Бұралқы иттермен күрес пе, қазынаға қол салу ма? Жануарлар туралы жаңа заң жобасы дауға ұласты
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Мәжіліс қабылдаған "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасына енгізілген өзгерістер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жобада 5 күн ішінде иесі табылмаған иттерді эвтаназия әдісімен ұйықтатып өлтіру қарастылыған. Бір тарап оны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қажетті қадам десе, екінші тарап адамгершілік қағидаларына қайшы деп санайды. Бұралқы иттер мәселесі шынымен қалай шешілуі керек? Заң нені реттейді, нені ескермей отыр? Informburo.kz сарапшылардың пікірін білді.
Заң жобасын ұсынушылар не дейді?Соңғы жылдары бұралқы иттердің адамдарға шабуыл жасау фактілері жиілегені туралы деректер жиі айтылады. Әсіресе балаларға қатысты жағдайлар қоғамның алаңдаушылығын күшейтті. Заң жобасын ұсынушылардың негізгі уәжі – "мемлекет ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс". Олар бұралқы иттердің популяциясын тез арада тоқтататын механизмдер қажет екенін айтады.
Депутат Нартай Сәрсенғалиев Мәжіліс мінберіндегі алғашқы депутаттық сауалын бұралқы иттердің адамдарға тигізген зардабы туралы жолдағанын айтты.
"Бұралқы итті қорғайтын заң адамдарды неге қорғамайды" деп дабыл қақтым. Бірқатар әріптестерім сол сауалға қосылды. Арада 3 жыл 3 күн өткенде бұл заңның дайын болып, жұмыс топтарында жан-жақты талқыланып, комитеттердің оң қорытындысын алып, сала сарапшыларымен сарапталып пленарлық отырысқа жетіп қолдау тапқаны қарапайым адамдардың қауіпсіздігін арттыратын шешім болды деп білемін. Дәл осы заң жобасын әріптестерім Еділ Терекбайұлымен, Самат Базарбайұлымен бірге дайындап жазғанда халықаралық тәжірибеге сүйендік және елдегі ахуалға назар салдық. Автор ретінде мамандармен кездесіп зерттеу жұмыстарын жүргіздік, сарапшылардың деректеріне сүйендік. Еділ Жаңбыршин ағамыздың еңбегі орасан. Бастысы бәрі қоғамның қауіпсіздігі үшін. Аталған мәселені біле тұра, көре тұра дұрыс қорытынды жасап, тараптардың тілегін таразыда тең ұстайтын норма қабылдау – міндетіміз. Иесіз жануарды аулау, стерилизациялау, вакцинациялау және қайтадан босатып жіберу деген тізбектің қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамассыз етпейтініне көз жетті", – деп жазды ол.
Нартай Сәрсенғалиев заң жобасы жануарларға қарсы бағытталмағанын, керісінше қоғамдық қауіпсіздік пен жауапкершілікті күшейтуді көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, құжатта панажайларға беру және асырап алу тетіктері қарастырылған.
"Бір мәселенің басын ашып айту керек, бұл заңды қолдаған азаматтар – "жануардың жауы емес, қауіпсіздіктің қолдаушысы". Сондықтан да ауланған иесіз жануарды алдымен панажайларға ұсыну немесе асырап аламын деген адамдарды ақпараттандыру тетіктері бар бұл заңда. 5 күндік кезеңді әрі қарай созу мәслихаттың құзыретіне берілген, егер қаражат болса оларды бағып-қағуына болады. Ал иесі қаңғытып жіберген жануарлар, олардың саны аз емес, жауапкершілік алуды үйренуі керек. Панажайдағы 60 күннің ақшасын, егер жануарды керек деп таппаса, одан кейінгі әрекеттің ақысын өз қалтасынан төлейді егелері. Яки жануарды аулаған бойда жансыздандыру деген қасаң қағида жоқ", – деп түсіндірді ол.
Мәжіліс депутатының жазуынша, 2025 жылы бұралқы иттер 23 134 рет адам қапқан, 2026 жылдың бірінші жартысында 1 675 рет шабуыл жасаған. 2025 жылы иесі бар иттер 18232 рет адам қапқан, 2026 жылдың бірінші жартысында бұл сан 1925-ке жеткен. Халықты жануардан келетін қауіптен қорғау үшін бюджеттен 2025 жылы 3 млрд 19 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Биыл бұл шығын 3 млрд 215 млн теңгеден асқан. 3 айда оның 163 млн теңгесі жұмсалып кеткен.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұралқы жануарларға қатысты бюджет қаражатының жұмсалуына күмән келтіріп, құқық қорғау және қадағалау органдарына ресми хат жолданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, "аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару" моделі аясында бөлінген қаржының тиімділігі мен ашықтығы тексерілуі тиіс.
Зооқорғаушылар неге қарсы болып отыр?"Зооқорғаушылармыз деген топ осы иесіз жануарларды "аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару" жобасы пайдалы, жақсы деп уәж айтуда. Бізге келген мәліметтер бойынша, жануарларға қатысты мәселеге 2022-2026 жылдарға бюджеттен 14 млрд 900 млн теңгедей қаражат бөлінген. Яғни бұл – қолданыстағы заң бойынша қайтарымды модель іске қосылғаннан кейін бөлінген ақша. Бір қызығы елде 69 панажай жұмыс істейді екен, соның төртеуі мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. Олардың барлығы "аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару" жобасына қатыса алады. Енді осы қаржы қайда кетті? Егер ол қаржы алынған болса, біз айтып отырған қайтарымды модельге пайдаланылған болса, неге иттің саны өседі? Төрт жылда саны 13%-ға өсіп кеткен. Ал адамдарды қабу, тырнау деректерді 28%-ға өскен. Оның ішінде бұралқы иттердің қауып алғаны жөнінде дерек көп. Өңірлерде құтырма ауруына шалдыққан адамдар болған. Міне, сондықтан, біз, мен бастаған 13 депутат, бас прокуратураға, ұлттық қаупсіздік комитетіне, қаржылық мониторинг агенттігіне хат жолдадық. Бұл жұмысқа кім қатысты, бюджеттің ақшасын қайда жіберді, иесіз жануарларды аулау, стерилизациялау, вакинациялау, қайтару жұмыстарын жүргізді ме, тексерсін. Неге олар шулап жатыр? Менің түсінігімде, олар өздерінің "майшелпегінен" айрылып қаламыз деп қорқып жасап жатқан сияқты. Оны құқық қорғау органдары анықтар. Екінші мәселе, олар халықтан, еріктілерден ақша жинайды, шетелден де гранттар алуы мүмкін. Оны да тексеру керек. Бұл ақша не үшін жиналды, қандай мақсатта қолданылды? Осының бәрін фискалды органдар тексерсін. Панажайларды тексерсін, әр заттың сұрауы бар", – деді Еділ Жаңбыршин Facebook парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде.
Заң жобасына қарсы тарап эвтаназияға қатысты нормалар мәселені түбегейлі шешпейді деп есептейді. Олардың айтуынша, бұралқы иттердің көбеюінің негізгі себебі адамдардың жауапсыздығында жатыр. Кейбірі үй жануарларын тастап кетеді, стерилизация жасамайды, бақылаусыз көбейтеді. Сыншылардың пікірінше, жүйелі стерилизация, вакцинация және жануар иесіне жауапкершілікті күшейту шаралары жеткілікті деңгейде іске аспайынша, тек жою тәсілі ұзақ мерзімді нәтиже бермейді.
"Я Живой" панасыз жануарлар баспанасының жетекшісі Елизавета Киснердің айтуынша, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға" ұсынылған түзетулер, ең кемі, заңның атауына қайшы келеді.
"Жаппай өлтіру жолын "адамгершілікке" жатқызуға болмайды. Егер заңның орындалуы жергілікті жерлерде бақыланып, сапалы жүзеге асырылса, түзету енгізудің қажеті болмас еді. Мысалы, түзетулерде иелерінің жауапкершілігін күшейту, қатыгездік танытқаны немесе жануарды далаға тастап кеткені үшін айыппұл салу туралы тармақ бар. Бірақ бұл тармақ заңның өзінде қазір де бар. Соған қарамастан, біз полицияға осындай жағдайлар түсірілген бейнежазбаларды бірнеше рет ұсынсақ та, ешқандай шара қолданылмайтынына куә болдық. Заң бойынша "аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару" бағдарламасы енгізілуі тиіс еді. Бірақ осы жылдар ішінде бұл бағдарлама мемлекеттік деңгейде толық іске қосылған жоқ. Өңірлерде тендер жарияланғанымен, олардың шартын орындау мүмкін емес. Себебі бір жануарға өте төмен сома белгіленеді. Мысалы, Ақмола облысында шамамен 4 000 теңге, ал еріктілер үшін бір ғана операцияның құны шамамен 10 000 теңгеге шығады. Бұл вакцинация мен тігістер жазылғанша бірнеше күн бағу шығындарын қоспағанда. Сонымен қатар, депутаттар бюджеттен бұл бағдарламаға өте қомақты қаржы бөлінетінін (бір итке 74 000 теңге, мысыққа 54 000 теңге, облысқа жылына 96,5 млн теңге) айтты", – дейді зооқорғаушы.
Елизавета Киснер мәселенің түп-тамыры бақылаудың әлсіздігі мен бағдарламалардың сапасыз орындалуында деп есептейді. Оның пікірінше, қатаң шаралар енгізілмей тұрып, қолданыстағы тетіктердің қалай жұмыс істеп жатқанына объективті баға берілуі керек.
"Әкімдіктер өткізген тегін стерилизация акциясында стерилизацияланған деп тіркелген және белгі салынған жануарлардың кейін күшіктегенін талай көрдік. Бұл бізді таңғалдырды. Соңында жануарларды ақылы түрде қайта стерилизациялауға тура келді. Аулау және эвтаназия процесінің өзі әлі де адамгершілік принциптеріне сәйкес келмейді. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Ұсынылып отырған эвтаназия әдісі заң талаптарының дұрыс орындалуын бақылау мәселесі реттелмейінше тиімді болмайды. Атылған жануарлардың орнына басқалары келеді, бұл – шексіз айналым. Жалғыз тиімді жол – қолданыстағы ережелердің орындалуын қатаң бақылау. Жануарларды бақылаусыз көбейтіп, далаға тастағаны үшін иелерін жазалау керек. Оларға "керексіз күшікті көшеге тастай салуға болады, бәрібір оларды ұстап алып, атып тастайды" деген ойға мүмкіндік бермеу қажет. "Аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару" бағдарламасын сапалы орындау керек", – дейді Елизавет Киснер.
Осы ретте зооқорғаушы бірнеше ұсыныс білдірді. Оның айтуынша:
Әрбір сау және бейімделген жануарды аулау, вакцинациялау, стерилизациялау және босату 3-тен 5 күнге дейін уақыт алуы тиіс. Бұл шығындардың негізсіз өсуіне жол бермейді; Ұсталған барлық жануарды емес, тек қоғам үшін қауіпсіз және қалалық ортада өз бетінше өмір сүре алатындарды ғана босату керек. Агрессивті, ауру және адамға үйренбеген жануарлар бейімделгенше немесе сауыққанша уақытша ұстау орындарында қалуы тиіс. Жалпы алғанда, мұндай жануарлардың үлесі өте аз, сондықтан олар аулау пункттерін шамадан тыс толтырмайды; Бұл жұмыстарға аңшыларды, аула сыпырушыларды немесе зообақ тазалаушыларды емес, ветеринария, кинология, фелинология, жануарларды қорғау және еріктілер саласының мамандарын тарту қажет."Аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару" бағдарламасы 5 жыл бойы үздіксіз орындалғанда ғана алғашқы нәтижелерін береді. Сол уақытта жануарлардың 90%-ы осы бағдарламадан өтіп, туу көрсеткіші минимумға дейін төмендейді және барлық басқа тармақтар тиісінше орындала бастайды", – дейді Елизавет Киснер.
"Спаси друга" жануарларды уақытша ұстау панажайының өкілі Ажар Назарбекова да бұралқы жануарларды жою мәселені шешпейтінін айтады.
Ветеринар маман не дейді?"Заң жобасы тиімсіз, ол этика нормалары мен жануарларға адамгершілікпен қарау қағидаларын бұзады. Бұралқы жануарларды жою мәселені шешпейді, себебі мәселенің түпкі себебімен жұмыс істемейді. Ал ол себеп – жануар иелерінің жауапсыздығы. Мәселенің салдарын емес, себебін шешу қажет. Сондықтан бұл заң жобасын еріктілер қозғалысымен бірге қоғамдық түрде талқылап, нақтылау, жетілдіру қажет. Біріншіден, үй жануарлары иесінің жауапкершілігін күшейту қажет. Иесі міндетті түрде жануарды стерилизациялауы керек және асыл тұқымды жануарларды көбейткені үшін иесіне салық салу керек. Сондай-ақ бұралқы жануарларды тегін стерилизациялау мен вакцинациялауды міндеттеу қажет. Жануарларды қорғаумен айналысатын жеке панажайлар мен қайырымдылық қорларын мемлекеттік бюджет есебінен қолдау енгізілуі тиіс. Қазіргі уақытта еріктілер мен жеке панажайлар жануарларға өз қаражаты және қайырымдылық көмектер есебінен ғана көмектесіп отыр, мемлекет тарапынан ешқандай қолдау жоқ", – деді зооқорғаушы.
Мамандар бұралқы иттер мәселесін тек құқықтық емес, эпидемиологиялық және биологиялық тұрғыдан қарастыру қажет екенін айтады. Стерилизация – популяцияны ұзақ мерзімде азайтудың ғылыми негізделген тәсілі ретінде жиі аталады. Алайда ол үшін тұрақты қаржыландыру, инфрақұрылым және бақылау тетіктері қажет. Эвтаназия, әдетте, емделмейтін ауру, ауыр агрессия немесе эпидемиологиялық қауіп болған жағдайда қолданылатын ветеринарлық шара ретінде қарастырылады.
Ветеринар дәрігер Нұржан Утенбеков бұралқы иттерге қатысты санитарлық және ветеринарлық қауіптерді атап өтіп, мәселені реттеудің негізгі жолы ретінде вакцинация мен стерилизацияны көрсетеді. Оның айтуынша, дұрыс жүргізілген шаралар аурулардың таралу қаупін азайта алады.
Өзге елдерде қалай?"Бұралқы иттерден адамдарға құтырма, коронавирус, басқа да жұқпалы вирустық аурулар жұғуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені стерилизация, вакцинация әдісімен реттеуге болады. Вакцина салынған иттің ауру жұқтыру қаупі аз болады. Адам қауіпсіздігі тұрғысынан алғанда, эвтаназия туралы шешім қабылданғаны дұрыс деп ойлаймын. Бірақ оған жануарларды қорғау мекемелері қарсы шығуы мүмкін. Ең тиімді ветеринарлық жол – итті уақытша ұстау орнына алып келіп, организмін толық тексеріп, содан кейін ғана эвтаназияға жіберу", – дейді ветеринар.
Дүние жүзінде бұралқы иттер мәселесін шешудің бірыңғай моделі жоқ. Әр мемлекет бұл проблеманы заң жүйесіне, экономикасының мүмкіндігіне және қоғам көзқарасына қарай реттейді.
Мәселен, Германия, Швеция, Нидерланд және Польша сияқты бірқатар Еуропа елдерінде сау жануарларды эвтаназиямен өлтіруге қатаң түрде тыйым салынған. Оларда панажай жүйесі, міндетті тіркеу, чиптеу және жануарларды асырауға беру жолдары қарастырылған. Әсіресе, Швецияда үй жануары иесінің жауапкершілігі мен қатаң бақылау жүйесінің арқасында бұралқы иттер мәселесі жойылған деп саналады.
Италия мен Испанияда да өлтірмеу саясаты басым, алайда ауру емделмейтін болса, жануар агрессивті болса немесе адам өміріне тікелей қауіп төндірса ғана эвтаназия қолданылады. Ұлыбритания мен АҚШ-та да эвтаназия заңды болғанымен, ол көбіне белгілі бір уақыт ішінде жануарды ешкім асырап алмаса "соңғы шара" ретінде қолданылады.
Үндістан мен Таиландта да "аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайта жіберу" бағдарламасы қолданылады. Түркия мен Ресейде де осы бағдарлама болған. Алайда соңғы жылдары қоғамдық қауіпсіздікке қатысты резонансты оқиғалардан кейін заңнама қатайып, эвтаназия элементтері енгізіле бастады. Ресейде бұл өкілеттік аймақтарға берілсе, Түркияда жаңа заң 2025 жылы Конституциялық сот деңгейінде бекітілді.
Ал Таяу Шығыс елдерінде, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы мемлекеттерінде, сондай-ақ Пәкістанда бұралқы жануарларды реттеуде эвтаназия немесе жаппай жою тәжірибесі кеңінен қолданылады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:49
Эта новость заархивирована с источника 16 Апреля 2026 16:01 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















