Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Эксперты Нацбанка скорректировали прогнозы по инфляции

Убийство семьи в Атырау: хакера детектива начал разыскивать Интерпол

На подготовку к зимней Олимпиаде в Казахстане потратили свыше 13 млрд тенге: на что их направили

Легенда с перевала Байбура

Несанкционированное собрание устроили в Астане: задержали женщин и журналиста

В какое время лучше пить кофе и завтракать

Тела двух казахстанцев обнаружили на металлургическом комбинате в Череповце

Пенсионерка скончалась от переохлаждения в Петропавловске

Снег пообещали сегодня в Алматы

Стоит ли покупать жилье сейчас, рассказали эксперты в Казахстане

Выбрать госномер для авто по своему желанию теперь можно онлайн в Казахстане

Сорвался громкий титульный бой в UFC

Протесты в Иране какова ситуация с казахстанскими студентами

Factory mistake sends ‘Cry Cry Horse’ toy viral

Добраться до аэропорта в Алматы можно будет на новом автобусном маршруте

В МИД Казахстана приняли замглавы МИД Ирана

Сборная Казахстана по хоккею U18 готовится к ЧМ в Стамбуле

Заболеваемость корью резко выросла в Жамбылской области

Баурсаком только любоваться!

Показывала фальшивые чеки об оплате: подозреваемую в мошенничестве арестовали в Алматы

"Арыз бар, араша жоқ". Сталкинг туралы заң Нұрай Серікбайды неге аман алып қалмады

"Арыз бар, араша жоқ". Сталкинг туралы заң Нұрай Серікбайды неге аман алып қалмады

Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Шымкенттегі 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімі еліміздегі сталкинг мәселесінің қаншалықты қауіпті екенін және жүйенің дәрменсіздігін тағы да ашып көрсетті. Марқұм тірі кезінде құқық қорғау органдарына бірнеше мәрте көмек сұрап жүгінгеніне қарамастан, қорғаусыз қалып, ақыры өзін аңдыған "сталкердің" қолынан қаза тапты. Бүгінде қара жамылған отбасы Нұрайды жер қойнына тапсырып, ендігі кезекте әділдік орнауын талап етіп отыр. Жақындары күдіктінің "психологиялық ауытқуы бар" деген сылтаумен жауапкершіліктен құтылып кетуінен қауіптенеді. Сондықтан олар бұл қылмыстың қоғам бақылауында болып, кінәлінің ең ауыр жазаға тартылуы үшін халықтан қолдау сұрап отыр.

Оқиғаға қатысты туындаған үлкен резонанстан кейін Ішкі істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады. Министрлік полиция қызметкерлері тарапынан дер кезінде шара қолданылмағаны туралы арыздар бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қазақстандықтар "ертең Нұрайдың күйін кешеміз бе?" деп қорқып, өз басынан өтіп жатқан қудалау оқиғалары туралы жаза бастады. 

Нұрай Серікбайдың қасіретті тағдыры: Таныстықтан – өлімге дейін

Нұрай Серікбай мен күдікті 2024 жылдың жазында танысқан. Нұрай Алматыда "Сән және дизайн" мамандығы бойынша оқитын озат студент еді. Көп ұзамай 28 жастағы жігіт оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды, бірақ Нұрай одан үзілді-кесілді бас тартады. Өз қалауымен келісім ала алмаған жігіт 2025 жылдың қазан айында Нұрайды еркінен тыс алып қашады. Алайда Нұрайдың туыстары полицияның көмегімен қызды жігіттің үйінен алып кетіп, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресми арыз түсіреді. Кейінірек Нұрай "енді мазаламаймын" деген уәдесіне сеніп, жігітті кешіреді. Күдікті қудалауды тоқтатпай, Нұрайды телефон арқылы қорқытып, үйінің подъезінде аңдып жүрген. Қыздың ата-анасы қалалық прокуратура мен полиция департаментіне бірнеше рет шағымданғанымен, құқық қорғау органдары тарапынан нақты шара қолданылмаған.

Шымкентке қысқы каникулға келген Нұрай 11 қаңтар күні кешкісін тәтті пісірмек болып үйінің жанындағы дүкенге ұн алуға шығады. Төлеметов көшесіндегі үйінің маңында аңдып тұрған күдікті оны ұстап алып, сөйлесуге мәжбүрлейді. Нұрай бас тартып, қашпақ болғанда, жігіт оны қуып жетіп, асқан қатыгездікпен пышақтай бастайды. Бейнебақылау камераларына түскен кадрларда Нұрайдың соңына дейін қарсылық көрсеткені көрінеді. Ресми емес деректер бойынша оған 11 жерден пышақ сұғылған. 21 жастағы студент ару алған жарақаттарынан оқиға болған жерде көз жұмды.

Қылмыскер оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Шымкент полициясы оны бір жарым тәулік бойы іздеп, 13 қаңтар күні қаладан 10 шақырым жердегі ашық алаңда қолға түсірді. Дәл осы күні Нұрайды өзі туып-өскен Түркістан облысы, Төрткүл ауылында жерледі. Пышақ іздері мен ауыр жарақаттардың көптігінен туыстары оны арулап жуындырудың өзі қиын болғанын айтты. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалып, күдікті тергеу изоляторына қамалды. Нұрайдың анасы қылмыскерге ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр.

"Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасына Серікбай Нұрайдың қаза болуына байланысты тіркелген қылмыстық істі Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне беру туралы өтінішхат жолдадым. Іс қоғамда резонанс тудырып отыр. Осыған байланысты ол объективті, сапалы және созбалаңсыз тергелуі тиіс деп санаймын. Оған қоса, Тергеу басқармасында тәжірибесі мол, білікті тергеушілер шоғырланған. Бұл жайт қылмыстық істің толық, жан-жақты түрде тергелуіне септігін тигізеді. (...). Тергеушіге іс бойынша бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы өтінішхаттар келтірдім. Сталкинг фактісі жайлы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесін қосымша айтатын боламын", – деп жазды адвокат. 

Марқұм Нұрайдың туған ағасы Сұлтан Серікбай қатты қиналып жүргенін және істі соңына дейін жеткізу үшін бар күшін салатынын айтты. 

"Негізі көп жылай бермейтін адаммын, ұл бала мықты болу керек деген сенім бар. Бірақ соңғы күндері көзімнен тоқтаусыз жас ағып көл болды. Жүрек пен жанға қылыш тыққандай сезімдемін. Менің арманым сол пышақты маған тықса екен деп тілеймін бір Құдайдан. Ішім ашитыны "жауыздықпен" өлтіргені. Нәп-нәзік қызды солай қорлауға бола ма? Ешкімнің басына түспесе екен, сол үшін қазірден бастап бәріміз бір жұдырықтай жиналып "Әділдікті" талап етуіміз керек! Мұны сезіну маған ауыр тиеді, өмір сүрудің өзі азап болып тұр. Басқа адамдардың мұндай қасіретті бастан кешуін қаламаймын, сондықтан бұл іс "Әділдіктің" бар екенін көрсетуі тиіс. Біз бей-жайлық танытпай, бізден қорғау мен қолдау күтетін "әйелдер қауымын" аялап, қорғай білуіміз керек. Мәселенің "жария етілуінің" арқасында бізге қала сыртында қолға түскен қылмыскердің суреттері мен ұсталу сәтінің толық видеолары келіп жатыр. Сондықтан біз тоқтап қалмай, "Әділдікке" қол жеткізуіміз қажет. Сіздерге сенемін және қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын", – деп жазды Нұрайдың туған ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде. 

Психолог Эльвира Ергалина Төрткүлде осыған ұқсас жағдайдың осымен үшінші жыл қайталанып отырғанын жазды. 

"Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай біздің ауылдың перзенті. Төрткүл ауылымның жыл сайын бір қызы ер-азамат қолынан аяусыз қаза тауып жүр, биыл үшінші жыл, үш төрім. Үшеуі де резонанс туғызған. Аядай ғана ауыл, қыздарының басына бір зұлмат келгендей. Құрбандар. Қыз-тағдырдың аяусыз үзілгені өкінішті. Эхх, Төрткүлім...", – деп жазды психолог Эльвира Ергалина. 

Марқұмның танысы Бекарыс күдіктіге "ақыл-есі дұрыс емес" деген диагноз қойылып, ол жазадан сытылып кете ме деп қорқып отырғанын жазды. 

"Менің танысым Нұрайды айуандықпен өлтіріп кетті. Егер біз үнсіз қалсақ, қылмыскерді "жүйкесі ауру" деп танып, бірнеше жыл ғана емдеуге жіберіп, кейін бостандыққа шығарып жіберуі мүмкін. Мұндайдың орын алуына жол бере алмаймын. Оқыңыздар және барынша таратыңыздар!" – деп жазды марқұмның танысы. 

ҚР Ішкі істер министрлігі 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Шымкент полициясында қызметтік тексеру басталғаны туралы хабарлады. Мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында бойжеткенді өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды. Полиция қызметкерлері тарапынан дер кезінде тиісті шара қолданылмағаны туралы барлық деректер мен арыздар бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. 

"Өлтіріп кетпейді ғой, неге желіге жариялайсың?"

Қызылорда қаласының тұрғыны Жазира Қуанышбай жүйелі түрдегі қудалау мен психологиялық қысымның соңы қайғылы қазамен аяқталса да, құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмысы әлі де сын көтермейтінін айтады. Осы орайда ол соңғы күндері өзінің де дәл осындай қауіптің құшағында жүргенін айтып, дабыл қақты.

Жазираның айтуынша, жарты жылдан бері бейтаныс адам өзін аңдып жүр.

"Нұрайдың басынан өткен қайғылы оқиға қазір менің де өмірімде қайталанып жатыр. Қызылорда қаласында тұрамын. Осы уақытқа дейін полиция мен прокуратураға екі-үш мәрте арыз жаздым. Қазір көшеге жалғыз шығудан қалдым, барар жеріме тек адамдармен бірге барамын немесе амалсыз "102" арнасына хабарласамын. Алайда құзырлы органдардан еститінім тек бір ғана жауап: "Әзірге тірісің ғой". Прокуратура мұндай істермен айналыспайтынын айтып, арызымды полицияға сілтей салды. Ал полиция бөліміне барып, заңдағы тиісті бапты көрсетіп, мені аңдып жүрген адамның барлық дерегін қолына ұстаттым. Аңдып жүрген сәті түсірілген фото және видео айғақтардың бәрі бар. Соған қарамастан, іс "қылмыс құрамы жоқ" деп танылып, номенклатуралық негізде жабылып қалды. Сонда мен де Нұрай сияқты – Құдай сақтасын – өлім сағатымды күтіп отыруым керек пе?

Мен қашан қорықпай, емін-еркін жүре аламын? Бұл жағдайдың жалғасып жатқанына жарты жыл болды. Ол адам күн сайын үйім мен жұмысымның алдына келіп тұрады. Тіпті мені танитындардың бәрі оны да танып алды. Менің қалайтыным – тек өз үйіме қорықпай, аман-есен қайту. "e-Otinish" порталы арқылы екі рет шағымдандым. Полиция мен прокуратураға барып, қолымдағы барлық дәлелді көрсеттім. Тұрғылықты жерім мен жұмыс орным бойынша учаскелік инспекторлардың бәрі бұл жағдайдан хабардар. Өміріме қауіп төніп тұрғанын айтып, көмек сұрадым. Бірақ берілген жауап біреу: "Қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ". Бұл жауапсыздықтан әбден шаршадым. Нұрайдың қазасынан кейін үрейім тіпті үдей түсті. Қазір адамның ойына не келіп, не кететінін болжау мүмкін емес. Өте қорқынышты", – деп жазды Жазира Қуанышбай желідегі жазбасында. 

Оқи отырыңыз: Шымкенттегі 21 жастағы бойжеткеннің өлімі: ІІМ тергеу барысын өз бақылауына алды

Жәбірленушінің айтуынша, оның Threads желісіндегі жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырғаннан кейін ғана полиция өкілдері хабарласып, барлық түсініктемені қайта жаздырған. Сонымен қатар, Жазира Қуанышбай күдіктінің туыстары тарапынан өзіне психологиялық қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, жақындары "ол сені өлтіріп кетпеді ғой, мұны неге желіге саласың" деген сияқты пікірлермен оқиғаның қауіптілігін жоққа шығаруға тырысып жатыр.

"Маған істің тіркелгені немесе қандай да бір іс-шаралар жүргізіліп жатқаны туралы ешқандай ресми хабарлама келген жоқ. Тек кеше қалалық ішкі істер бөлімінен келіп, мені алып кетті де, барлық түсініктемені басынан қайта жаздық. Бұл жолы қылмыстық іс қозғалатынына сендіргендей болды. Алайда, оқиғаны әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін туыстары менің ата-анама шығып: "Ол өлтіріп кетпейді ғой, мұны неге көпшілікке жариялады?" – деп қарсылық білдіріп жатыр", – деді Жазира Қуанышбай Informburo.kz тілшісіне.

Қызылорда облысы бойынша полиция департаменті Жазира Қуанышбай дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді. 

"Сталкинг дерегі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сталкинг – заңнамаға сәйкес адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау. Осындай деректер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз", – деді Қызылорда облысы бойынша полиция департаментіндегілер.

Полиция "сталкинг бойынша" арызды қабылдамаса не істеу керек?

Қылмыстық кодексте сталкингке қатысты арнайы баптың пайда болуы – маңызды қадам болғанымен, ол әлі де құрбандарды толыққанды қорғауға қауқарсыз болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, заңның қағаз жүзіндегі күші мен оның іс жүзінде орындалуы арасында үлкен алшақтық бар. Бұл, ең алдымен, құқық қорғау органдарының жаңа норманы қолданудағы тәжірибесіздігі мен ескірген жұмыс тәсілдерінен туындап отыр. Осы орайда, гендерлік теңдік және гендерлік экономика бойынша сарапшы Айгерім Құсайынқызы ҚК 115-1-бабы қылмыстың алдын алуға неліктен қауқарсыз болып отырғанын түсіндірді.

"Бұл – өте жаңа норма. Ол 2024 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енді. Сондықтан практикалық деңгейдегі тренингтер, нақты алгоритмдер мен ведомствоаралық жауапкершілік тетіктері бірден іске асып кетпеді. Сталкинг көбіне бір реттік эпизод емес, белгілі бір жүйелілік (pattern) және бақылау мен қысым көрсету (coercive control) логикасымен жүреді. Алайда полиция әлі де "бір реттік факт" іздеуге негізделген ескі ойлау жүйесімен жұмыс істейді. Нәтижесінде қауіптің өршу кезеңі ескерусіз қалады. Тәуекелді бағалау мен шұғыл қорғау құралдары қатар қолданылмаса, баптың өзі ғана профилактикалық нәтиже бермейді. АҚШ деректері де сталкингтің кең таралғанын және оның ауыр психоэмоциялық салдары барын растайды. Баптағы санкциялар (айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамау – ред. түсіндірмесі) тәуекел деңгейі төмен адамдарға ескерту болуы мүмкін, бірақ агрессивті сталкерлерге әсері әлсіз. АҚШ-тағы зерттеулер бойынша, фемицид және фемицидке талпыныс оқиғаларының басым бөлігінде алдын ала сталкинг пен харассмент болған. Демек, жазаның қатаңдығы ғана емес, тәуекелді ерте бастан бағалау маңызды. Заңды "бәріне бірдей қатаң" етпесе де, бірнеше арнамен қудалау, қорғау нұсқамасын бұзу секілді ауырлатушы (aggravating) факторлар арқылы санкцияларды қатаңдату логикасы тиімдірек", – деп түсіндірді Айгерім Құсайынқызы Informburo тілшісіне. 

Сталкингке қатысты заңнамалық база қалыптасқанымен, оны іс жүзінде қолдануда түйткілдер аз емес. Әсіресе, полиция тарапынан жүйелі қудалауды "ұсақ бұзақылық" немесе "тұрмыстық мазалау" ретінде бағалау тенденциясы әлі де басым. Сарапшы бұл жағдайды құқық қорғау жүйесіндегі танымның таяздығымен байланыстырады. Оның пайымдауынша, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арыз жазумен ғана шектелмей, заңда қарастырылған нақты қорғау тетіктерін талап ету маңызды.

"Бұл – бюрократиядан бұрын, құқық қолдану тәжірибесінің әлсіздігі. Сталкингті "құқық бұзушылық емес, жай ғана мазалау" деп тану – үлкен қателік. Бұл қылмыстың дәлелі ретінде жинақталған дәйектемелер жүруі тиіс: хабарламалар, қоңыраулар, аңду және қорқыту ишаралары. Қазіргі жүйе құрбанның өзінен "дәлелдердің толық пакетін" талап етеді, бұл – алдын алу стандартына қайшы. Полиция арызды қабылдамаса немесе іс қозғамаса, арыздың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуін талап ету қажет. Бұл – тергеудің басталу нүктесі. Екіншісі – прокурорға шағымдану, әрі қарай тергеу судьясына Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабы тәртібімен полицияның әрекетсіздігіне шағым түсіру. Үшінші қадам – қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін параллель түрде қорғау шараларын (protective measures) сұрау, мысалы, жақындауға тыйым салу тетігін қолдану туралы өтініш беру. Іс жүзінде restraining order, яғни жақындауға тыйым салу тетігі бізде бар. Қазақстанда "қорғау нұсқамасы" қолданылады және ҚПК-де де жақындауға тыйым салу секілді шектеулер қарастырылған. Жүйелі шолулар мен мета-анализдер көрсеткендей, егер бұл шектеулер бұзылған жағдайда жедел әрекет ету және мониторинг жүйесімен байланысқан болса, оның тиімділігі едәуір жоғарылайды", – деді сарапшы. 

Оқи отырыңыз: Айгерім Құсайынқызы: "Бишімбаев ісінен кейін Қылмыстық кодекске "әйел өлтіру" деген бап енгізілуі қажет

Айгерім Құсайынқызының пайымдауынша, сталкингті тек жеке бап ретінде емес, ауыр қылмыстардың алғышарты немесе құрамдас бөлігі ретінде қарастырудың маңызы зор. Нұрай Серікбайдың өлімі секілді қайғылы жағдайларда қылмыскердің бұған дейінгі жүйелі аңду әрекеттеріне құқықтық баға берілсе, жазаның салмағы да арта түспек. Алайда, бұл жерде тек полицияның жұмысы емес, жәбірленушіге жақындары тарапынан көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қолдаудың да рөлі орасан. 

"Теориялық тұрғыда мүмкін. Егер сталкинг дербес қылмыс құрамы ретінде дәлелденсе, қылмыстардың жиынтығы бойынша қосымша саралануы ықтимал. Егер ол қорқыту, бопсалау, жеке өмірге қол сұғумен қатар жүрсе, заң қосымша квалификацияға жол береді. Практикада бұл дәлелдеме жинау сапасына тіреледі: егер жүйелі аңду (pattern) дәлелденсе, бір баппен шектелу міндетті емес. Туыстардың "өзің кінәлісің" деген қысымы жәбірленушіні арыздан бас тартуға, медиацияға немесе "үнсіздік келісіміне" итермелейді. Бұл қылмыстық әділеттің дәлелдемелік траекториясын бұзып, қылмыскердің жазасыз қалуына немесе қауіптің одан әрі өршуіне алып келеді", – деп түсіндірді Айгерім Құсайынқызы. 

Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар сталкинг мәселесіндегі ең үлкен қателік – оны "тұрмыстық деңгейдегі мазалау" деп жеңіл бағалау екенін алға тартады. Шын мәнінде, жүйелі қудалау – бұл жәбірленушінің еркіндігін шектеп, оны толықтай бақылауда ұстауға бағытталған агрессияның түрі. Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін адвокат Дана Ақәділқызы Threads әлеуметтік желісінде бұл қылмыстың табиғаты мен құқық қорғау жүйесіндегі олқылықтар туралы пікір білдірді. 

"21 жастағы қызды ұзақ уақыт бойы сталкинг жасап, психологиялық қысым көрсетіп, соңында өмірін қию – бұл бір сәттік эмоциямен жасалған әрекет емес, бұл – қадағалаудың, қорқытудың, бақылаудың, меншіктеуге ұмтылудың нәтижесі. Яғни, бұл жерде алдын ала қалыптасқан қылмыстық ниет бар. Сталкинг – "жай мазалау" емес. Бұл – адамның қауіпсіздігіне, еркіндігіне, психикалық денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Егер ол дер кезінде тоқтатылмаса, дәл осындай қайғылы жағдайларға әкеледі. "Құқықтық тұрғыдан: Мұндай әрекеттерге құқық қорғау органдары ерте кезеңде құқықтық баға беруге міндетті еді; Қорғау нұсқамалары, шектеу шаралары, профилактикалық бақылау формалды емес, нақты қолданылуы тиіс; "Отбасылық/жеке мәселе" деген желеумен көз жұма қарау – қылмысқа жол ашу; Заңда сталкинг үшін нақты әрі қатаң жауапкершілік болуы тиіс және ол қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Ал бұл істің әділ, ашық және қатаң жазамен аяқталуы – қоғамдық әділеттілік талабы. Бұл махаббат емес – қылмыс: 21 жастағы қыздың өліміне апарған сталкинг", – деп жазды адвокат Дана Ақәділқызы. 

"Шын ғашық пен сталкердің басты айырмашылығы – "жоқ" деген жауапты қабылдау қабілетінде"

Сталкинг құбылысын тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, оның тереңде жатқан психологиялық табиғатын түсіну — агрессордың әрекетін болжау және құрбанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Көп жағдайда қоғам "мазасыз ғашық" деп қабылдайтын бұл әрекеттердің артында клиникалық бұзылыстар немесе патологиялық мінез-құлық жатуы мүмкін. Сталкердің портреті мен оның ойлау жүйесіндегі ауытқулар туралы психиатр Бейбарыс Жайлаубаев Informburо тілшісіне айтып берді. 

"Сталкинг – бұл жеке психиатриялық диагноз емес және ол халықаралық аурулар тізілімінде өз алдына ауру ретінде көрсетілмеген. Бұл – патологиялық мінез-құлық үлгісі, яғни бір адамды оның еркінен тыс қайта-қайта аңду, бақылау және мазалау әрекеттерінің жиынтығы. Дегенмен, сталкинг көбіне нақты психикалық бұзылыстардың симптомы ретінде көрініс табуы мүмкін. Мұндай әрекеттердің артында бірнеше себеп тұрады: біріншісі – психозбен байланысты сталкинг, мұнда адам "ол мені сүйеді" деген секілді сандырақ сенімдерге (эротомания) беріліп, өз әрекетін дұрыс деп санайды. Екіншісі – тұлғалық бұзылыстар, мұнда адам өзге біреуді бақылау арқылы өзін растауға тырысады және "жоқ" дегенді түсінбейді. Үшіншісі – әлеуметтік сталкинг, бұл адамның мінез-құлқындағы обсессивті ойлар мен эмоцияға тәуелділіктің нәтижесі. Шын ғашық пен сталкердің басты айырмашылығы – "жоқ" деген жауапты қабылдау қабілетінде. "Сәтсіз ғашық" бас тартуды мойындап, уақыт өте келе сабырға келсе, сталкер бәрібір өз дегеніне жететініне сеніп, аңдуын жалғастыра береді. Олар үшін бастысы махаббат емес, бақылау. Құрбаны одан қашқан сайын, бақылауды жоғалтып жатқанын сезіп, агрессияға басады. Ең қауіптісі – сталкерлер өз әрекетінің қауіпті екенін сезінбейді, олар өз қылығын "қамқорлық" немесе "сүйіспеншілік" деп ақтап алады. Сондықтан олар өздігінен маманға бармайды және емделмейді", – дейді маман. 

Оқи отырыңыз: Tozbe қосымшасы қыздар мен әйелдерді зорлықтан қалай қорғайды?

Сталкинг тек сыртқы қауіп қана емес, ол – адамның ішкі жан дүниесін қажытып, қалыпты өмір сүру мүмкіндігінен айыратын ауыр психологиялық соққы. Көп жағдайда жәбірленушілер өздерін кінәлап, үрей құшағында қалып қояды. Бұл ретте психиатр Бибарс Джайлаубаев сталкингтің жәбірленуші психикасына тигізетін зардаптарын сипаттап, агрессормен қарым-қатынас орнатудың қауіптілігі туралы сөз қозғады. 

"Сталкингке ұшырау – жәбірленушінің психикасы үшін созылмалы травма. Ол көбіне посттравмалық стресс бұзылысына әкеледі: адамда тұрақты үрей, ұйқының бұзылуы, депрессия және өзін кінәлау сезімі пайда болады. Мұндай оқиғалар жарияланғанда, бұрын зәбір көрген жандарда "келесі кезек менікі болуы мүмкін" деген ұжымдық үрей оянады. Психиатриялық тәжірибе көрсеткендей, сталкермен кез келген диалог жағдайды ушықтырады, өйткені ол мұны "үміт бар" деп қабылдайды. Сондықтан ең тиімді тактика – байланысты толық үзу, қатаң шекара қою және барлық әрекетін құжаттап, құзырлы органдарға хабарлау. Тек эмоциямен емес, нақты шекарамен ғана қауіпті азайтуға болады", – деп түсіндірді Бейбарыс Жайлаубаев.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:96
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 16 Января 2026 20:11
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Эксперты Нацбанка скорректировали прогнозы по инфляции

15 Января 2026 21:01see191

Убийство семьи в Атырау: хакера детектива начал разыскивать Интерпол

15 Января 2026 23:43see189

На подготовку к зимней Олимпиаде в Казахстане потратили свыше 13 млрд тенге: на что их направили

15 Января 2026 18:48see186

Легенда с перевала Байбура

15 Января 2026 02:12see183

Несанкционированное собрание устроили в Астане: задержали женщин и журналиста

15 Января 2026 15:43see181

В какое время лучше пить кофе и завтракать

16 Января 2026 04:57see178

Тела двух казахстанцев обнаружили на металлургическом комбинате в Череповце

15 Января 2026 09:09see177

Пенсионерка скончалась от переохлаждения в Петропавловске

16 Января 2026 06:51see175

Снег пообещали сегодня в Алматы

15 Января 2026 06:05see165

Стоит ли покупать жилье сейчас, рассказали эксперты в Казахстане

15 Января 2026 15:15see165

Выбрать госномер для авто по своему желанию теперь можно онлайн в Казахстане

15 Января 2026 14:25see160

Сорвался громкий титульный бой в UFC

15 Января 2026 18:28see159

Протесты в Иране какова ситуация с казахстанскими студентами

15 Января 2026 12:18see159

Factory mistake sends ‘Cry Cry Horse’ toy viral

16 Января 2026 04:32see152

Добраться до аэропорта в Алматы можно будет на новом автобусном маршруте

15 Января 2026 18:28see148

В МИД Казахстана приняли замглавы МИД Ирана

15 Января 2026 20:25see141

Сборная Казахстана по хоккею U18 готовится к ЧМ в Стамбуле

15 Января 2026 20:30see139

Заболеваемость корью резко выросла в Жамбылской области

15 Января 2026 21:43see138

Баурсаком только любоваться!

16 Января 2026 04:01see136

Показывала фальшивые чеки об оплате: подозреваемую в мошенничестве арестовали в Алматы

15 Января 2026 20:21see136
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня