Амазониядағы орман өрті мен Антарктида мұзының еруінің арасында қандай байланыс бар
Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Бразилия Антарктидаға толықтай экологиялық әрі ғылыми экспедиция ұйымдастыруды көздеп отыр. Ғалымдар құрлықтың тереңінде орналасқан "Криосфера-1" зертханасына бамақ. Бұл станцияда жүргізілген зерттеулер Амазония ормандарындағы өрттер мен Антарктида мұздарының еруі арасындағы байланыс барын дәлелдеген.
Brasil 247 жазуынша, Амазониядағы өрттерден шыққан қара көміртек бөлшектері атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтеріліп, ауа ағындарымен Антарктидаға жетеді және мұз қабатына шөккен. Бұл мұздың тығыздығын азайтып, оның тезірек жылынуына және еруіне себеп болған. Ғалымдар бұл деректер орманды заңсыз кесуге және өрттерге қарсы күресті күшейтудің маңызды екенін көрсетіп отырғанын айтады.
Сонымен қатар, Антарктидада табылған күл-қождың шамамен 50 пайызы өңірде жүретін круиздік лайнерлерден шыққаны анықталған.
Экспедиция 2025 жылдың соңына – 2026 жылдың басына жоспарланған. Антарктидаға төрт зерттеуші барады. Коммерциялық әуе рейстері, жүк және полярлық кемелер, сондай-ақ қар көліктерін қамтитын логистикалық операцияның көмірқышқыл газының қалдығы толық есептеліп, шамамен 9 тонна шығарындылар болатыны анықталды. Бұл көлемді Бразилия Атлантикалық орманында 200 көшет отырғызу арқылы толығымен өтеу жоспарланып отыр. Ағаш отырғызу жұмыстарына жергілікті қауымдастықтар мен студенттер қатысады, бұл жобаның әлеуметтік әсерін кеңейтеді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:65
Эта новость заархивирована с источника 01 Декабря 2025 10:14 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















