айтқанда, тестілеуге дайындықтың уақытты көп алуы, портфолия қалыптастырудың күрделілігі, сондай-ақ әзірленген авторлық материалдардың практикада қажеттілігіне қатысты мәселелер – мұндай факторлар педагогтің негізгі міндеті оқыту сапасына толыққанды назар аударына кедергі келтіреді. Осыған байланысты жаңартылған тәсіл артық рәсімдерді қысқарту арқылы педагог қызметін оңтайландыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде педагогке кәсіби еркіндік беріп, оның шығармашылық және әдістемелік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді", – деді вице-министр.

№2. Енді педагог қалай бағаланады?

Жаңа жүйеде тестілеу негізгі құрал болудан қалады. Оның орнына мұғалімнің күнделікті жұмысы бағаланады.

Негізгі критерийлер:

сабақ сапасы; оқушылардың білім нәтижесі; педагогтың мектеп өміріне қатысуы; кәсіби дамуы.

Вице-министр атап өткендей, "педагог қызметі енді тест нәтижесімен емес, оның білім сапасына қосқан нақты үлесі арқылы бағаланады".

№3. Тест толық жойылды ма?

Жоқ. Тестілеу белгілі бір санаттар үшін сақталады. Олар:

жас мамандар; үзілістен кейін жұмысқа оралған педагогтер; мектеп басшылары мен олардың орынбасарлары; әдіскерлер.

Бұл топтар үшін тест академиялық дайындық пен басқарушылық құзыретті бағалау құралы ретінде қарастырылады.

№4. Портфолио талаптары өзгере ме?

Аттестация процесі толық цифрландырылып, "Ұстаз" платформасы арқылы жүргізіледі.

Вице-министрдің айтуынша, жүйеде:

еңбек өтілі; біліктілік; сертификаттар; жетістіктер автоматты түрде жинақталады.

Бұл қағазбастылықты азайтып, процестің ашықтығын арттыруға тиіс.

Жаңа модельде:

эссе жазу; ғылыми мақала жариялау; авторлық бағдарлама әзірлеу сияқты талаптар жойылады.

Министрлік мұны формализмнен арылу деп түсіндіреді. Тәжірибе бұл материалдардың білім сапасына нақты әсер етпейтінін көрсеткен.

№5. Әр санатқа қандай талаптар қойылады?

Педагог санаттарына қойылатын талаптар жеңілдетілді.

Педагог-модератор үшін:

ашық сабақтар саны едәуір қысқартылады: бұрын жыл сайын  5 сабақ (яғни аттестаттау кезеңінде 25 сабақ) өткізу көзделсе, енді аттестаттау кезең ішінде барлығы 4 ашық сабақ өткізу жеткілікті болады; біліктілікті арттыру көлемі 72 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылады; педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық (сараптамалық, жұмыс) топтарына, жобаларға (әлеуметтік, ғылыми, зерттеу, волонтерлік және т.б.) қатысуы талап етіледі; Білім беру ұйымында  сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды (6 сағат) өткізу талабы енгізіледі.

Педагог-сарапшы үшін:

ашық сабақтар саны едәуір қысқартылады: бұрын жыл сайын 5 сабақ (яғни аттестаттау кезеңінде 25 сабақ) өткізу көзделсе, енді аттестаттау кезең ішінде барлығы 4 ашық сабақ өткізу жеткілікті және оның ішінде біреуі аудан/қала деңгейінде; біліктілікті арттыру көлемі 72 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылады; педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық (сараптамалық, жұмыс) топтарына, жобаларға (әлеуметтік, ғылыми, зерттеу, волонтерлік және т.б.) қатысуы талап етіледі; Білім беру ұйымында  сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды (6 сағат) өткізу талабы енгізіледі; Бұрын семинар, конференцияда баяндама жасау талабы болған, ол тәжірибені тарату форматымен алмастырылады (аудан/қала деңгейінде).

Педагог-зерттеуші үшін:

ашық сабақтар саны қысқартылады: бұрын жыл сайын 5 сабақ (яғни аттестаттау кезеңінде 25 сабақ) өткізу көзделсе, енді  аттестаттау кезең ішінде барлығы 6 сабақ (оның ішінде 3 офлайн және 3 онлайн форматта) өткізу жеткілікті және оның ішінде біреуі облыс деңгейінде; біліктілікті арттыру көлемі 80 сағаттан 72 сағатқа дейін қысқартылады; педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық (сараптамалық, жұмыс) топтарына, жобаларға (әлеуметтік, ғылыми, зерттеу, волонтерлік және т.б.) қатысуы талап етіледі; Білім беру ұйымында  сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды (6 сағат) өткізу талабы енгізіледі; Бұрын семинар, конференцияда баяндама жасау талабы болған, ол тәжірибені тарату форматымен алмастырылады (облыс деңгейінде); Қосымша ретінде білім беру ұйымы деңгейінде кемінде 2 педагогке әдістемелік сүйемелдеу жүргізу талабы енгізіледі; Бұдан бөлек, тәуекел тобындағы балаларды анықтау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту талабы енгізіледі.

Педагог-шебер үшін:

ашық сабақтар саны едәуір қысқартылады: бұрын жыл сайын 5 сабақ (яғни аттестаттау кезеңінде 25 сабақ) өткізу көзделсе, енді аттестаттау кезең ішінде барлығы барлығы 8 сабақ (оның ішінде 4 офлайн және 4 онлайн форматта) өткізу жеткілікті және оның ішінде біреуі республика көлемінде өтуі тиіс; біліктілікті арттыру көлемі 108 сағаттан 72 сағатқа дейін қысқартылады; педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық (сараптамалық, жұмыс) топтарына, жобаларға (әлеуметтік, ғылыми, зерттеу, волонтерлік және т.б.) қатысуы талап етіледі; Білім беру ұйымында  сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды (6 сағат) өткізу талабы енгізіледі; Бұрын семинар, конференцияда баяндама жасау талабы болған, ол тәжірибені тарату форматымен алмастырылады (республика деңгейінде); Қосымша ретінде білім беру ұйымы деңгейінде кемінде 3 педагогке әдістемелік сүйемелдеу жүргізу талабы енгізіледі; Бұдан бөлек, тәуекел тобындағы балаларды анықтау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту талабы енгізіледі; Қосымша түрде менторлық, тәлімгерлік және волонтерлік белсенділігі ескеріледі.

Вице-министр тәжірибені тарату форматын зерттеуші немесе шебер санатындағы педагогтердің мектепке келген жас маманға өзінің сабақ беру методикасын үйретіп, тәжірибесін бөлісуі деп түсіндірді. 

№6. Биыл аттестаттаудан өтуі керек болған ұстаздардың жайы не болады?

Биыл аттестациядан 130 мыңнан астам педагог өтуі керек болған.

Ақпан айында біліктілік тестінен шекті балл жинай алмаған педагогтер үшін екі мүмкіндік бар:

Шілдеде қайта тест тапсыру; Қыркүйектен бастап жаңа пилоттық аттестацияға қатысу.

Ескерту: мұғалім шілдеде қайта тест тапсырып, тағы да өтпей қалса, пилоттық модельге қатыса алмайды.

Ал біліктілік тестінен өткен, портфолио дайындаған педагогтер аттестацияны бұрынғы ереже бойынша аяқтайды. 1 қыркүйектен бастап үстемақысын алады.

№7. Жаңа аттестация ережесі бекітілді ме?

Вице-министр Шынар Ақпарованың айтуынша, бұл педагогтер аттестациясының пилоттық жобасына бұйрық жобасы шыққан. Пиолттық жоба 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі. Егер жасқы нәтиже көрсетсе, ресми түрде енгізіледі.

Пилоттық жоба бойынша ұсыныстарды Оқу-ағарту министрлігіне жолдауға болады. 

Еске салайық, 7 сәуірде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау рәсімі тоқтатылғанын хабарлады. Министрдің айтуынша, білім тестін тапсырғанда күйзеліске ұшыраған мыңдаған ұстазда министрге хат жазған.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:78
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 21 Апреля 2026 09:19
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Токаев подписал поправки, снимающие ответственность с педагогов за детей во внеучебное время Аналитический интернет журнал Власть

12 Июня 2026 17:18see222

Сенат одобрил введение ветеринарных паспортов для пасек

11 Июня 2026 17:14see148

Первые шаги к обновлению: коллектив рудника встретил аплодисментами новое руководство

11 Июня 2026 18:19see147

Сборная Казахстана опустилась в рейтинге ФИФА после матчей с Арменией и Венгрией

11 Июня 2026 16:49see142

Таксист после ДТП в Астане лишился заработка и подал в суд

11 Июня 2026 17:55see142

Пожары в автомобилях участились в Астане: в ДЧС объяснили, какие машины горят чаще всего

11 Июня 2026 18:22see142

57 миллиардов тенге направят на подготовку к отопительному сезону в Мангистау

12 Июня 2026 18:46see141

Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов

12 Июня 2026 20:36see140

Султан Сарсемалиев рассказал, как убивал 32 летнего шурина

11 Июня 2026 17:38see137

Зарплаты выплачиваются вовремя : гендиректор НДФЗ о ситуации на предприятии

12 Июня 2026 16:23see137

Машина протаранила магазин и вспыхнула в Шымкенте пострадала беременная

12 Июня 2026 00:36see133

Дождливые и прохладные выходные ждут жителей Астаны

12 Июня 2026 17:08see132

Крысы ходили по посуде: посетители обвинили в антисанитарии зону отдыха под Астаной

12 Июня 2026 21:13see132

США и Иран согласовали окончательный вариант мирного соглашения

12 Июня 2026 22:17see131

Китайцы построят новый ГПЗ на Кашагане проект уже запустили

12 Июня 2026 16:10see131

Двое мужчин оказались под арестом после разговора у кафе в Астане (видео)

11 Июня 2026 18:18see130

В правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций

12 Июня 2026 19:54see129

Закрытый суд против Данияра Мейрхана проходит в Астане. В чём его обвиняют?

12 Июня 2026 17:58see128

Нештатная посадка дрона на юге Казахстана: в Минобороны назвали причину

11 Июня 2026 16:49see128

Министры на ковре у инвесторов

11 Июня 2026 18:47see127
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня