Ұстазын ұрған оқушылар: Педагог мәртебесі туралы заң неге мұғалімдерді қорғай алмайды
Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Қарасай ауданындағы мектеп оқушысының мұғалімге шабуыл жасаған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Шамалған ауылындағы "Жаңа қазақ орта мектебіндегі" бұл оқиға іс жүзінде осы жылдың 16 қаңтарында болған. Видеода 11-сынып оқушысы өзіне ескерту жасап, сабаққа өтуін сұраған ұстазды бір рет итеріп, кейін екі жұдырығымен кезек-кезек соққы жасайды. Артынша оларды екі ер адам ажыратып үлгереді. Алматы облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, 11-сынып оқушысының педагогқа қол көтеруіне байланысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға мектеп қабырғасындағы қауіпсіздік, оқушылардың психологиялық жай-күйі мен ұстаз мәртебесі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.
"Заң – қорған, бірақ адамды біреуді сыйлауға мәжбүрлеп үйрету мүмкін емес"Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова "Педагог мәртебесі туралы" заңның неліктен тиісті деңгейде жұмыс істемей тұрғанын және мұғалімдердің құқығын бұзу жағдайларының не себепті тыйылмай жатқанын түсіндірді.
"Мәселе заңның мәтінінде емес, оның іс жүзінде қалай орындалып жатқанында және жергілікті жердегі құқықтық мәдениеттің төмендігінде болып тұр. "Педагог мәртебесі туралы" заңның жұмыс істеп тұрғаны рас: мұғалімді қорлағаны үшін айыппұл салынады, ал лауазымды тұлғалар ұстаздарды өз міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккені үшін жауапқа тартылады. Алайда бұл шаралар негізінен әкімшілік сипаттағы (тіл тигізу, құрмет көрсетпеу) бұзушылықтардың алдын алуға ғана бағытталған. Ал баланың кенеттен пайда болатын агрессиясы мен дене жарақатын салу сияқты ауыр жағдайларды тоқтатуға бұл заңның қауқары жете бермейді. Сонымен қатар отандық сарапшылар атап өткендей, заңның тиімділігі көбіне мұғалімдердің өз құқығын қорғауға деген дайындығына және жергілікті шенеуніктердің адалдығына тікелей байланысты. Заң – қорған, бірақ адамды біреуді сыйлауға мәжбүрлеп үйрету мүмкін емес", – деп түсіндірді Ирина Смирнова.
Депутаттың пайымдауынша, мұғалімдердің физикалық қауіпсіздігі мен моральдық тұтастығын қамтамасыз ететін пәрменді құқықтық тетіктерді іске қосудың уақыты келді. Осы ретте ол білім саласының қызметкерлеріне де медицина мамандарынікіндей "ерекше қорғалатын мәртебе" берудің өзектілігін алға тартты.
"Иә, бұл – уақыт талабынан туындаған қажеттілік. Қазақстанда мұндай прецедент бар: медицина қызметкерлеріне жасалған шулы шабуылдардан кейін олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік күшейтілді. Бүгінде мұғалімдердің құқықтық қорғалу деңгейі дәрігерлермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Негізінде, педагогқа күш көрсету – тұлғаға қарсы жасалған қылмыспен тең, сондықтан мектептегі мұндай әрекеттердің қоғамдық қауіптілік дәрежесі билік өкіліне немесе медицина қызметкеріне жасалған шабуылмен бірдей деп танылуы тиіс. Заң шығарушының логикасы қарапайым: дәрігерге шабуыл жасау арқылы біз қоғамды көмектен айырамыз. Ал мұғалімге қол көтеру арқылы ұлттың болашағына балта шауып, білім беру ортасын күйретеміз. Педагогтарды ерекше қорғалатын тұлғалар тізіміне қосу – қоғамға берілген мықты дабыл: мемлекет өз ұстаздарын құтқарушылар сияқты қатаң қорғайтын болады", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: "Қайтадан құл боламыз". Мұғалімдер мектепті жергілікті әкімдіктің қаржыландыруына неге қарсы
Ары қарай Ирина Смирнова ата-аналардың бала тәрбиесі мен олардың іс-әрекетіне тікелей жауапкершілігін қатаңдату, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйесін түбегейлі күшейту мәселелеріне баса назар аударды.
"Бұл – ең пәрменді тетіктердің бірі. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 12-16 жас аралығындағы баланың мұғалімге құрмет көрсетпегені үшін ата-анасына 20 АЕК шамасында айыппұл салынады. Алайда бұл соманың жеткіліксіз екені байқалады. Осы ретте халықаралық тәжірибеге, соның ішінде АҚШ-қа назар аударған жөн. АҚШ-тың көптеген штатында ата-ананың бала әрекеті үшін жауапкершілігі туралы заңдар (Parental Responsibility Laws) жұмыс істейді. Мұнда мәселе тек айыппұлмен шектелмейді; ата-ана баланы тәрбиелеу бойынша міндетті курстарға қатысуға, отбасылық бюджеттен шығынды өтеуге, тіпті баламен бірге мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмыстарға жегілуге міндеттеледі. Кейбір округте сот ата-ананы өз қаражаты есебінен психологиялық-педагогикалық сауат ашу курстарынан өтуге міндеттеуге құқылы. Мұндай шаралар ата-ананы баласының агрессиясын ол қол жұмсау деңгейіне жетпес бұрын бақылауға алуға мәжбүрлейді. Қауіпсіздікті нығайту ісі тек төтенше жағдайлар кезіндегі әрекетті өзгертумен шектелмей, кешенді түрде жүргізілуі тиіс:
техникалық жағынан: бейнебақылау (әсіресе дәліздер, асхана мен киім ауыстыратын бөлмелер сияқты "көрінбейтін аймақтарда") мен дабыл түймелерін орнату; құқық жағынан: мектептерді "Зорлық-зомбылықтың алдын алу жоспарларын" (АҚШ-тағыдай) әзірлеуге міндеттеу қажет. Онда полицияны дереу шақыру, тәртіп бұзушыны оқшаулау, соққы іздерін міндетті түрде тіркеу (медициналық тексеру) және жанжалдардың "Қызыл кітабын" жүргізу алгоритмі нақты көрсетілуі тиіс.Мұндай жағдайлар болғанда, педагогикалық ұжымның қатаң бекітілген іс-қимыл алгоритмі болуы шарт", – деді Ирина Смирнова.
Сондай-ақ халық қалаулысы агрессия танытқан адамға тек жаза емес, кәсіби көмек те қажет екенін баса айтып өтті. Оның пайымдауынша, кез келген озбырлықтың астарында психологиялық жарақаттар немесе ішкі күйзелістер жатуы мүмкін. Сондықтан агрессормен психологиялық тұрғыда жұмыс істеу – оның қоғамға қайта бейімделуіне және болашақта мұндай құқық бұзушылықтардың қайталанбауына мүмкіндік береді.
"Агрессия – бұл әрдайым көмек сұраған жанайқай. Бұл жағдайда күш көрсеткен оқушының өзі де белгілі бір жағдайлардың құрбанына айналып отыр. Мұғалімге қол көтеру – көбіне құрдастары тарапынан көрсетілген қорлық, отбасындағы түйткілдер немесе созылмалы стресті басқа жолмен шығара алмау салдарынан бақылауды жоғалтқан сәтте болады. Бізге қазір жай ғана тестілеу өткізетін мамандар емес, дәл осындай дағдарыстық жағдайларға араласа алатын білікті психологтар жетіспейді.
Халықаралық тәжірибе: Батыс мектептерінде PIERCE (қорғаныс факторларын белсенді түрде арттыру) моделі жұмыс істейді. Бұл жүйе не береді:
Штаттық психологтар мен мінез-құлық интервенттері: Олар – психологиялық жарақатпен және агрессиямен "осы жерде және дәл қазір" жұмыс істеуге үйретілген мамандар; Дағдыларды жетілдіру (Skill Enhancement): 4-сыныптан бастап балаларға эмпатия, импульстерді тізгіндеу және ашуды басқару үйретіледі (мысалы, Second Step бағдарламасы); Жарақатты ескеру әдісі (Trauma-informed approach): Мұғалімдер агрессияға айқаймен жауап бермей, соққының артында қорқыныш тұрғанын түсіне отырып, жанжалды бәсеңдетуге дағдыланады.Бізге "психология сабақтарын көбейту" емес, әр ауданда психологиялық шұғыл әрекет ету қызметтерін құру және мектеп психологына жүгінуден қорықпайтын орта қалыптастыру қажет. Бұл – құрбан үшін де, агрессор үшін де маңызды. Егер бала төбелессе, демек, ол өз ойын сөзбен жеткізе алмайды деген сөз. Біздің міндетіміз – ол қол жұмсағанға дейін, оны сөйлесуге үйрету", – деп қорытты сөзін депутат Ирина Смирнова.
Оқи отырыңыз: Педагогтерді аттестациялаудың жаңа жобасы: Қандай өзгерістер бар
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау оқушының ұстазға жұдырық ала жүгіруі сенім жүйесіне түскен сызат екенін айтады. Ол мәселені тек кінәлілерді іздеумен шектелмей, жан-жақты қарауға шақырды.
"Шамалған ауылындағы мектепте болған оқиғаға бейжай қарау мүмкін емес. Бұл – қоғамға берілген маңызды белгі. Мен бұл мәселеге Мәжіліс депутаты ретінде де, көп жыл білім саласында еңбек еткен адам ретінде де алаңдаймын. Мектеп – бала өзін қауіпсіз сезінетін, ұстазға сеніммен қарайтын орта болуы тиіс. Ал оқушының мұғалімге қол көтеруі – сол сенім жүйесіне түскен сызат. Бұл жерде тек бір баланы айыптап, мәселені жаба салуға болмайды. Кез келген әрекеттің түбінде тәрбие, орта, үлкендердің қарым-қатынасы жатады. Бала құрметті, жауапкершілікті, шекараны отбасынан және қоғамнан үйренеді. Егер біз үлкенге құрмет көрсетуді әлсіздік деп қабылдай бастасақ, ертең оның салдары әлдеқайда ауыр болады. Сонымен қатар, эмоцияға беріліп, кек пен жазаға ғана сүйену де дұрыс шешім емес деп санаймын. Қылмыстық іс қозғалғаны – заң аясындағы қажетті қадам. Бірақ мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты, тәрбиелік жұмысты және қоғамдағы ұстаз мәртебесіне деген көзқарасты күшейтуіміз керек", – деді Нұргүл Тау.
Сондай-ақ, ол отбасында ата-ана мен баланың арасында берік байланыс болуы және мектепте зорлық көрсетілмеуі керегін алға тартып, ұстаздың сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
"Мұғалімді қорғаймыз" деп, баланы үйдегі "құрбанға" айналдырып алмауымыз керек""Ата-аналарды балаларымен ашық сөйлесуге шақырамын. Кейде қарапайым сұрақтың өзі маңызды: "Сен ұстазыңа қол көтере алатын ба едің?". Осындай әңгімелер жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Шамалғандағы ұстазға тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оқушыға – жасаған әрекетінің салдарын түсінетін сана мен дұрыс бағыт тілеймін. Ал қоғам ретінде біз мектепте зорлыққа орын жоқ екенін бірге дәлелдеуіміз керек", – деді депутат Нұргүл Тау.
Алматы білім басқармасына қарасты Психологиялық қолдау орталығының директоры Венера Қоқанова ұстаздардың тиісті деңгейде қорғалмауының басты үш себебі барын айтады.
"Педагог мәртебесі туралы" заң – мұғалімдердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейткен маңызды құжат. Заң аясында педагогтің ар-намысына нұқсан келтіру, қызметіне кедергі жасау немесе күш қолдану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай фактілер бойынша кінәлі тұлғалар жауапқа тартылып, айыппұлдар салынуда. Сондықтан мәселе заңның әлсіздігінде емес, оның орындалуына және қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетіне байланысты. Біріншіден, кейбір жағдайларда дауды диалог арқылы емес, эмоциямен шешу үрдісі байқалады. Екіншіден, жекелеген фактілер уақытында жария етілмей, мұғалімдер құқық қорғау органдарына жүгінбей жатады. Үшіншіден, ата-ана мен мектеп арасындағы сенім мен серіктестіктің әлсіреуі де түсініспеушіліктердің ушығуына әсер етеді. Білім басқармасы педагогтерге қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Әрбір жағдай бойынша мұғалімге құқықтық қолдау көрсетіліп, істің объективті қаралуы бақылауға алынады. Сонымен қатар, мектептерде медиация және психологиялық қызметтердің жұмысы күшейтілуде. Заң толыққанды жұмыс істеуі үшін әр педагог өз құқығын қорғаудан қорықпауы керек, ал мектеп басшылығы оған нақты қолдау көрсетуі тиіс. Ең бастысы – ұстазға деген құрметті қоғамның ортақ құндылығы ретінде нығайту", – дейді Венера Сембекқызы.
Сондай-ақ, ол мұғалімдерді де "ерекше қорғалатын мәртебеге" ие мамандықтар тізіміне қосып, заңды қатайтудың орынды ұсыныс екенін алға тартты.
"Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтің мәртебесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – министрліктің басым бағыттарының бірі екенін бірнеше рет атап өтті. Министрдің айтуынша, ұстаздың құқығы мен абыройын қорғау – білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Білім басқармасы педагогтердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған кез келген заңнамалық бастаманы толық қолдайды. Қазіргі таңда мұғалімдердің мәртебесі "Педагог мәртебесі туралы" заңмен қорғалған. Педагогке тіл тигізу, оның жұмысына кедергі келтіру үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алайда мұғалімге қол көтеру – тек жеке адамға қарсы әрекет емес, бұл бүкіл білім беру жүйесіне және балалардың психологиялық қауіпсіздігіне тікелей қауіп. Сондықтан педагогке қатысты физикалық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту – уақыт талабы. Мұғалім қызметтік міндетін атқару кезінде өзін толық қауіпсіз сезінуі тиіс. Дегенмен, Білім басқармасы ұстаздың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған құқықтық тетіктердің барынша қатаң болғанын қолдайды. Қоғамда "ұстазға қол көтеру – қатаң жазаланатын және кешірілмейтін әрекет" деген нақты түсінік қалыптасуы қажет", – деді орталық басшысы.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында ұстазын оңдырмай соққыға жыққан шәкірттің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ары қарай Венера Қоқанова оқушы мен ұстаз арасында ғана емес, бала мен ата-ана қарым-қатынасындағы жылылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Мұнымен қатар, әкімшілік кодекс аясында айыппұлды арттыру оң нәтиже бермеуі мүмкін екеніне де тоқталды.
"Бұл мәселені біз тек "жазалау" емес, "мұғалімнің қауіпсіздігі мен ата-ананың тікелей жауапкершілігі" тұрғысынан қарастыруымыз керек. Мұғалім – мемлекеттің білім беру функциясын орындайтын тұлға. Сондықтан оған қол көтеру – қоғамдық тәртіпті бұзуға жатады. Мұндай әрекет жазасыз қалмайтынын әрбір ата-ана білуі тиіс. Әрине, Әкімшілік кодекс аясында айыппұлды арттыру – мұғалім мәртебесін қорғаудың бір құралы. Бірақ біз бұл жерде "медальдің екінші беті" бар екенін де түсінуіміз қажет. Айыппұл салынған жағдайда, ата-ана баласына "сенің кесіріңнен шығынға баттық" деп психологиялық қысым көрсетуі мүмкін. Бұл бала мен ата-ана арасындағы араздықты ушықтырып, тіпті баланың өз-өзіне зиян келтіруіне (суицидтік мінез-құлыққа) итермелеуі ықтимал. Сондықтан біз мемлекеттік орган ретінде әр қадамымызды өте абайлап жасауымыз керек. Ашығын айту керек, бізде "ата-ана болуды" үйрететін жүйелі институттар жоқ. Көптеген ата-ана өзі кезінде көрген, мүмкін жарақатқа толы тәрбие үлгісін балаларына қайталап жатыр. Біз ата-ананың өткенін, оның балалық шағында қандай тәжірибе алғанын білмейміз. Сондықтан тек жазалау – мәселені шешпейді. Бізге отбасылық конфликтіні өршітпейтін балама шаралар қажет. Мысалы, бұл әдеттегі айыппұл емес, "Отбасылық түзету лагерлері" немесе "Ата-ана мен баланың бірлескен оңалту бағдарламалары" болуы тиіс. Онда олар мамандардың бақылауымен бір-бірін тыңдауды, мұғалімді құрметтеуді және агрессияны басқаруды үйренуі керек. Иә, мұғалімге қол көтеру – заңсыз. Бірақ біз "мұғалімді қорғаймыз" деп, баланы үйдегі "құрбанға" айналдырмауымыз шарт. Біздің басты мақсатымыз – жазалау арқылы отбасын күйрету емес, психологиялық қолдау арқылы оларға дұрыс бағыт беру. Біздің ұсынысымыз: мұндай құқық бұзушылық жасаған баланың ата-анасы Психологиялық қолдау орталығында міндетті түрде түзету курсынан өтуі керек. Егер бала агрессия көрсетсе, демек, отбасында тәрбие мен қарым-қатынас мәселесі бар. Ата-ана баласымен жұмыс істеуге заңмен міндеттелуі қажет. Конституция мен "Білім туралы" заңда бала тәрбиесіне ең бірінші ата-ана жауапты екені тайға таңба басқандай жазылған. Мектеп – білім береді, ал адамгершілік пен этика – отбасынан келеді. Қорыта айтқанда, біз тек қатаң санкцияларды ғана емес, ата-ананың педагогикалық мәдениетін көтеретін, бала мен ата-ана арасындағы көпірді бұзбайтын гуманистік әрі кәсіби тәсілдерді енгізуді қолдаймыз. Біз үшін баланың қауіпсіздігі мен жан тыныштығы – бірінші орында", – деді Венера Сембекқызы.
Орталық жетекшісінің айтуынша, қазір Алматы қаласы бойынша мектептердегі қауіпсіздік жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істеп тұр.
Оқушы неге ұстазына жұдырық ала жүгірді? Психологтар пікірі"Бұл мәселе Білім басқармасының ерекше бақылауында. Алматы қаласы әкімінің орынбасары бұл бағытты жеке бақылауына алып, Білім басқармасының алқа отырысында нақты хаттамалық тапсырмалар берді. Соған сәйкес, барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Бүгінде мектептердегі бейнебақылау жүйелері толыққанды жұмыс істейді, ал камералар Жедел басқару орталығына қосылған. Бұл құқық қорғау органдарымен бірлесіп, кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Мектептер лицензиясы бар мамандандырылған күзет ұйымдарымен жұмыс істейді. Күзет қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен жауапкершілігіне қойылатын талаптар тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, қауіпсіздік тек техникамен шектелмейді. Әрбір құқық бұзушылық немесе агрессия жағдайында ата-ананың жауапкершілігі де қаралады. Өйткені бала тәрбиесіне ең алдымен отбасы жауапты. Қысқаша айтқанда, камералар, күзет және ЦОУ-мен интеграция – қауіпсіздіктің техникалық негізі. Ал оның тиімділігі мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысына байланысты", – деп қосты Венера Қоқанова.
Психолог Әсем Айтмұхамбетова жасөспірім агрессиясының басты себептерін жіпке тізе отырып, бұл мәселенің негізінде цифрлық кеңістіктегі иерархияның бұзылуы мен отбасындағы эмоционалды байланыстың үзілуі жатқанын атап өтті. Маманның пайымдауынша, жасөспірімдердегі ашу-ыза – көбінесе ішкі күйзелісті сыртқа шығарудың бір жолы әрі көмек сұраған дәрменсіз әрекеті. Сондықтан ол мектеп қабырғасында тек қағаз жүзіндегі есеп емес, баланың эмоционалды интеллектісін дамытуға бағытталған жүйелі психологиялық жұмыс жүргізілуі керектігін алға тартады.
әлеуметтік желілер: Иерархияны жояды. Жасөспірім табыс жасқа немесе білімге байланысты емес "горизонталды" әлемді көреді. Бұл үлкендерге деген құрмет базалық құндылық емес, таңдамалы дүние деген иллюзия тудырады; отбасылық тәрбие: Мұндағы негізгі мәселе – контейнирлеудің, яғни эмоцияны қабылдай білудің жоқтығы. Егер ата-ана баланың эмоциясына шыдамаса немесе, керісінше, эмоционалды салқындық танытса, жасөспірім фрустрациямен (сәтсіздікпен) экологиялық тұрғыда күресуді үйренбейді; эмоционалды интеллект (EQ): Бұл – құрал. EQ деңгейінің төмендігі ашуды ерте сатыда тануға мүмкіндік бермейді, соның салдарынан ол лезде әрекетке (аффектке) ұласады", – дейді психолог.
"Бүгінгі таңда агрессия – бұл бедел дағдарысы мен цифрлық диссоциацияның нәтижесі:
Ары қарай психолог Әсем Айтмұхамбетова шабуылдан кейін мұғалімнің "құрбан" рөлінде қалып қоймауы өте маңызды екенін айтып, педагогтерді оңалтудың кешенді шараларын ұсынды. Оның пікірінше, мұғалім өзін қауіпсіз сезінуі үшін мектеп әкімшілігі тарапынан нақты қолдау көрсетіліп, дағдарыс сәттерінде қолданылатын іс-қимыл алгоритмдері қайта бекітілуі қажет.
"Осы нақты кейсте мұғалімнің ПТСР-мен (жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс) жұмыс істеуі маңызды. Міндетті супервизия, терапия және тренингтер қажет. Болған жайтты жай ғана ұмыта салуға болмайды: бұл тәжірибені кәсіби жолдың бір бөлігі ретінде қабылдап, оны сынып алдындағы созылмалы қорқынышқа айналдырмай, интеграциялау керек. Сондай-ақ, деформацияның алдын алу қажет. Нақты бір оқушының әрекеті мен жалпы мамандықтың құндылығын бөліп қарау маңызды. Деформация педагог әр оқушыдан ықтимал қауіп көре бастаған жерде басталады. Кәсіби күйзеліс бақылауды қайтару арқылы емделеді. Мұғалім әкімшіліктің қолдауын сезінуі және дағдарыстық жағдайларда нақты іс-қимыл алгоритміне ие болуы тиіс", – деді Әсем Айтмұхамбетова.
Оқи отырыңыз: "Бұл уақытша емес". Оқу министрі педагогтердің білімін бағалауды тоқтату туралы
Мұнымен қатар, маман жасөспірім бойындағы агрессияның әрдайым дерлік көмек сұрап айқайлаудың бір түрі екенін және оның астарында терең жарақаттар жатуы мүмкін екенін алға тартады. Ол баланың мұндай мінез-құлқын тек бұзақылық емес, ішкі жан дүниесіндегі күйзелістен туындаған қорғаныс механизмі ретінде қарастыруды ұсынады. Сондықтан жасөспірімді жазалаудан бұрын, оны мұндай қадамға итермелеген отбасындағы немесе ортасындағы жүйелі себептерді анықтап, жан-жақты көмек көрсету маңызды.
"Жасөспірім қауіпті (шынайы немесе ойдан шығарылған) сезінгенде немесе "ішкі сыйымдылығы" күйзеліске толғанда шабуыл жасайды. Ызаның артында көбінесе терең депрессия немесе жарақат жатады. Тек баламен жұмыс істеу нәтиже бермейді. Отбасылық терапия қажет, өйткені жасөспірім агрессиясы – көбінесе үйдегі дисфункцияның (гиперқорғау, зорлық-зомбылық немесе елемеушілік) көрінісі. Көмек көрсету жауапкершіліктен босатпайды, бірақ ол болған жағдайды басып тастауға емес, оның себебін іздеуге бағытталуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп психологы – ғимарат өртеніп жатқанда отты сөндіретін "өрт сөндіруші" іспетті. Soft Skills (эмоционалды сауаттылық, зорлықсыз қарым-қатынас, жанжалдарды басқару) дамыту бойынша тұрақты сабақтарға көшу қажет. Психологтарды жай ғана көбейтіп қоймай, оның функционалын өзгерту керек: қағаз жүзіндегі есептерден тікелей жұмысқа көшу. Психолог білім беру процесінің "қосымшасы" емес, оның тең құқылы қатысушысы болуы тиіс. Мұғалімдерге арналған тренингтер: Педагогтарға шиеленіс алдындағы жағдайларды тану дағдылары мен психологиялық өзін-өзі қорғау әдістері аса қажет. Білім беру ортасының тұрақтылығы жасөспірімдердің эмоцияларын жүйеге төнген қауіп емес, маңызды сигнал ретінде қабылдауды үйренуімізге байланысты", – деп түйіндеді психолог Әсем Айтмұхамбетова.
Балалар психологы Қызжібек Құлматова өскелең ұрпақтың мінез-құлқындағы қатыгездік пен ашу-ызаның төркінін саралап, бала бойындағы агрессияның басты факторларын айқындады.
"Жасөспірімнің агрессивті мінез-құлқына әсер ететін бірқатар фактор бар. Біріншіден, бұл кезеңде бала физиологиялық тұрғыдан өте осал болады: оның организмінде, соның ішінде гормоналды және жүйке жүйесінде ауқымды қайта құрылу процестері жүреді. Жасөспірімдер өте сезімтал келеді, эмоциялары тым астам, бірақ оны қалай тізгіндеу керектігін әлі білмейді. Сондықтан, ең алдымен, есейіп келе жатқан баланың сезімталдығы мен осалдығына әсер ететін физиологиялық себептерді ескеру қажет. Екінші себеп – отбасылық фактор. Мұнда тәрбие стилі мен үй ішіндегі зорлық-зомбылықтың бар-жоғы маңызды рөл атқарады. Егер баланың тұлғасы үйде еленбесе, оған құрмет көрсетілмесе, ол мұның есесін мектептегі ересектерге агрессия көрсету (проекциялау) арқылы қайтаруы мүмкін. Сондай-ақ ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы қиындықтар мен теріс үлгілер де балаға тікелей әсер етеді. Бұдан бөлек, қазіргі әлеуметтік желілер мен онлайн кеңістіктің дәуірінде жасөспірімдер көзбе-көз араласу дағдысынан айырылып барады. Олар бұрынғыдай бір-бірімен тығыз байланыс орнатуды, бірлесіп ойнауды немесе еркін коммуникация құруды ұмытқан. Оларға телефонға үңіліп, желі арқылы хат жазысу немесе ойын ойнау әлдеқайда оңай. Демек, бұл – коммуникативтік фактор, себебі қазіргі балалар өзара тіл табысу мен байланыс орнатуға шорқақ", – деп түсіндірді клиникалық психолог.
Сонымен қатар Қызжібек Құлматова қазіргі таңда ата-ана тарапынан жүктелетін шектен тыс талаптар мен академиялық жүктеменің бала психикасына тигізер кері әсерін ерекше атап өтті. Оның пайымдауынша, баланың табиғи мүмкіндіктерімен санаспай, оны үнемі жетістікке жетуге мәжбүрлеу эмоционалды қажуға әкеп соқтырады. Мұндай жағдайда жасөспірімдердің бойында зейін тапшылығы мен гипербелсенділік бұзылысы секілді агрессивті мінез-құлыққа тікелей әсер ететін нейробиологиялық ерекшеліктердің белгілері байқалуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: "Екінші әйелімді шәкіртіме бердім". Құрбанәлі Ахметтің сұхбаты қалай діндегі шексіз билік мәселесін ашып көрсетті
"Келесі фактор ретінде стресс пен шектен тыс жүктемені атауға болады. Ата-аналар баласын ерте жастан, тіпті төрт жасынан бастап қолынан келгенше жан-жақты жүктегенді жақсы көреді: бұған тіл үйрену, спорт, шахмат және түрлі үйірме кіреді. Нәтижесінде баланың психикасына орасан зор салмақ түседі, тиісінше ол бұл энергияны бір жерден шығаруы керек. Организм әлі жас әрі өсіп келе жатқандықтан, бала үшін демалыстың маңызы өте зор. Алайда ата-аналар баланың болашағын ойлап, оның тынығу режимін ұмытып жатады. Дәл осы шаршаудың салдарынан агрессия пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, балаларда әртүрлі психикалық бұзылыс, мазасыздық, жасөспірімдік депрессия, Зейін тапшылығы және гипербелсенділік бұзылысы сияқты ауытқулар кездеседі. Мұның бәрі – белгі беру нышандары, сондықтан оларға маман назар аударуы тиіс. Ең алдымен – дәрігер мен психолог, ал мектепте болса – әлеуметтік педагог. Ересектер жағдайды мұғалімдерге немесе басқа да үлкендерге шабуыл жасау деңгейіне дейін жеткізбеу үшін осы "қоңырауларды" және алғашқы белгілерді дер кезінде көре білуі қажет. Тағы бір себеп ретінде, жоғарыда айтып өткенімдей, тәрбие мәселесін атауға болады. Қазір ата-аналар балаларын тым қатты еркелетіп, бетімен жібереді. Оларға бәрін рұқсат етіп, бәріне ерік береді де, ересектерді сыйлау, құрметтеу және олардың сөзіне құлақ асу сияқты дәстүрлі отбасылық құндылықтарды естен шығарып алады. Қазір біз жасөспірімдермен қарым-қатынаста басқаша қоғамға айналдық, олар ересектермен тең дәрежеде сөйлеседі. Бұл бір жағынан жақсы да шығар, бірақ "алтын ортаны" таба білу маңызды. Иә, біз адамдар мұғалімге тіс жарудан қорқатын кеңес одағы дәуірінен кеттік. Қазір қоғам да, уақыт та басқа, бірақ соған қарамастан, біздің менталитетімізді ескере отырып, Батысқа ғана еліктеп, бәрін тең қоюдың қажеті жоқ. Осы мәселеде "алтын ортаны" табу керек, бұл – қоғамдық және әлеуметтік деңгейдегі ауқымды сұрақтар", – дейді Қызжібек Салалдинқызы.
Бұдан бөлек, психолог Қызжібек Құлматова мұндай оқыс оқиғалардан кейін ұстаз бойында терең психологиялық жарақат қалатынын ерекше атап өтті. Маманның пайымдауынша, бұл жағдай мұғалімнің кәсіби сенімділігіне селкеу түсіріп, оның эмоционалдық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Осы орайда ол педагогтар үшін тек академиялық білім берумен шектелмей, оқушының ішкі әлеміне, оның өмірінде болып жатқан өзгерістер мен отбасылық жағдайына жіті көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды. Баланың мінез-құлқындағы ауытқулардың себебін дер кезінде аңғару – мұғалім мен оқушы арасындағы сенімді нығайтып қана қоймай, болашақта агрессияның алдын алуға мүмкіндік береді.
"Жасөспірім ұстазға физикалық немесе моральдық тұрғыдан шабуыл жасаса, бұл жағдай бір күнде немесе бір сәтте туындамайтынын түсінуіміз керек. Оған дейін де баланың жағдайы мәз емес екенін, отбасында қиындықтар барын білдіретін "қоңыраулар" мен белгілер міндетті түрде болады. Бұл бірден байқалады. Әрине, кейде мұндай жайлар жасырын болуы мүмкін, бірақ психологтар мен ұстаздар балаға жіті назар аударып, тек өз пәнімен шектелмей, оған көңіл бөлуі тиіс. Оның кіммен араласатынын, немен айналысатынын, мектептен кейін қайда баратынын және үйінде бәрі дұрыс па – соны білуі керек. Өйткені көбіне педагогтар баладан жай ғана "Жағдайың қалай?" деп сұрауды ұмытып кетеді. Иә, бұл – педагогтардың басты мәселесі, бәлкім, бұл мемлекеттік деңгейдегі түйткіл шығар: мұғалімдерді тек пән бойынша білім беруге міндеттеп, жүктемені тым асырып жібереді. Ал кейде балаға қарапайым ғана назар аударып: "Көңіл-күйің қалай? Бүгін мазасыздау көрінесің, ұйқың қанбады ма? Бәрі дұрыс па?" деп сұрау жеткілікті. Ұстаздар, өкінішке қарай, осындай маңызды нәрселерді естен шығарып алады. Бұл – мұғалімдердің шектен тыс жұмысбастылығынан туындаған үлкен мәселе. Тағы да қайталап айтамын: мұндай оқиғалар бір күнде пісіп-жетілмейді. Педагог үшін агрессияның нақты көрінісіне жеткізбей туындаған алғашқы белгілерді көре білу өте маңызды. Осы сәтте психологты, әлеуметтік педагогты немесе басқа да мамандарды тартып, алдын алу жұмыстарын дер кезінде бастау қажет", – деп қосты Қызжібек Құлматова.
Бұған қоса, маман ұстаздардың кәсіби қызметіндегі ең үлкен қауіптің бірі – эмоциялық қажып-күю екенін алға тартып, ұстаздарды өз психологиялық саулығына бейжай қарамауға шақырды. Оның айтуынша, үнемі жоғары жауапкершілік пен стрестік жағдайда жұмыс істейтін мұғалімдердің ішкі ресурсы таусылғанда, бұл тек жұмыс сапасына ғана емес, оқушылармен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізеді. Маман мектеп әкімшілігі мен қоғамды ұстаздар үшін қолайлы моральдық орта қалыптастыруға үндеп, мұғалімнің эмоционалдық тұрақтылығы – мектептегі қауіпсіз әрі берекелі климаттың кепілі екенін атап өтті. Психологтың пайымдауынша, мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан бақытты сезінгенде ғана, ол балаға сапалы білім мен дұрыс тәрбие беріп, кез келген жанжалды парасаттылықпен шеше алады.
"Негізінде, ұстаздықтың өзі эмоциялық қажу қаупі өте жоғары салаға жатады. Сондықтан мұнда мұғалімнің өз жұмысына "жұтылып" кетпеуі өте маңызды. Яғни, педагогтың өмірінде жұмыстан бөлек отбасы, хоббиі, демалысы мен жеке қызығушылықтары сияқты басқа да салалардың жүзеге асқаны абзал. Әрине, мұның бәрін үйлестіру өте қиын екенін түсінемін, бірақ жұмысқа басымен кіріп кетпеу үшін адам өзін тұлға ретінде өмірдің басқа арналарында да көрсете білуі керек. Сонымен қатар, эмоциялық қажудың алдын алу шараларымен айналысуы қажет. Бұл – түрлі медитациялар, тренингтер және дене практикалары болуы мүмкін. Мысалы, сол баяғы йоганың өзі ішкі кернеуді өте жақсы басады. Әрине, бұл бір күнде шешілетін шаруа емес және қажу басталғанша 20 жыл күтудің де қажеті жоқ. Алдағы уақытта эмоциялық тұрғыдан таусылмау, шаршамау және жұмысқа деген сүйіспеншілікті жоғалтпау үшін осы айтылғандармен тұрақты түрде айналысқан жөн. Жалпы, қазіргі заманауи мектептердің әрқайсысында бір емес, бірнеше психолог жұмыс істейді. Педагогикалық ұжыммен жұмыс істеу – олардың тікелей міндетіне жатады. Өйткені мұғалім де – білім беру процесінің маңызды мүшесі. Біз білім беру немесе мектеп туралы сөз қозғағанда, тек балаларды ғана назарда ұстамауымыз керек. Бұл – "оқушы, мұғалім және ата-ана" атты біртұтас үштік. Тиісінше, біз осы процеске қатысушы әрбір мүшемен жұмыс істеуіміз қажет. Яғни, жұмыс тек балалармен ғана емес, ата-аналармен де, мұғалімдермен де тең дәрежеде жүргізілуі тиіс", – деп түсіндірді Қызжібек Құлматова.
Оқи отырыңыз: Мектеп директоры өмір бойы атқаратын лауазым емес – оқу министрі Жұлдыз Сүлейменова
Мұнымен қоса, клиникалық психолог бүгінгі қоғамдағы ең өзекті екі мәселеге – ұстаздардың заң алдындағы қорғансыздығы мен отбасындағы тәрбие институтының әлсіреуіне баса назар аударды. Оның айтуынша, заңнамалық база мұғалімнің құқығын толық қорғай алмағандықтан, ұстаздар қауымы түрлі психологиялық және физикалық қысымдарға жиі тап болып отыр.
"Тағы бір өте маңызды мәселе бар. Неліктен біз мұғалімдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық туралы жиі айтатын болдық? Себебі заң жүзінде де, іс жүзінде де педагогтарымыз тиісті деңгейде қорғалмаған. Қандай да бір жағдай орын алса, көбіне оқушы мен оның ата-анасы, яғни отбасы жауапкершіліктен тыс қалып жатады. Бала өзінің әрекеті үшін, мейлі ол балағаттау, айқайлау, мұғалімге зат лақтыру немесе оның ар-намысына тию болсын, ешқандай жазаланбайтынын жақсы түсінеді. Өкінішке қарай, бұл – үйдегі тәрбиенің салдары. Егер өткен кезеңдегі педагогикаға үңілсек, сынып жинау, кезекшілік ету немесе еңбек арқылы тәрбиелеу қалыпты жағдай еді. Осы "еңбек терапиясы" арқылы бала бойында педагогқа деген шынайы құрмет пен оның еңбегін бағалау қасиеті қалыптасатын. Ал қазіргі көзқарас қандай? Мұғалім – жай ғана қызмет көрсетуші тұлғаға айналды. Әсіресе, жекеменшік мектептерде "біз ақша төлеп отырмыз, олар бізге қызмет береді" деген түсінік белең алған. Әрине, мен ешбір мамандықты кемсіткім келмейді, бірақ мұғалім – ол даяшы немесе сатушы емес. Менің жеке пайымдауымша, мұғалім – "Ұстаз" деген ұлы атқа лайық, қоғамның беткеұстар элитасы болуы тиіс. Ол тек өз ісінің маманы ғана емес, мәртебесі биік тұлға ретінде қабылдануы шарт. Қазіргі таңда мұғалімге "қызметші" ретінде қарау – үлкен қателік. Дәрігерлер сияқты, мұғалімдер де қоғамның жоғарғы сатысында тұруы керек. Егер қоғамда осындай үрдіс қалыптасса, ата-ана да, бала да мұғалімге құрметпен қарай бастайды. Сонда ғана зорлық-зомбылық тоқтайды. Бұрын бала мектепке шақырылудан сескенетін, ал қазір олар ештеңеден қорықпайды, өйткені жазасыз қалатынын біледі. Керісінше, қазір мұғалімдер өз орнынан айырылып қалудан қорқатын болды. Демек, педагог құқықтық тұрғыдан қорғансыз. Бұған ата-аналардың жауапсыздығы мен олардың бойындағы тәрбиенің таяздығын қосыңыз. Егер ата-ана мұғалімді "қызметші" деп санаса, баладан не талап ете аламыз? Ал егер отбасында "ұстаздың сөзі – заң, оны тыңдау және құрметтеу міндет" деген ұстаным болса, бала да солай өседі. Бәрі отбасынан басталатыны сондықтан", – деп қорытты психолог Қызжібек Құлматова.
Дәл қазір оқушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана зиян келтіру") бойынша іс қозғалғаны белгілі. Мектеп директоры Гүлмира Қайнарбаеваның айтуынша, тергеу жүріп жатқандықтан, оқушы басқа мектепке ауыса алмайды. Тергеу аяқталған соң іс сотқа жолданады.
Сондай-ақ, оқушыны профилактикалық есепке қою және ата-анасының жауапкершілігін қарау жоспарланып отыр. Оқиғадан кейін мектеп директоры тәртіптік жазаға тартылды. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі әлеуметтік желіде тараған "мұғалімдерден ақша жинау" туралы ақпаратты ресми түрде теріске шығарды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:26
Эта новость заархивирована с источника 18 Мая 2026 15:28 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас

"Мәселе заңның мәтінінде емес, оның іс жүзінде қалай орындалып жатқанында және жергілікті жердегі құқықтық мәдениеттің төмендігінде болып тұр. "Педагог мәртебесі туралы" заңның жұмыс істеп тұрғаны рас: мұғалімді қорлағаны үшін айыппұл салынады, ал лауазымды тұлғалар ұстаздарды өз міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккені үшін жауапқа тартылады. Алайда бұл шаралар негізінен әкімшілік сипаттағы (тіл тигізу, құрмет көрсетпеу) бұзушылықтардың алдын алуға ғана бағытталған. Ал баланың кенеттен пайда болатын агрессиясы мен дене жарақатын салу сияқты ауыр жағдайларды тоқтатуға бұл заңның қауқары жете бермейді. Сонымен қатар отандық сарапшылар атап өткендей, заңның тиімділігі көбіне мұғалімдердің өз құқығын қорғауға деген дайындығына және жергілікті шенеуніктердің адалдығына тікелей байланысты. Заң – қорған, бірақ адамды біреуді сыйлауға мәжбүрлеп үйрету мүмкін емес", – деп түсіндірді Ирина Смирнова.
"Шамалған ауылындағы мектепте болған оқиғаға бейжай қарау мүмкін емес. Бұл – қоғамға берілген маңызды белгі. Мен бұл мәселеге Мәжіліс депутаты ретінде де, көп жыл білім саласында еңбек еткен адам ретінде де алаңдаймын. Мектеп – бала өзін қауіпсіз сезінетін, ұстазға сеніммен қарайтын орта болуы тиіс. Ал оқушының мұғалімге қол көтеруі – сол сенім жүйесіне түскен сызат. Бұл жерде тек бір баланы айыптап, мәселені жаба салуға болмайды. Кез келген әрекеттің түбінде тәрбие, орта, үлкендердің қарым-қатынасы жатады. Бала құрметті, жауапкершілікті, шекараны отбасынан және қоғамнан үйренеді. Егер біз үлкенге құрмет көрсетуді әлсіздік деп қабылдай бастасақ, ертең оның салдары әлдеқайда ауыр болады. Сонымен қатар, эмоцияға беріліп, кек пен жазаға ғана сүйену де дұрыс шешім емес деп санаймын. Қылмыстық іс қозғалғаны – заң аясындағы қажетті қадам. Бірақ мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты, тәрбиелік жұмысты және қоғамдағы ұстаз мәртебесіне деген көзқарасты күшейтуіміз керек", – деді Нұргүл Тау.
"Педагог мәртебесі туралы" заң – мұғалімдердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейткен маңызды құжат. Заң аясында педагогтің ар-намысына нұқсан келтіру, қызметіне кедергі жасау немесе күш қолдану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай фактілер бойынша кінәлі тұлғалар жауапқа тартылып, айыппұлдар салынуда. Сондықтан мәселе заңның әлсіздігінде емес, оның орындалуына және қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетіне байланысты. Біріншіден, кейбір жағдайларда дауды диалог арқылы емес, эмоциямен шешу үрдісі байқалады. Екіншіден, жекелеген фактілер уақытында жария етілмей, мұғалімдер құқық қорғау органдарына жүгінбей жатады. Үшіншіден, ата-ана мен мектеп арасындағы сенім мен серіктестіктің әлсіреуі де түсініспеушіліктердің ушығуына әсер етеді. Білім басқармасы педагогтерге қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Әрбір жағдай бойынша мұғалімге құқықтық қолдау көрсетіліп, істің объективті қаралуы бақылауға алынады. Сонымен қатар, мектептерде медиация және психологиялық қызметтердің жұмысы күшейтілуде. Заң толыққанды жұмыс істеуі үшін әр педагог өз құқығын қорғаудан қорықпауы керек, ал мектеп басшылығы оған нақты қолдау көрсетуі тиіс. Ең бастысы – ұстазға деген құрметті қоғамның ортақ құндылығы ретінде нығайту", – дейді Венера Сембекқызы.
"Бүгінгі таңда агрессия – бұл бедел дағдарысы мен цифрлық диссоциацияның нәтижесі:
"Жасөспірімнің агрессивті мінез-құлқына әсер ететін бірқатар фактор бар. Біріншіден, бұл кезеңде бала физиологиялық тұрғыдан өте осал болады: оның организмінде, соның ішінде гормоналды және жүйке жүйесінде ауқымды қайта құрылу процестері жүреді. Жасөспірімдер өте сезімтал келеді, эмоциялары тым астам, бірақ оны қалай тізгіндеу керектігін әлі білмейді. Сондықтан, ең алдымен, есейіп келе жатқан баланың сезімталдығы мен осалдығына әсер ететін физиологиялық себептерді ескеру қажет. Екінші себеп – отбасылық фактор. Мұнда тәрбие стилі мен үй ішіндегі зорлық-зомбылықтың бар-жоғы маңызды рөл атқарады. Егер баланың тұлғасы үйде еленбесе, оған құрмет көрсетілмесе, ол мұның есесін мектептегі ересектерге агрессия көрсету (проекциялау) арқылы қайтаруы мүмкін. Сондай-ақ ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы қиындықтар мен теріс үлгілер де балаға тікелей әсер етеді. Бұдан бөлек, қазіргі әлеуметтік желілер мен онлайн кеңістіктің дәуірінде жасөспірімдер көзбе-көз араласу дағдысынан айырылып барады. Олар бұрынғыдай бір-бірімен тығыз байланыс орнатуды, бірлесіп ойнауды немесе еркін коммуникация құруды ұмытқан. Оларға телефонға үңіліп, желі арқылы хат жазысу немесе ойын ойнау әлдеқайда оңай. Демек, бұл – коммуникативтік фактор, себебі қазіргі балалар өзара тіл табысу мен байланыс орнатуға шорқақ", – деп түсіндірді клиникалық психолог.






Самые читаемые


















