Оралда Таза Қазақстан акциясы аясында жастармен кездесу өтті
Как передает Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Newtimes.KZ.
Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграралық-техникалық университетінің студенттерімен ақпараттық-түсіндірмелік кездесу өтті.
Шараның мақсаты — жастарға экологиялық бастамалардың мәнін түсіндіру, табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптастыру және өңірдегі экологиялық жобалар туралы кеңірек ақпарат беру.
Кездесуге БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшы орынбасары Нұрсұлтан Чапайұлы жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Ол табиғатты аялау, әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы керектігін айтып, студенттерді белсенділікке шақырды.
Экологиялық бастамаларға қатысу — қоғамға нақты үлес қосудың тиімді жолы екенін жеткізіп, жастарды өз ортасында экосауаттылықты арттыруға шақырып, сөзін қорытындылады.
Кездесу барысында студенттер тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, жасыл жобаларға қатысу, сенбіліктер мен экологиялық науқандарда волонтер болу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды.
Сонымен қатар, өңірдегі өзекті экологиялық мәселелер талқыланып, оларды шешуге бағытталған бастамалар жөнінде ұсыныстар айтылды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Студенттер өз ойларын ортаға салып, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған жаңа идеяларымен бөлісті.
Мұндай ақпараттық жұмыс жастардың табиғатты қорғау саласына деген қызығушылығын күшейтіп, олардың азаматтық белсенділігін нығайтуға ықпал етті.
Мәтін: БҚО жастар ресурстық орталығы
Другие новости на эту тему:
Просмотров:92
Эта новость заархивирована с источника 19 Марта 2026 12:56 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















