ЖИ министрі жаңа заң аясында дипфейк жасаушылар қалай жазаланатынын түсіндірді
Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беріп, "Жасанды интеллект туралы" заңнама аясында дипфейк жасаушылар мен таратушылар үшін қандай жаза түрлері қарастырылғанын түсіндірді.
Заңға сәйкес, ЖИ жүйелерінің иелері мен меншік иелері пайдаланушыларды тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ЖИ жүйелерін пайдалану арқылы өндірілетіні немесе ұсынылатыны туралы хабардар етуге міндетті. Аталған талапты сақтау жауапкершілігі ЖИ жүйелерінің иелеріне немесе меншік иелеріне жүктеледі.
"Заңда ашықтық, жауапкершілік, дербес деректерді қорғау қағидаттары бекітіліп, азаматтардың саналы мінез-құлқына әсер етуі немесе зиян келтіруі мүмкін манипулятивтік функциялары бар ЖИ жүйелерін жасауға және пайдалануға тыйым салынады. Бұдан бөлек, Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу жобасы әзірленді. Атап айтқанда, ЖИ туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін 641-1-бапты енгізу ұсынылады. Ол бойынша контент авторлары оның жасанды интеллект көмегімен жасалғаны туралы ескертуі қарастырылады", – деді министр.
Жаслан Мәдиетің мәліметінше, дипфейктер үшін айыппұл мөлшері 15-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленеді. Қайталап құқық бұзған жағдайда санкциялар күшейтіледі. Жеке тұлғалар үшін қайталанған құқық бұзушылық 30 АЕК айыппұл салуға әкеледі, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 200 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін және тиісті ЖИ жүйесінің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қарастырылған.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:64
Эта новость заархивирована с источника 04 Декабря 2025 12:37 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















